2016-06-15 (0) (8341)

Анама сыйлық

Анама сыйлық

 

Әсия әкесінің мектепке барарда күнделікті берілетін ақшаға тағы ақша қосқанын естігенде қатты қуанды. Және анасынан әкесінің неге бұлай шешкенін сұрады. Анасы:

– Саған бұрын беріліп жүрген ақша өте аз, керегіңді алуға жетпейді. Міне, бірнеше күннен бері мектептен аш қайтып жүрсің, – деді. Мұны естіген күйеуі әйеліне жымия қарап, оның қызына не айтқанын сезді. Бірнеше күн өткен соң Әсияның мектептен ашығып келгенін тағы да байқағанын көрген әкесі:

– Неге тамақ алып жемедің? Егер ақшаң жетпей жүрсе, қосып берейік, – деді. Сонда қызы:

– Жоқ, әкешім, керегі жоқ, сіз берген ақша жеткілікті, – деп жауап берді.

Алайда, ата-анасы бірнеше күн өткен соң ақшасының көптігіне қарамастан, мектептен ашығып келетін қызын бөлмеге шақырып сөйлеспек болды. Ал, Әсия, сөмкесінен әдемі тастан жасалған екі сырғаны шығарып шешесіне берді де:

– Әлемдегі ең қымбат ана, мұны сіз алыңыз, – деді. Анасы қызын құшақтап, сыйлығына алғысын жаудырды.

Сонда әкесі бәрін түсініп:

– Бұл өте жақсы іс, Әсияжан. Бірақ, бір ай бойы аш жүріп, өзіңе берілген ақшаны сыйлық үшін сақтағаның дұрыс емес. Егер менен көмек сұрасаң, беретін едім, деді. Қызы әдеппен:

Әкетайым, сүйікті анам үшін барлық қиыншылыққа дайынмын. Оның маған жасаған қызметін өтеу үшін өзімдегі ең қымбат нәрсені де қиюға әзірмін, – деді.

 

 

8341 рет оқылды