09:45 | Ем болсын

БІЗ ТУРАЛЫ

 «Асыл арна» рухани-ағартушылық телеарнасы  2007 жылы қыркүйек айында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің тікелей қолдауымен студия ретінде құрылған. 2008 жылы маусым айында Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат Министрлігінің Ақпарат және Мұрағат Комитетінде Бұқаралық ақпарат құралы (БАҚ) ретінде тіркелді (куәлік № 9467 – Э). Бастапқы кезеңде телеарна өз өнімдерін Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында «Alma TV», «Секателл», «Digital TV», «ICON», т.б секілді кабельдік жүйелер арқылы  таратқан. Бүгінгі таңда арна ақпараттары барлық кабельдік және сандық желілер, OTAU TV отандық спутник желісінің тегін пакеті арқылы Қазақстан Республикасының барлық аймағына таратылып, ғаламторда онлайн түрде 24 сағат бойы қызмет көрсетуде.

 

 

         Телеарнаның мақсаты – бейбітшілік пен төзімділікті, мейірімділікті насихаттайтын  асыл дініміздің құндылықтарын сөз етіп, ұлттық болмыс, салт-санамызбен қатар өрілген дәстүрлі дініміздің қағидаттарын көрермендерге жеткізу. Ұлттық және адамзатқа ортақ адамгершілік құндылықтарды, мұсылмандық ұстындарға сүйенген моральдық негіздерді насихаттау.

 

 

         «Асыл арна» 2013 жылдың қыркүйек айында ел тарихында тұңғыш болып қажылық маусымында күн сайын Мекке қаласынан тікелей эфир таратты. Және бұл ізгі шараны әлі күнге дейін қолға алып келеді. 2015 жылы шілдеде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті, ҚМДБ және «Асыл арна» телеарнасы арасында үш жақты меморандумға қол қойылды. Бүгінгі таңда аталмыш үш тарап бірлесе қызмет атқаруда. Арна ұжымы бүгінде өз көрерменіне танымдық, тағылымдық сипаттағы бірнеше бөлімді бағдарламалар мен бірнеше сериялы көркем және деректі фильмдерді ұсынуды жолға қойды, түрлі әлеуметтік тақырыптарды қамтитын роликтер жасауда үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

 

 

Хабарлар екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

 

 

Арна қазіргі таңда ғаламтор беттеріндегі барлық әлеуметтік желілер (mail.ru, facebook, вконтакте, twitter, instagram)  мен видеопорталдар (youtube, kiwi.kz, rutube, asyltube) арқылы ақпарат таратады. Ғаламторда ақпарат тарату белсенділігі мен сапасына сәйкес әлемдік Klout сараптама жүйесі бойынша алғашқы үштікке енген.

 

 

https://vk.com/asyl_arna

 

https://www.facebook.com/asylarna

 

https://twitter.com/asylarna

 

https://www.instagram.com/asylarna/

 

https://www.youtube.com/channel/UCvRHIVcvL4NOPGusQq6EUfQ

 

Таратылу уақыты: тәулік бойына.

 

 

Телеарнаның бас директоры: ақын, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тазабек Мұхамеджан Оразбайұлы.

 

 

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Чемолганская көшесі, 14Б.

 

 

Электронды мекен-жайы: www.asylarna.kz 

email: asylarna@gmail.com

Телефон/факс: 8(727) 381-39-75