Ислам діні балаға мағынасы дұрыс, естір құлаққа жағымды, көркем ат қоюға шақырады. Сондықтан балаға есім беру – аса жауапкершілікті іс. Тіпті, Ибн Аббас (оған Алла разы болсын) айтқандай, баланың әкесіндегі үш хақысының бірі саналады.
Жақсы есім – баланың болмысына, тұлға болып қалыптасуына тікелей әсер етеді. Оған өзінің есімінің артықшылықтарын айтып, өзімен аттас тұлғалардың өмірі, жеке қасиеттері туралы жиі айтып отырған жөн. Сонда ізгі қасиеттер баланың бойына да даритын болады.
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сәбилерге пайғамбарлардың есімдерін беріңдер және ең жақсы есімдер – Абдулла және Абдурахман, ең шыншылдары – Харис және Һаммам, ал ең жиіркеніштілері – Харб және Мурра» деген болатын. (Муслим, Ахмад).
Айта кетейік, Харис – «егінші» (яғни, әркім жақсы-жаман амалының өнімін арғы дүниеде алу үшін бұл дүниеде егінші іспеттес өмір сүреді), Һаммам – «қам жасаушы» (әр адам осы дүниесін не арғы дүниесін жақсарту үшін қам жасайды), Харб – «соғыс», ал Мурра – «ащы» (Ібілістің бір аты) деген мағынаны білдіреді.
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осылайша, әрдайым мағыналы, жақсы ат қоюға шақыратын. Мұның мәнін: «Сендер қиямет күні өз есімдеріңмен және әкелеріңнің есімдерімен шақырыласыңдар. Олай болса, балаға әдемі есім қойыңдар» деп түсіндіретін. (Әбу Дәуіт).
«Асыл арнаға» «Ат қоюға кеңес бересіздер ме?», «Қандай мұсылманша есімдер бар?», «Қыздарға қандай әдемі есімдер қоюға болады?» деген сауал-өтініштер жиі келіп түседі. Бүгін Алланың қалауымен, көптің өтінішіне жауап беруді жөн көріп отырмыз. Мұсылманша есімдер деген арнайы ұғым жоқ болғанымен, пайғамбарлардың (немесе Мұхаммед Пайғамбар айтқан есімдер), Алланың есімдерін, тарихи есімдерді, сахабалардың, одан кейін өмір сүрген ізгі адамдардың есімдерін қою әдетке айналып келеді. Яғни, мұсылманша есім дегеніміз – араб тіліндегі аттар емес. Бұл кез келген тілде болуы мүмкін. Төменде ең кең таралған осындай есімдерді жинақтауға тырыстық.
Ескерту: «Балаға Алланың көркем есімін беруге болмайды. Ол үшін есімнің алдына «Абд» қосымшасын (приставка) қою керек. «Абд» мағынасы – «құл». Мәселен, Абдулкарим болса – Жомарттың құлы, Абдурахман – Аса Мейірімдінің құлы т.б.
А
Абдуллаһ – Алланың құлы. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әкесінің есімі Абдуллаһ болған.
Абдурахман – Аса Мейірімдінің құлы. Көзі тірісінде Жәннатпен сүйіншіленген сахабаның бірі – Абдурахман ибн Ауф.
Аббас (Ғаббас) – қатал, қатаң.
Абдулхамид – Мақтаулының құлы.
Әли – биік, асқақ. Әли ибн Әбу Талиб – балалар арасында ең алғаш болып ислам (он жасында) қабылдаған, көзі тірісінде Жәннатпен сүйіншіленген сахаба. Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызы Фатиманың (оған Алла разы болсын) жары.
Әнас – қуанышты, жағымды, ақкөңіл. Он жасынан бастап Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үйінде тәрбиеленген сахабаның есімі – Әнас ибн Мәлик.
Аңсар – көмекшілер, қолдаушылар, жолсерік. Мединенің төл тұрғындары, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мен Оның сахабалары қоныс аударып келгенде, ислам дінін қабылдап, оларға пана тауып берген. Тіпті, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Басқа адамдар бір жолмен жүрсе, аңсарлар келесі жолмен жүрсе, мен аңсарлардың соңынан барар едім» деген болатын.
Ахмад (Ахмед) – мақтаулы, аса мақтаулы. Мұхаммед Пайғамбардың есімдерінің бірі.
Аюб (Айюп) – өкінуші, серт беруші. Құранда аталған Алла Тағаланың пайғамбарларының бірінің есімі.
Б
Бәкір – алғашқы, тез өсуші.
Ғ
Ғани (Абдулғани) – бай, есепсіз байлықтың иесі. Алла Тағаланың көркем есімдерінің бірі.
Ғафур (Ғаффар) (Абдулғафур, Абдулғаффар) – кешірімді. Алла Тағаланың көркем есімдерінің бірі.
Д
Дәуіт (Дәуд) – сүйікті, тартымды. Құранда аталған Алла Тағаланың пайғамбарларының бірі, Забур кітабы түсірілген елші.
З
Заид – өсуші.
Зәкария – Алланы еске алушы, нағыз еркек. Исраил қауымына жіберілген пайғамбар, Жақия пайғамбардың әкесі, әйелдердің ардақтысы Мәриям анамызды қамқорлығына алушы.
Зубеир – күшті, ақылды. Көзі тірісінде Жәннатпен сүйіншіленген сахабаның бірі – Зубеир ибн әл-Аууам.
Зиннур – екі нұрдың иесі. Көзі тірісінде Жәннатпен сүйіншіленген сахаба, үшінші халиф Осман ибн Аффанды Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) екі бірдей қызына үйленгені үшін осылай атаған.
И
Ибраһим – халықтардың әкесі. Құранда аталатын Алла Тағаланың пайғамбарларының бірі. «Алланың досы» деген лауазымға ие болушы, бір Аллаға бойсұнушы.
Ыдырыс – ынталы, білім алушы. Құранда аталатын Алла Тағаланың пайғамбарларының бірі.
Ілияс – Құдайдың құдіреті, ғажайып. Құранда аталатын Алла Тағаланың пайғамбарларының бірі.
И,Е, Ы
Иман – сенім мағынасын білдіреді.
Инсан – адам мағынасын білдіреді.
Ескендір – батылдарды жеңуші.
Ислам (араб.) – бейбітшілік, мойынсұну, бағыну.
Исмаил – «Алла өзі естиді» деген сөз тіркесінен шыққан. Ибраһим Пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) мен Ажар анамыздың ұлы, Құранда аталатын Алла Тағаланың пайғамбарларының бірі.
Ысқақ – жайдарлы, көңілді. Құранда аталатын Алла Тағаланың пайғамбарларының бірі.
Ықылас – шынайы. Ықылас сөзінің түбірі "Холис" деген сөзден шығады, яғни араб тіліндегі сөздік мағынасы «Холис» - «мұнтаздай таза» деген мағынаны білдіреді.
Ихсан – мейірімді, жақсы, мейірбандық танытушы, көмектесуші.
К
Карим (Абдулкарим)– жомарт. Алла Тағаланың көркем есімдерінің бірі.
Қасым – бөлуші, таратушы, әділетті. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ұлдарының бірінің есімі – Қасым.
Л, М
Лұқман (Лұқпан) – қараушы, қамқорлық танытушы. Құранда есімі аталатын ізгі адам, дана хакім.
Мәлік – Қожайын, Ие, Патша. Алла Тағаланың көркем есімдерінің бірі.
Мансур – жеңімпаз, жеңісті мақтау.
Мұзаффар – жеңімпаз жауынгер..
Мұкаддас – қасиетті, таза.
Мұса – ұл, сәби; судан табылушы. Құранда аталатын Алла Тағаланың пайғамбарларының бірі. Алла Тағала періштелердің қатысуынсыз тікелей сөйлескен, Тәурат кітабы түсірілген елші.
Муслим – мұсылман, Аллаға бойсұнушы.
Мұстафа – тегіс, жоғарыда тұрушы, ең жақсы, таңдаулы.
Мұхаммед – «мақталушы, дәріптелуші» деп аударылады, «ха-ми-да», яғни, мақтау, алғыс айту, дәріптеу етістігінен шыққан. Пайғамбарлардың мөрі әрі абзалы, Алланың сүйікті құлы, мұсылмандардың Пайғамбары – Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) есімі.
Мухсин – жақсылық жасаушы, көмектесуші.
Мұхтар – таңдаулы, таңдау еркі бар адам.
Н
Надир – сирек мағынасын білдіреді.
Нариман – мықты, мығым, сильный, берік.
Нұғман – кішіпейіл, берекелі, игілікті.
Нұр – жарық, жайнаған.
Нуриман – сенімнің (иманның) нұры.
Р
Раис – басшы, жетекші, қолбасшы.
Рамадан (Рамазан) – Мұсылмандар күнтізбесіндегі ораза ұсталынатын тоғызыншы айдың аты.
Рамиз – нышан, жақсылықты нышандаушы.
Расул – елші, елшілікке жіберілуші.
Ринат – жаңартылған, қайта туылған.
С
Сабир (араб.) – сабырлы.
Сабит – берік, адал, уәдесінде тұрушы.
Сабур – өте шыдамды, төзімді.
Садық – адал, шынайы; дос
Саид (араб.) – мырза, ақсүйек.
Салауат – қошеметтеуші, бата.
Салман – дені сау, уайымсыз.
Самат– мәңгілік, қолбасшы.
Самир – әңгімелесуші, әңгіме айтушы.
Сардар – бас қолбасшы, жетекші.
Сафа (араб.) – таза, шынайы. Қажылық рәсімдері атқарылатын таудың аты.
Сүлеймен – амандықта, саулықта өмір сүруші. Құранда аталатын Алла Тағаланың пайғамбарларының бірі.
Сұлтан – патша, мемлекет басшысы.
Т
Табрис – мұра, байлық; мақтаныш, ұлылық.
Омар – өмір, өмір сүруші. Екінші халиф, көзі тірісінде Жәннатпен сүйіншіленген сахабаның есімі.
Үміт – күтілуші, қаланушы; арман.
Ф
Фаиз – жеңімпаз, дегеніне жетуші.
Фаруқ – жақсы мен жаманды айыра алушы.
Фаттах – қайыр есіктерін ашушы, жеңімпаз. Алла Тағаланың көркем есімдерінің бірі.
Х
Хабиб – сүйікті, дос, жақсы көрілуші, қымбатты.
Хайдар – арыстан.
Ханиф – шыншыл, адал, шыншылдықты сүюші.
Харис – күзетші, қорғаушы.
Харун – бірбеткей, тәуелсіз.
Халим – жұмсақ, сабырлы, байсалды. Алла Тағаланың көркем есімдерінің бірі.
Хасан – жақсы, әдемі.
Хусеин – сымбатты, жақсы. Хасан мен Хусейн – Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүйікті немерелері. Алла Елшісі олар туралы: «Хасан мен Хусейн – Жәннаттағы жастардың көшбасшысы болады, ал әкелері олардан жақсы» деп айтқан. (Ибн Мәжаһ).
Ж
Жүніс – көгершін мағынасын білдіреді. Құранда аталатын Алла Тағаланың пайғамбарларының бірі.
Жақып – еруші, жолын қуушы. Құранда аталатын Алла Тағаланың пайғамбарларының бірі.
Жақия (др.-евр. – араб.) – жігерлендіруші, рухтандырушы. Құранда аталатын Алла Тағаланың пайғамбарларының бірі.
Қыздарға қойылатын есімдер:
А
Айла — ай секілді сұлу, аймен нұрланған.
Азиза — күшті, бағалы, қымбат, сүйкімді.
Ажар – жақсы, әдемі, бірегей. Ибраһим Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) жары, Исмаил пайғамбардың анасы, Зәм-зәм суы берілген ардақты әйел.
Аиша (араб.) — тірі, өмір сүруші. Мұсылмандар анасы, Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Пайғамбардың сүйікті әйелінің есімі.
Әлия (араб.) — асқақ, көрнекті.
Әмина — сенімді, адал. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) анасының есімі.
Амира — бұйрық беруші, ханшайым.
Аниса — жақын дос, жылы шырайлы, жайдары, жарқын.
Асма — биік, ұлы. Аиша анамыздың (оған Алла разы болсын) сіңілсі, Әбу Бәкірдің (оған Алла разы болсын) екінші қызы. Өз заманында ақылдылығымен, жомарттығымен танылған жүз жасаған сахаба әйел.
Д
Диляра — жанды қуантушы, барлығына сүйікті.
Дина — иман келтіруші, сенген, көзі жеткен.
Динара — алтын.
Дания — жақын; танымал, атақты.
Жуайрия – «жария» (қыз) сөзінің кішірейтілген формасы. Мұсылмандар анасы, Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелі.
З
Замиля — жолсерік, жолдас.
Замина — қамтамасыз етуші, кепілдік беруші, негіз.
Зульфия — бұйра шаштардың иесі; сүйкімді, тартымды.
Зухра — сәулелендіруші, таңғы жұлдыз.
Зейнаб (Зейнеп) – хош иісті ағаштың атауы. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелінің, туған қызының, немересінің (Фатима есімді қызынан) есімі Зейнаб болған.
Зәнжәбил – Жәннаттағы хош иісті дәмді өсімдік.
Ирада — қасиетті сыйлық.
К
Калима —шырын тілді, әңгімелесуші.
Камиля — мінсіз, ең жақсы.
Карима — жомарт, гауһардай қымбат, мейірбан.
Каусария (Кәусар) — молшылықта өмір сүруші; Жәннаттағы өзен.
Л
Латифа — мейірімді.
М
Маймуна – берекелі. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) соңғы әйелі.
Мадина —Медине қаласының атауынан шыққан.
Малика — патшайым, бұйрық беруші. «Ма-ля-кя» – билеу, болу бұйыру етістігінен шыққан
Мансура — жеңімпаз.
Марьям — сүйікті, жаны үйлесуші. Иса Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) анасы, Алла Тағаланың тазартып, күллі әлемдегі әйелдерден ардақты еткен құлы.
Муслима — мұсылман қыз, Аллаға бойсұнушы.
Мухсина — жақсылық жасаушы, салиқалы, таза.
Н
Надира (араб.) — салыстырылмайтын, сирек.
Нәзира — жайнаған, көңілді
Насима — көрікті, жұмсақ жүректі.
Нафиса — әдемі, биязы, мәртебелі, қымбат.
Нурия — жаны мейірімді, ашық жүзді, нұрлы келбетті.
Р
Рабиа — бәйшешек; төртінші.
Райян – дүниеде ораза ұстағандар кіретін Жәннат қақпаларының бірі.
Раиса (араб.) — жетекші.
Райхан — ләззат, рақат; өсімдік атауы.
Рауза — гүл бақшасы
Рұқия — таңғажайып, өзіне байлап қоюшы. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызының есімі.
С
Сабира — шыдамды, сабырлы.
Салима — дені сау.
Сания – екінші.
Сарра (Сара) —мәртебелі. Ибраһим Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) әйелі.
Сафия — таза, анық, шынайы, таңдаулы. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әпкесі, ержүрек сахаба әйел.
Сәлсәбил – Құранда аталған Жәннаттағы бұлақ.
Сумая — асқақ, биік. Дін жолында қаза болған тұңғыш мұсылман, сахаба әйелдің аты.
Т
Таухида — біріктіруші, негізін қалаушы.
Тасним – Жәннаттағы бұлақ.
Ф
Фатима — Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызы.
Х
Хабиба — сүйікті, жақын, қымбатты.
Халима (араб.) — жұмсақ, сабырлы. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүт анасы болған әйелдің есімі.
Халиса — адал, берілген, шыншыл.
Ханифа — турашыл, шыншыл.
Шамсия — күн секілді.
Жадра
Керемет есимдер.Озиме Аят жане Нур есимдери унайды.
1464413164
Айғаным
Амина,Алинур деген есимдер унайды
1468872755
Мадина Расул
Алла буйыртса озымнын балама Муслим кызыма Муслима деп коямын!!!
1469257108
Артыкбай
Менин 2 балам бар Каусар и Кайсар енди 3нши дуниеге келет Алла каласа соган осы екеуине уксас ат табалмай жатырмын комек тнсиниздер
1476191297
Райхан
Менің алланың берген екі ұлым бар енді үшіншісін Күтіп жатырмыз алла қыз берсе Райяна деп қойсам маған ұнады мағынасы күшті екен.
1481206123
سەرجان
әлй жане әбу деп қоисам қалаи әбу мағанасы не екен дешы
1483091846
Бегалы
Маган ул есимдерден: Ахмед, Касым, Али, Омар, Осман деген есимдер унайды, ал кыз есимдеринен Зере, Амина.
1484210737
Асылым
Менин 2 улым бар. Есимдери Бакнур, Алинур. Ушинши сабимди кутип журмин. Кыз болса ерекше есим кажет.
1484678798
Аида
көп көп рахмет Аллах жар болсын
1485680311
Айнур
Менин Мунира кызым Кудырет деген улым бар. Ушиншисин кутватым ул деген Кудыретке лаыйк кандай есим койсам екен
1486374421
Арайлым
Аянат деген есімді сіңіліме қойсам деп едім мағынасы Араб тілінен ийан - өз көзімен көру айқындылық, анықтық, ақиқат, шындық дегенді білдіреді екен жалпы Шариғат бойыншы рұқсат етіледі ма?
1488636144
Марлен
Улымнын есими Әбiлмансур 2шi улымнын есимин кауксастырып калай коямын?
1490811059
Гүлмира
Менің бір ұлым бар есими Али. Кудай каласа кыз кутип жатырмын мен Інжу койсам десем акесі Райана деп коямын дейді.
1490961318
Бақдəулет Нəбие
Муслим, Муслима деген есімдер ұнады
1492449956
Даулет
Қыз балаға қандай есім қойса болады?
1492666661
Асия
Менің 2 балдарым бар.Қызымның аты Нұрайлым ал ұлымның аты Абылай.Құдай қаласа қаласа үшіншіме аяғым ауыр.Үшінші қыз.Екеуіне ұқсатып қандай есім қойсам болады.Өтініш
1492695387
МАДИНА
Менің үш ұлым бар. Ердəулет, Нұрали, Бақдəулет. Бұйырса 8 жылдан кейін төртіншісін қыз деп күтіп отырмыз. Есімінің ерекше болғанын қалаймыз. Үш ұлдап кейінгі сағынып, аңсап күтіп отырғанымыз.
1494515208
Айжан
Менің 5 балаларым бар 3 ұл 2 қыз Диас Айдос Дарын Жансая Айдана.
1495599788
Жазира
Менин 4 улым бар енди алла каласа кыз кутудемин кандай есим койсам екен киели ораза айында
1496318828
Али
Румейса,Асия деген исламда тақуалығымен танылған аналарымыз бар.Аллах разы болсын керемет есімдер
1496576329
Меруерт
Маган Зиннур,Муслим деген есимдер унады.
1497120152
Жадра
Саламатсыздар ма! Ерали деген естм дурыс калай жазылады екен, билсениздер айтыныздаршы adilovna@inbox.ru
1497323110
Дильназ
Сəлеметсіздерме болашакта менин інім туылайын деп жатыр .Ініме Диас Мирас Нұртас деген аттарға ұқсас ас əріптерінен аяқталатын ерекшк есім қажет.Ол інім осы маусымның орта жақтары н/е аяқ жақтары туылады
1497645445
dilnaz
менің болашащта інім дүниеге келеді.Сондықтан маған Диас Мирас Нұртас есімдеріне ұқсас ас əріптерінен аяқталатын ерекше есім қажет.
1497645721
уатхан хонарбай
Ең әдемі қазақ қызына арналған есім қандай.
1498124495
Ранай Сарсенгал
Ерекше қыз есими керек
1498658208
Айдана
Менім бір ұлым бар оның аты тəуекел
1498824030
Улжан
Ескерту деп Аллах Тағаланың көркем есімдерін қоюға болмайды, алдына Абд приставкасын кою керек дейсіздер. Бірак аттардын арасында Мəлік деп қойыпсыздар.. Алланың көркем есімдерінің бірі деп. Ол дұрыс па əлде Абдумəлік болу керек па?
1498899765
Ділназ
Жақсы есімдер екен.Керемет!
1499426687
Узенбаев Азиз
Асаламугалекум бизде егиз кыздар туылды жума кухни Кандаи ат коисак болады
1499617023
гулмира
Улымнын аты Абдуррахим.буйртса екинши улым болып жатса Абдурахман деп коям
1500533909
Жулдыз
Менiн Альмира деген кызым бар, Алла буйырса екiншiсiн дуниеге алып келемiн, маган Мансур деген есiм оте жагымды естiлдI.
1502258109
Эльвира
Сəлеметсіздерме мен тұнғышымды күтіп журмін қыз бала мен қызыма заманға сай ат қойгым келеді бір жерден бір есім естіп калған едім меккеге байланысты есімнен шыгып турганы меккеге байланысты есім білсеніздер отініш айтып жіберініздерші Алла разы боьсын
1503692405
Лаура
Улкен улым Абдуррахман енди кызыма осыган уксастырып койгым келет
1505640293
Жанар
Меним биринши кызым атын Тасним деп коидым
1507435618
Мадияр Қызылбай
Сүйінші інілі болдым. Есімін қоюға көмектесіп жіберсеніздер барынша тезірек
1507627750
Төлеген
Шәмшеден деген есім қандай мағына береді ??
1509177068
Кулшат балтенова
Олген адамнын есимин жана туылган балага коюга болама?менин улымнын есимин кайынапкем солай койды иниси кайтыс болды сонын атын менин балама берди ол кисинин кандай адам болганын билмим бирак жас еди 35терде жасы
1532501431
Ерлан
Ассалаумагалейкум жамагат егиздерге есим керек адеми есим болса дим да ия
1533521437
айдана
екы улым бар Аллага шукыр есымдеры ЯСИН ИБРАХИМ
1533633201
Лаззат
Меним еки Нурила Жане Камиля деген кыздарым, Бейбарыс деген улым бар. 4 улым дуниеге келд. Есимин Бейбарыс агасына уксаттым келед. Таба алмай жатырмыз. Комектесесиздерма отиниш
1537092300
Даулет
Маган Асма есiмi катты унады.Уш кызым бар Аллаh берген.Айелiмнiн ягы ауыр.Каусар,Гауhар,Райяна.Тортiншiм кыз болса Асма деп койсам деймiн.Сiздерге Алла разы болсын!
1539337554
Айтолқын
Менің Алла берген уш қызым бар. Ақмерей, Нурсая, Раяна деген. Буйырса төртіншісін күтіп жүрмін, ішімде 5 ай болып қалды. Ұл дейді УЗИ. Соған әдемі мағыналы ат іздеп жүрмін. Муслим деген ат ұнады. Алинур, Алихан, НурИслам, НурИман, Расул деген аттар да жаксы. Соол енді қайсысын таңдасам екен деееп журмін. Ал сіздерге қандай аттар ұнайды?
1540297289
Мирас
Мен əке болдым қызымның атын Азима деп қойсам бола ма
1542964841
Абзал
Альхам есімің мағынасы қалай
1543160198
Несипкуль
Немереме ат издеп отырмын. Кызга комектесиниздерши.
1545969624
Дана
Менің қызыма қайын атам өзінің әжесінің атын қойды, ол кісі сол әженің бауырында болып мама деген, өз мамасын мойындамаған, енди бир киси атын өзгерту керек болмайды балага ауыр тиеди диди сол дурыс па, арипин не бир соз қосындар паспорт алганда дижи, сол дурыс, рас па?
1546599875
Галымжан Кашаганов
Ассаляму'алейкум бауырлар ұлымның атын Мұхаммед деп қойсам қалай болады өз ойларыңызды қоссаңыздар
1546962986
Диас
Маған Хасен Ислам деген аттар ұнайды
1547040641
Инкар
Менин агамнын аты- Нуртуган. Ал синилимнин аты -Гаухар.
1547834870
Жантөре Қасқырбай
Ассалаумағалейкүм. Қарындасыма Аллаһ қаласа. Фатима деп қояайын деп едім .асыл арна мағұлмат бересіздерме?
1549110288
Самира
Менің атым жоқ Сондай білгім келген өкінішті
1549134139
Адилхан
Менін екі ұлым бар.есімдері Торехан Муслим.ушинши улым дуниеге келді.атын мусылманша коисамба деп едім
1549329770
Аңсаған
Менің 4ұл1қызым бар.Бекзат Диана Ерзат Дінмұхаммед Расул өзіме ұнайды есімдері.
1549642835
Наргиза
МЕНІҢ ҚЫЗЫМ аяулым екі ұлым бар Сұлтан Сырым
1552224510
Муxтарова Замзагуль
Сәлеметсіздерме!!! мен 5 балам дүниеге келеді. Маған Әл-Ғазиз есімі ұнап жүр. Мағынасын түсіндіріп бересізбе?
1554437117
Жубанова Жанар
Саламатсыз ба жолдасым улымызга Мухаммед деп ат койды солай коюга бола ма
1554566431
Айзада
Маған егіз қыз бен балаға есімдер керек еді?
1555067361
Jamar
Маган кыздарга есим айтынышы
1556242668