Әсия әкесінің мектепке барарда күнделікті берілетін ақшаға тағы ақша қосқанын естігенде қатты қуанды. Және анасынан әкесінің неге бұлай шешкенін сұрады. Анасы:
– Саған бұрын беріліп жүрген ақша өте аз, керегіңді алуға жетпейді. Міне, бірнеше күннен бері мектептен аш қайтып жүрсің, – деді. Мұны естіген күйеуі әйеліне жымия қарап, оның қызына не айтқанын сезді. Бірнеше күн өткен соң Әсияның мектептен ашығып келгенін тағы да байқағанын көрген әкесі:
– Неге тамақ алып жемедің? Егер ақшаң жетпей жүрсе, қосып берейік, – деді. Сонда қызы:
– Жоқ, әкешім, керегі жоқ, сіз берген ақша жеткілікті, – деп жауап берді.
Алайда, ата-анасы бірнеше күн өткен соң ақшасының көптігіне қарамастан, мектептен ашығып келетін қызын бөлмеге шақырып сөйлеспек болды. Ал, Әсия, сөмкесінен әдемі тастан жасалған екі сырғаны шығарып шешесіне берді де:
– Әлемдегі ең қымбат ана, мұны сіз алыңыз, – деді. Анасы қызын құшақтап, сыйлығына алғысын жаудырды.
Сонда әкесі бәрін түсініп:
– Бұл өте жақсы іс, Әсияжан. Бірақ, бір ай бойы аш жүріп, өзіңе берілген ақшаны сыйлық үшін сақтағаның дұрыс емес. Егер менен көмек сұрасаң, беретін едім, – деді. Қызы әдеппен:
– Әкетайым, сүйікті анам үшін барлық қиыншылыққа дайынмын. Оның маған жасаған қызметін өтеу үшін өзімдегі ең қымбат нәрсені де қиюға әзірмін, – деді.