МЕККЕНІ 10 ЖЫЛ БАСҚАРҒАН ҚАЗАҚ

МЕККЕНІ 10 ЖЫЛ БАСҚАРҒАН ҚАЗАҚ

Біліп жүргеніміз дұрыс болар, достар....

Абдолла қажы Сарыұлы Әл-Бұқари – Қазақтың екінші Бейбарыс сұлтаны. Араб елінде Бейбарыс сұлтаннан кейін, Сауд елі патшасының оң қол уәзірлігіне және Мекке қаласының әкімі лауазымына дейін көтерілген, Сауд-Арабия еліне «Еңбегі сіңген генарал», министр дәрежелі әскери басшы.

Абдолланың өз есімі – Шәкен Сарыұлы. 1927 жылы Қытайдағы өр Алтайдың Шіңгіл ауданында туған, Орта жүз Керей ішіндегі Сарбас руынан. 1940-жылы қазақты қынадай қырған дұңған Мафуфаңның талауына түсіп, 13 жасында туған елінен айырылып, саудагер ұйғырға сатылып кеткен. 1941 жылы сол ұйғырмен бірге Сауд-Арабияға барып, сонда қалған. Міне осылайша Бейбарыстың тағдырын қайталаған тағы бір алып тұлға өмірге келді.

Әкесі Сары атасы  Үрзікенің қол астында  балуан, батыр, өжет мінезді, елпек болып, ағасы Буратайдың ел басқаруындағы бас қолғанатына айналған. Әкесі Сары Үрзікеұлы, кең иықты, қапсағай денелі, Буратай ауылының 500 жылқысын шырғасын шығармай қайыратын мықты палуан екен.

Анасы Зәуке – Керей, Жәнтекей ішінде  Тасбике, атақты Әліп батырдың немере туысы Құсайын Тәйжінің қызы.  Қоңқақ мұрын, сарғыш келген, биік бойлы, қайратты да мығым әйел болған. Жастайынан еркекше киініп, жылқы баққан екен.

Әйелі Замзия – араб қызы.

Ұлдары: Байсал, Адынан, Әділ. Қыздары: Нәдия, Әбдісәм, Сәмия, Әриш.

Бұрынғы әйелінен туған бір қызы болған, есімі белгісіз.

Шәкен Сарыұлы 1941 жылы асырап алған ұйғыр әкесімен бірге Сауд-Арабия еліне келген.  1942 жылдан бастап Мекке қаласындағы жетім балалар үйінде тәрбиеленген.

1946 жылы Мекке қаласындағы Мемлекеттік Әскери Университетке қабылданады. Шәкен оқу бітіргесін Мекке қаласында жол сақшысы болып істеген. Кейін Шекара Қорғаныс армиясында, Шекара Қорғанысының  есірткімен күрес бөлімінде маңызды қызметте болады. Екі рет мемлекет тарапынан марапатталған. Атап айтқанда, «Ерекше еңбегі үшін» марапаты мен «Мемлекетке еңбегі сіңірген генарал» атағы беріліп, Министр дәрежелі әскери қызметкерге айналады.  Өткен ғасырдың 70-жылдары Мекке қаласының әкімі міндетін 10 жылға таяу атқарған кейін Сауд патшасының көмекшісі, уәзірі  қызметіне дейін көтерілген. 1992 жылы зейнетке шығып туған жері Баркөл Қазақ Автономиялы ауданына барып қайтты.

Өз өмірінде 39 мәрте қажылық еткен  Шәкен қажы Сарыұлы 2000 жылы Сауд-Арабияның Жидда қаласында 73 жасында дүниеден өтті.

Қазір белгілі болғандай: Шәкеннің 2 ұлы ұшқыш, бір ұлы Аднан Шәкенұлы Әл-Бұхари әкесінің жолын қуған жоғары лауазымды қызметте.

26249 рет оқылды