Отбасы 2017-01-06 (0) (419217)

БАЛАҢДЫ БӘЛЕ-ЖАЛАДАН САҚТА! (кеңестер мен дұғалар топтамасы)

БАЛАҢДЫ БӘЛЕ-ЖАЛАДАН САҚТА! (кеңестер мен дұғалар топтамасы)

Әрбір ата-ана перзентінің аман-сау, көркем мінезді, парасатты, салихалы, табысты, абыройлы болғанын армандайды. «Сенің табаныңа кірген тікен, менің маңдайыма қадалсын» деп жатса да, тұрса да ойынан тастамайды. Аздап ауыра қалса, жолы болмай жатса жанын қоярға жер таппайды. Дегенмен, осындайда, ата-анаға берілген үлкен нығметті естен шығарып алатындаймыз. Хадисте ата-ананың балаға жасаған дұғасының қайтарылмайтындығы айтылады. Яғни, перзентін бәле-жаладан сақтағысы келген кез келген ата-ана тәуіптің не емшінің есігін қақпай-ақ, шариғат көрсеткен дұғалармен өзі дем салып, сүннетте бұйырылған рәсімдерді атқарса жеткілікті екен. Адамға пана болушы – Алла, жамандықтан Қорғаушы – Жаратушы Иеміздің Өзі. Адам өмірін тек бақытқа толтыруды мақсат тұтатын ислам діні жамандықтан қорғайтын, жақсылыққа бастайтын жолды анық көрсеткен. Соның кейбіріне тоқталмақпыз.

 

1.     Жыныстық қатынасқа түсердің алдында зікірлер айту

 Баланы тіл-көз және шайтанның кесірінен сақтағысы келген адам бала пайда болмаған кезден амал жасауы қажет. Ибн Аббастың сөздерінен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Егер сендерден әлдебіреуің әйелімен жыныстық қатынас жасағысы келіп: «Алланың атымен. Я, Алла, бізді шайтаннан аулақ ет және Сенің бізге беретініңнен де (баладан) шайтанды аулақ ет», - деп айтса, әрі (сол) ерлі-зайыптыларға балалы болу нәсіп етілсе, шайтан ешқашан оған зиян тигізе алмайды”.

«Бисми Лләһи, Аллаһуммә, жәнниб-на-ш-шайтана уа жәнниби-ш-шайтана ма разақта-на».

 

2.     Сәби дүниеге келгенде анасының дұға жасауы

Адамзаттың қас жауы – лағынеті шайтан десек, онымен күрес сәби дүние есігін ашқан сәттен басталады. Әбу Һурайрадан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте былай делінген: «Әр сәби дүниеге келген сайын шайтан оны түртеді және бала шайтанның жанасуынан жылайды. Бұл Мәриям мен оның ұлынан басқалардың бәріне қатысты» (Бұхари, Муслим). Неге? Өйткені, Мәриямның анасы қызы дүниеге келген сәтте: «Оны және оның ұрпағын қуылған шайтаннан Сенің қорғауыңды тілеп, сыйынамын» деп дұға жасаған («Әли Имран» сүресі, 36-аят).

 

3.     Ақиқа – баладан зиянды аулақ етеді

 Ақиқа – перзент нығметі үшін Алла Тағалаға шүкір ету мақсатымен мал сою деген сөз. Ұл бала үшін екі, қыз бала үшін бір ақиқа малы сойылады. Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Әрбір ұл бала үшін – ақиқа, сол себепті оның атынан (мал) қан шығарып, одан зиянды аулақ етіңдер». (Бұхари).

 

4.     Салиқалы ұрпақ сұрайтын дұға

 Ибраһим Пайғамбардың дұғасы: «Роб-бидж-ъал-нии му-қиимәс со-лә-тии уәмиңң зур-ри-иәтии раббәнә уә-тәқаббәл ду-ъәә-и»

«Раббым! Мені және ұрпағымды намазды (барлық шарттарын сақтап, беріле) толық орындаушы ет. Раббымыз! Тілегімді қабыл ал!» («Ибраһим» сүресі, 40-аят).

Зәкәрия Пайғамбардың дұғасы: «Рабби хаб ли минләдунка зуррийатан тайибәтан иннәкә сами уддуаа» 

«Раббым! Маған Өз тарапыңнан бір игі ұрпақ сыйла. Анығында, Сен – тілекті Естушісің» («Әли Имран» сүресі, 38-аят).

 

5.     Балаға дем салу (қолыңызды балаңыздың басына қойып оқисыз)

·         Ø Құранның басы, беташары «Фатиха» сүресін 7 рет оқу:

o    «Фатиха»

Бисмилляhир-Рахманир-Рахиим (1) Альхамду лилләhи Роббиль ъаләмиин (2)  Ар-рахманир-Рахиим (3)  Мәлики-йяу-миддин (4)  Ийяка наъбуду уа ийяка  настаъиин (5) Иhдинас-сыроотоль мустақыим (6)  Ссыротоль-ләзина анъамта    ъаләйhим    ғойриль    мағдууби    ъаләйhим-уәләд-дооллиин (7) Амин.

 Мағынасы: Аса Мейірімді, Ерекше Рахымды Алланың атымен (1) Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббысы Аллаға тән(2)  Қамқор Мейірімді (3)  Қиямет Күнінің Иесі (4)  Саған  ғана құлшылық етеміз, әрі Сенен ғана жәрдем сұраймыз (5) Бізді тура жолға  сала  көр (6)  Нығметке  бөлендіргендеріңнің жолына, Ашуға ұшырағандардың  және  адасқандардың жолына емес (7)  Амиин.

·         Ø «Ықылас», «Фәлақ», «Нас» сүрелерін 3 реттен, «Аятүл Күрсіні» 3 рет оқу:

 

·         ·        «Ықылас»

     Бисмилләhир-Рахманир-Рахиим.  Қуль hуаллаhу  ахад (1). Аллаhу ссомад (2). Ләм ялид  уа ләм юләд (3) Уаләм якуль-ләhу куфуан ахад (4).

Мағынасы: : Аса Мейірімді, Ерекше Рахымды Алланың атымен.  (Мұхаммад (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)   оларға)  айт:  Ол  Алла  біреу-ақ  (1)   Алла  мұңсыз  (әр нәрсе Оған  мұқтаж.) (2).  Ол, тумады  да  туылмады, әрі  Оған  ешкім  тең  емес  (3)

 

·         «Фалақ»

     Бисмилләhир-Рахманир-Рахиим. Қуль аъуузу  бироббиль фалақо(1) Миңң шәрри мә холақо(2) Уәмиңң шарри ғоосиқын изәә уақаб (3) Уәмиңң шаррин-нәф-фәә-сәә-тифиил ъ-уқад (4) Уәмиңң шәрри хаасидин изәә хасад (5).

Мағынасы: : Аса Мейірімді, Ерекше Рахымды Алланың атымен. (Мұхаммад  (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)):  «Таңның Раббысына сыйынамын (1) Жаратқан нәрселеріңнің кесірінен (2) Қараңғылық басқан сәтте түннің кесірінен (3) Түйіншектерге дем салушылардың кесірінен (4) Күншілдердің кесірінен, ол күндеген сәтте (сыйынамын)»,-де. (5)

 

·         «Нас»

     Бисмилләhир-Рахманир-Рахиим. Қуль аъуузу биробин-нәәс (1) Мәликин-нәәс (2)  Иләәhин-нәәс (3)  Миңң шәррил уәс-уасиль-хон-нәәс (4) әльләзии  юас-уи-су фии судуурин-нәәс (5)  Мин әл-жиннати уән-нәәс (6).

Мағынасы: Аса Мейірімді, Ерекше Рахымды Алланың атымен. Адамдардың  Раббысына  (1)   Адамдардың Иесіне (2) Адамдардың Тәңіріне (3)  Сыбырлап азғырушылардың кесірінен (4) Сондай адамдардың көкейлеріне салатын (5)  Мейлі жыннан, мейлі  адамдардан болсын  сыйынамын (6).

·         «Аятүл Күрсі»

Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим. Аллаһу ләә иләәһә илләә һуәл-Хайюл-Қайюм, ләә тәхузуһу синәту уә ләә нәум, ләһу мәә фис-сәмәәуәәти уә мәә фил-ард, мән зәлләзии яшфа’у ’индаһу иллә би-изниһ, иа’ламу мәә бәйнә әйдиһим уә мәә халфаһум, уә ләә юхитууна бишәййм-мин ’илмиһи илләә бимәә шәә, уаси’а курсиюһус-сәмәуәти уәл-ард, уә ләә иәудуһу хифзуһумә уә һуәл-’Алиюл-′Азиим. 

Мағынасы: Аса Мейірімді, Ерекше Рахымды Алланың атымен. «Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, Ол Тірі, толық меңгеріп Тұрушы. Ол қалғымайды да, ұйықтамайды. Көктердегі және жердегі нәрселер Оның иелігінде. Оның алдында Оның рұқсатынсыз кім шапағат етеді? Ол оларға дейін болғанды да, олардан кейін не болатынынды да біледі, ал олар Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді. Оның Күрсиі (Алланың Күрсиі, Оның ‘Аршымен бір емес) көктер мен жерді қамтиды. Оған оларды қорғау ауыр келмейді және Ол - Өте Биік, Аса Зор («Бақара» сүресі , 255-аят). 

Айта кетейік, бұл сүрелерді тек қана бала ауырған кезде емес, күн сайын ұйқытар алдында оқыған абзал. Егер, үнемі балаларыңыздың жанында болмасаңыз, олардың өзіне үйретіп қойсаңыз нұр үстіне нұр. Егер, олардың шамасы келмесе «Лә иләһә илла Аллаһ», «Бисмилләһир-рохманир-рохим», «Әғузу билләһи минәш-шайтонир-рожим» деген сөздерді жаттатуға болады.

 

6.     Алладан пана сұрайтын дұға

Бұл дұғаны дем салудан кейін, бала сыртқа шығарда, қонаққа барғанда, кез келген уақытта жамандықтан Алладан пана сұрау үшін оқыңыз:

Ибн Аббастан (Алла әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)Хасан мен Хусейнді пана сұратып: «Шын мәнінде сендердің бабаларың (Ибраһим) мұнымен Исмаил мен Исхақты пана сұрататын: «Әъузу би кәлимәтилләһит тәммә, мин кулли шайтанин уә һәммәһ, уә мин кулли ъайнил-ләммәһ (Әрбір шайтаннан және улы жәндіктерден, сондай-ақ әрбір сұқ көзден Алланың кәміл сөздерімен пана сұраймын)» деп айтатын»,-деген. (Бұхари).

 

7.     Ер адамның өз отбасы мүшелері ауырған кезде дем салуы

 

Айшадан (оған Алла разы болсын): «Алла Елшісі  біреуіміз ауырсақ, оны оң қолымен сипап: «Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс(и), уәшфи, Әнтәш-Шәфи, лә шифә’ә иллә шифә’укә, шифә’ән лә йуғадиру сақама(н) (Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа бер, Сен – шипа берушісің, Сенің шипаңнан басқа шипа жоқ. Ауруды қалдырмайтындай шипа бер)», – деп айтатын.

Айшадан (оған Алла разы болсын). Алла Елшісі «Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс(и), бийәдикәш-шифә(у), лә кәшифә ләһу иллә Әнт(ә) (Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа Сенің қолыңда, Сенен өзге оны кетіруші жоқ)» (деген) сөзбен дем салатын ( Муслим).

 

8.    Ауырған жерді қолмен уқалап отырып дем салу

Айша (оған Алла разы болсын):  «Алла Елшісі  өзінің жанұясында сырқаттанған адамның көңілін сұрап, ауырған жерін оң қолымен уқалап отырып: «Я, адамдардың  Раббысы Алла сен – Шипа Берушісің, Сенен басқа жазылмайтын аурудан Айықтырушы жоқ, оның қайғысын кетіріп, шипа бер» деп айтатын»- деген. /Азхибил-баъса, Раббаннаси, шфи уа Анташ-Шафи, лә шифаъа шифъука шифаъан лә йуғадиру сакаман!/ (Бұхари, Муслим).

 

9.     Баланы кесірден ауру-сырқаудан сақтау үшін

Баланы кесірден ауру-сырқаудан сақтау үшін  кешке Жер бетінде жындар таралатын уақытта өзіңе жақын ұстау қажет. Жәбирдің сөздерінен (Алла оған разы болсын) Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Балаларыңды түн басталарда (күн батар шақта) өздеріңе жақын ұстаңдар, өйткені, расында, осы уақытта жер бетінде шайтандар таралады, ал біраз уақыт өткеннен кейін балаларды жіберулеріңе болады. Әрі түнде үйіңнің есіктерін Алланың атын зікір етіп жауып жүр, шамшырағыңды да Алланың атын айтып өшір, әрі торсығыңды Алланың атын еске алып байла, және ыдысыңды да Алланың атын еске алып жап, ал егер оны жабатын еш нәрсе болмаса, оның үстіне көлденеңінен бір нәрсе қой» (Бұхари, Муслим).

 

10.    Намаз – балаңызға ең ұлы қорған!

 

Алла Тағала былай деді: «Үй-ішіңді намазға бұйыр және өзің де оны сабырлылықпен орында. Біз сенен ризық тілемейміз. Өткені Біз Өзіміз сені ризықтандырамыз. Соңғы табыс тақуалықта» («Та Һа» сүресі, 132-аят). Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Балаларыңа жеті жастан бастап намаз орындауды бұйырыңдар, ал он жастан бастап оқымаса, оларды осы үшін ұрыңдар, әрі оларды ұйқыға бөлек жатқызыңдар» (Ахмад, 2/180; Абу Дауд, 495). Намаз – барлық арсыздықтан тыюшы, тілек тілеудің көпірі. Яғни, намаз оқитын балаңыз, Алланың қорғауында болып, түрлі бұзақылықтардан аулақ жүреді, тазалықты сақтайды, лас жерден аулақ болады. Алла Тағаладан намазда тілек тілеп, армандары мен мақсаттарына қол жеткізеді.

419217 рет оқылды