Руханият 2015-08-19 (0) (74565)

Екі рәкәт намаз оқу үлгісі

Екі рәкәт намаз оқу үлгісі

 

Көпшілік адам «Бес уақыт намаз әр түрлі оқылады, оны бастау үшін бес уақыт намазды жаттауың керек» деп ойлайды. Бұл ойдың нәтижесінде намаз бастау өте қиын деген тұжырым шыға келеді. Жоқ, тіпті олай емес. Негізі 2 рәкәт намазды оқуды үйренгенің –  бес уақыт намазды үйрендім деген сөз. Себебі, бес уақыт намазда да сол 2 рәкәт үшін жаттаған сүрелер мен дұғалар қайталанады. Қалған намаздардың тек аты мен рәкәт санында ғана айырмашылық бар.

  1)   Қыблаға қарап, тік тұрып намаз оқуға ниет ет. Екі қолыңды  құлақ деңгейге дейін  көтеріп «Аллаһу әкбар» (Алла ұлық), - деп  тәкбір айт. (1-сурет)

   2)   Екі  қолыңды төмен түсіріп, оң  қолды сол қолдың үстіне қойып кіндік тұсында  ұстап  тұру  қажет (2-сурет). Осы күйде тұрып намаз ашар дұға оқы:  «Субханака Аллаһумма уа бихамдик уа табара касмук уа  таъала  жаддук уалә илаһа ғойрук» (Я, Алла,   бар мақтауды Саған бағыштадық Саған шүкіршілік етеміз, есімің мүбәрәк болсын, ұлылығың арта түссін, Сенен басқа Құдай жоқ) Дұғаны аяқтаған соң: «Аъузу  билләһи  минаш-шайтонир-ражиим» (Я, Алла, әзәзіл шайтанның арбауынан сақта), - деп айт. Одан кейін «Фатиха» сүресін содан соң қысқа сүрелердің біреуін оқы.  

   3)    Қысқа  сүрені  оқып  болған  соң  екі қолды түсіріп «Аллаһу әкбар», - деп тәкбір айт. Одан кейін еңкейіп тізелерге қолдарды қойып, төмен алдыңдағы жерге қарап, «Субхана Роббиал азыим»  (Барлық  мақтау зор мәртебелі Иеме), деп үш рет айт. Бұл «рукууһ» деп аталады. (3-сурет)  

   4)    Бойыңды  түзеп: «Сами Аллаһу лиман хамидаһ» (Кім Алланы мақтаса, Алла оны естиді), - деп  айт.(4-сурет)

   5)    «Аллаһу акбар», деп  тәкбір  айтып, сәждеге басыңды қой да, «Субхана Роббиал аъла» (Барлық мақтау – Жоғары Мәртебелі Иеме), - деп үш мәрте айт. Сәждеге бас салу деп, алдымен  жайнамазға  екі тізе, сосын екі қол жайғасып, олардың ортасына маңдай мен мұрынды тигізуді айтамыз. (5-сурет)

   6)   Басыңды жайнамаздан көтеріп жатып, «Аллаһу әкбар», деп айт. Дененің салмағын  сол  аяққа  түсіре  отыр (6 –сурет). «Аллаһу акбар»,  деп тағы да сәждеге бас қойып, «Субхана Роббиал аъла», деп үш рет айт. Осымен бірінші рәкәт бітеді.

   7)   Екінші  рәкәтті  алғашқы рәкәттағыдай «Аллаһу әкбар»,  деп тәкбір айтып баста (1-сурет). Сосын бірден «Фатиха» сүресін және  бір  кіші  сүрені  оқы. Бірінші рәкәттағыдай рукууһ (3-сурет) және сәжде (5-сурет)жаса . Екінші сәжде жасап болған соң тұрып кетпей дененің салмағын сол аяққа түсіре отырып (6-сурет) «Әт-тахият» дұғасын оқы. Егер намаз үш немсе төрт  рәкәттан  тұрса, онда «Әт-тахият» дұғасын оқып болған соң қайтадан тұрып жаңа ракағаттан баста (1-6 суреттер). «Әт-тахият» дұғасы әр екі рәкәт сайын  оқылады. Егер намаз төрт рәкәттан тұрса, екі рет «Әт-тахият» дұғасы екінші және төртінші рәкәттан соң  оқылады, егер сегіз рәкәттан тұрса, онда төрт рет «Әт-тахият» дұғасы оқылады яғни екінші, төртінші, алтыншы және сегізінші   рәкәттардан соң.  Ал егер намаз рәкәттары тақ болса онда соңғы рәкәттан соң «Әт-тахият» дұғасы оқылады. Мысалы, егер намаз үш ракағаттан болса екі рет  «Әт-тахиат» дұғасы екінші және үшінші рәкәттан соң оқылады, неге десеңіз намаздың соңғы рәкәтында «Әт-тахиат» дұғасы оқылуы міндетті.

      8) Ең  соңғы  рәкәттың  «Әт-тахиат»  дұғасы оқылып болған соң салауат дұғасын  оқы. Сосын басыңды бірінші оң жақ иығыңа қаратып «Әссәләму әлейкум уа рахматуллаһ» (Сіздерге амандық пен Алланың рахметін тілеймін), сосын сол жақ иығыңа қаратып «Әссәләму әлейкум уа рахматуллаһ» (Сіздерге амандық пен Алланың рахметін тілеймін) деп сәлем бер.

     9) Сосын: «Астағфиру-Ллаһ (3-рет), Аллаһумма, Әнта-с-Саляму уа мин-кя-с-саляму, табаракта, иа За-ль-жаляли уаль-икрами!» 
(«Я,  Алла! Сен Бейбітсің, есен-амандық Сенен, ардақтылық пен сый Иесі, Сен Жоғарысың!») деп айтыңыз.  

 

НАМАЗЫҢЫЗ  ҚАБЫЛ  БОЛСЫН!

 1-suret

                             1-сурет

2-suret

                                     2-сурет

3-suret

                                         3-сурет 

4-suret

                                     4-сурет

5-suret

                                     5-сурет

 6-suret

                                        6-сурет

 

«Әт-тахият»

     «Ат-тахиату  лильлаhи   уа-с-салауату  уат-таибат ассаламу ъалейка  айюhан-набиу  уа  рахматуллаhи  уа баракатуh. Ас-саламу ъалейна уа ъала ибадиль-лаһи-с-солиһин. «ашhаду ал ла илаhа иллаллаh уа ашhаду ан-на Мухаммадан ъабдуhу уа расуулуh»

    Мағынасы: Жаратқан Ием, Саған тағзым етемін, игілікті істер мен дұғаларымды бағыштаймын. Иә, пайғамбар, саған тыныштық тілеймін, саған Алланың рахымы мен берекеті жаусын. Бізге және Алланың салихалы құлдарына тыныштық болсын. «Мен  Алладан басқа құдай жоқ екеніне куә боламын  және  Мұхаммад оның құлы әрі елшісі екеніне куә боламын.»

Салауат

       Аллаhумма  солли   ъала  Мухаммадин  уа  ъала   али Мухаммад, кама солеита ъала Ибраhима уа ъала али Ибраhим. Иннака хамидуммажид.          

     Аллаhумма барик ъала  Мухаммадин  уа  ъала  али Мухаммад, кама баракта ъала Ибраhима уа ъала али Ибраhим. Иннака хамидуммажид.

     Мағынасы: Я, Алла! Ибраһимге және ұрпақтарына рахым еткеніңдей, Мұхаммадқа  және Мұхаммадтың ұрпақтарына да  рахым  ет.  Шын мәнінде сен аса  мақтаулы  әрі  жоғарысың !

Я, Алла! Ибраһимді және ұрпақтарын мүбәрәк   еткеніңдей, Мұхаммадтың және Мұхаммадтың  ұрпақтарын  да мүбәрәк  ет. Шын мәнінде сен аса мақтаулы  әрі  жоғарысың !

«Фатиха»

      Бисмилляhир-Рахманир-Рахиим (1) Альхамду лилляhи Роббиль ъалямиин (2)  Ар-рахманир-Рахиим (3)  Мәлики-йяу-миддин (4)  Ийяка наъбуду уа ийяка  настаъиин (5) Иhдинас-сыроотоль мустақыим (6)  Ссыротоль-лязина анъамта    ъаляйhим    ғойриль    мағдууби    ъаляйhим-уаляд-дооллиин (7) Амин.

 Мағынасы: Бастадым Алланың  атымен Қамқор, Мейірімді (1) Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән(2)  Қамқор Мейірімді (3)  Қиямет Күнінің Иесі (4)  Саған  ғана құлшылық етеміз, әрі Сенен ғана жәрдем сұраймыз (5) Бізді тура жолға  сала  көр (6)  Нығметке  бөлендіргендеріңнің жолына, Ашуыңа ұшырағандардың  және  адасқандардың жолына емес (7)  Амиин.

 

«Ықылас»

     Бисмилляhир-Рахманир-Рахиим.  Қуль hуаллаhу  ахад (1). Аллаhу ссомад (2). Лям ялид  уа лям юляд (3) Уалям якуль-ляhу куфуан ахад (4).

Мағынасы: Бастадым Алла атымен Қамқор, Мейірімді. (Мұхаммад (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)   оларға)  айт:  Ол  Алла  біреу-ақ  (1)   Алла  мұңсыз  (әр нәрсе Оған  мұқтаж.) (2).  Ол, тумады  да  туылмады, әрі  Оған  ешкім  тең  емес  (3)

74565 рет оқылды