Адам өмірінде ауыртпашылық, сынақ және бәле-жала болмай тұрмайды. Бұл жайттар адамды тығырыққа тіреуі мүмкін. Бірақ, біз келген мәселенің шешімін, барлық сұрақтың жауабын Құраннан табуға болатындығын ұмытпауымыз керек. Алла Тағала Құранда: «Біз сендерді аздаған қауіп-қатермен, аштықпен және мал-мүліктеріңнен, (жақын) жандарыңнан, өнімдеріңнен айыру арқылы сынаймыз...» («Бақара» сүресі, 155-аят), «...Оларға ашаршылық және ауру-науқас келді...» дейді («Бақара» сүресі, 214-аят).
Құран – жанға дауа, дертке шипа. Белгілі бір техника бұзылса, оның нұсқама қағазына көз жүгіртеміз емес пе, сол секілді адам ауырса оның «нұсқамасы» болған Құранға жүгінеміз: «Құраннан мүміндерге шипа және рақым түсіреміз...» («Исра» сүресі, 82-аят). Олай болса, ауруға шипа болатын Құран сүрелері мен Алланың Елшісі үйреткен дұғалармен таныссақ...
Әрбір дерттің дауасы бар
Пайғамбарымыз ﷺ «Әрбір дерттің дауасы бар. Егер дерттің дауасы дөп түссе, (науқас) Алла Тағаланың рұқсатымен сауығады», – деп айтқан (Бұхари, Муслим). Яғни, Алла жаратқан әрбір сырқаттың шипасы бар. Және дауа беруші де – әш-Шәфи болған Алла Тағала. Құрандағы: «Ауырсам, Ол (Алла) маған шипа береді» («Шұғара» сүресі, 80-аят) деген аятты да еске түсірейік.
Хадисте аурудан емделудің мустахабтығына сілтеме келген. Алдыңғы буын өкілдерінің көпшілігі және кейінгі буын өкілдері түгелдей осы пікірді ұстанған. Ән-Нәуәуи жазылмайтын науқастардың көп екендігі жайлы мәселеге қатысты Гиппократтың «мұндай жағдай емдеу жүйесін немесе емдік дәріні дұрыс таңдамаған дәрігердің қателігі себепті орын алады» деген сөзін келтірген.
Дем салуда Аллаға серік қосу күнәсі әрі шариғатқа қайшы нәрсе болмауы шарт
Ауф ибн Мәлик әл-Ашжағиден (оған Алла разы болсын). Ол: «Біз жәһилият кезінде дем салатын едік. Содан(бірде): «Уа, Алла Елшісі! Сенің бұған қатысты ойың қалай?» – деп (сұрадық). Сонда (Пайғамбар ﷺ): «Маған қалай дем салатындарыңды көрсетіңдерші. Дем салуда ширк болмаса, оның оқасы жоқ», – деп айтты», – деген ( Муслим).
Сонымен қатар, шипа аяттары мен дұғаларын оқудың шарттары бар:
1. Алла Тағаланың сөзі және оның есімдері мен сипаттары қолданылуы қажет;
2. Араб тілінде болғаны дұрыс және оқып жатқан адам оның мағынасын білгені абзал.
3. Шипаны бір Алланың беретіндігіне, ал аяттардың тек себеп қана екендігін жүрекке бекіту керек.
Дұға оқу арқылы дем салу
Әнас (оған Алла разы болсын) бірде ол Сәбиттен (оған Алла разы болсын): «Саған Алла Елшісінің ﷺ (ауырған адамға) оқитын дұғасын оқиын ба?», - деп сұрады. Ол: «Әрине», - деді, Сонда Әнас: «Я, Алла, адамдардың Раббысы, кеселдерді кетіруші, сауықтыр! Сен – Шипагерсің, Сенің шипаңнан басқа, шипа жоқ, бұдан кейін ауру қалмайтындай сауықтыр!» /Аллаһумма, Раббаннаси, музхибаль-баъси, шфи Анташ-Шафи, лә шафийа иллә Анта шафиъан лй йуғадиру сакаман!/- деді (Бұхари).
Үйде «Бақара» сүресін оқу
Пайғамбар ﷺ: «Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар, ал «Бақара» сүресі оқылатын үйге шайтан кірмейді» деген. (Ахмад, Муслим). Сондай-ақ, Ибн Масғұд (оған Алла разы болсын) айтады: «Кімде-кім түнде «Бақара» сүресінен он аят оқыса, ол үйге шайтан кірмейді: басындағы төрт аят, Аятул-Күрсі, оған дейінгі екі аят және соңғы үш аят».
Тағы бір хадисте: «Кім «Бақара» сүресінің соңғы екі аятын түнде оқыса, оған жеткілікті». (Бұхари). Яғни, барлық жамандықтан сақтауға жеткілікті делінген. Басқа ғалымдар «Шайтанның жамандығынан сақтауға жеткілікті», «Адамдар мен жындардың жамандығынан сақтайды» деп тәпсірлеген.
Саусақтың ұшын пайдаланып дем салу
Яғни, дұға оқып отырып, науқастың ауырған жеріне топырақ жағу арқылы дем салу. Айша анамыздан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте: Пайғамбар ﷺ әдетте науқасқа: «Бисмилләһ! Турбәту ардина, бириқати баъдина, йушфа сақимунә, би-изни Роббина (Аллаһтың есімімен! Біздің топырағымыз біреуіміздің түкірігімізбен, науқасымызға Раббымыздың рұқсатымен шипа болады!)» деп айтатыныны жеткізілген. (Бұхари). Яғни Пайғамбарымыз ﷺ бұл сөздерді айта отырып, сұқ саусағын түкіріктеп, топыраққа тигізіп, пайда болған лай топырақты ауырған жерге жағатын болған.
Ауырған жерді қолмен уқалап отырып дем салу
Айша (оған Алла разы болсын): «Алла Елшісі ﷺ өзінің жанұясында сырқаттанған адамның көңілін сұрап, ауырған жерін оң қолымен уқалап отырып: «Я, адамдардың Раббысы Алла сен – Шипа Берушісің, Сенен басқа жазылмайтын аурудан Айықтырушы жоқ, оның қайғысын кетіріп, шипа бер» деп айтатын»- деген. /Азхибил-баъса, Раббаннаси, шфи уа Анташ-Шафи, лә шифаъа шифъука шифаъан лә йуғадиру сакаман!/ (Бұхари, Муслим).
Суға дем салу
Науқас адам өзі жоғарыда көрсетілген Құран аяттарын суға оқып, түкірігін шашыратпай сүфілейді. Кейін судың біразын ішіп қалған бөлігімен денесін ысқылайды. Әбу Дәуіт хасан иснадпен жеткізген хадисте Пайғамбарымыздың ﷺ Сабит Ибн Қайс деген сахабаға суға дем салып үстіне құйғандығы айтылған.
Сондай-ақ дәл осы аяттар мен дұғаларды «зәйтүн майына» оқып назарланған адамның денесін сүртсе немесе «зәм-зәм» суына дем салып науқасқа ішкізсе де болады. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Зәм зәм суы қандай мақсатта ішсең, сол мақсатта пайдалы» - деген. (сенімді иснадпен имам Ахмад, Байһақи жеткізген) Ал Ибн Аббастан жеткен келесі хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Зәмзәм – тойымды тамақ әрі ауруға шипа» деген. (әл-Батрани, ибн Хиббан жеткізген. Әл-Мунзири хадистің иснады сенімді деген).
Адамның өз-өзіне дем салуы
Науқасқа дем салудың келесі түрі – Құран аяттарын және шипа дұғаларын оқу барысында науқас ауырған жерге қолын қойып отырады немесе алақанымен уқалайды. Осман ибн аби әл-Ас бір күні Пайғамбарға ﷺ: «Я, Алланың Елшісі менің ауыруым қатты үдегені соншалық мен өліп кететін сияқтымын»- дегенде, Алла Елшісі ﷺ «Ауырған жеріңе қолыңды қой да жеті рет: «Мені мазалаған жамандықтың кесірінен Алланың Құдыреті мен Күшіне сыйынамын» -деп айт» -дегенін келтірген. /Аъуза би-ъиззати-Лаһи уа қудратиһи мин шарри ма аджиду уа ухазиру!/, - деді. Муслим.
Аурудың көңілін сұрап барған кезде шипа сұрап дұға ету
Ибн Аббас ( әкесі екеуіне Алла разы болсын) Алла Елшісінің ﷺбылай деп айтқанын жеткізді: «Егер кімде-кім ажалы келмеген аурудың көңілін сұрап барып жеті рет: «Ұлы Күрсінің Раббысы, Ұлы Алладан сені сауықтыруды сұраймын!» /Асъалю-Ллаһа-ль-Ъзыма, Раббал-ършиль-ъзыма, ан йашфийа-кя!/ («Мұсылман қорғаны» кітабінің №147 дұғасында келтірілген – аударушыдан), - десе, Алла оны әлбетте кеселінен айықтырды(Әбу Дәуд).
Ибн Аббас (әкесі екеуіне Алла разы болсын) айтады: Бірде Алла Елшісі ауырып қалған бәдәуидің көңілін сұрап барды, ал ауырған адамға барғанда әдетте Пайғамбар: “Қапаланба, Алла қаласа, бұл кесел сені тазартады” /Ля баъса, тахурун ин шаъаЛлаһу/, - дейтін. (Бұхари).
Жебірейілдің Пайғамбарға дем салуы
Әбу Саъид аль-Худри (оған Алла разы болсын) былай дейді: Бірде Пайғамбарға ﷺЖебірейіл (періште) келді де: «Я, Мұхаммед, сен ауруыңа шағымданасың ба?», - деп сұрады, ол: «Иә?», - деп жауап берді. Сонда Жебірейіл былай деді: «Саған барлық ауыртпашылықтарды туғызушыдан, кез келген адамның зұлымдығынан және жаман көзден сен үшін Алланың атымен сыйынамын! Алланың сені сауықтыруы үшін, Алланың атымен сыйынамын!» /Бисми-Ллаһи арқи-кә мин кулли шаййъин йуъзука, мин шарри кулли нафсин ау ъайни хасидин! Аллуһу йашфикә, бисми-Ллаһи арқи-кә!/ (Муслим).
Көз тиюге қарсы дем салу
Айша (оған Алла разы болсын): «Алла Елшісі ﷺ маған көз тиюге қарсы дем салдыруымды бұйыратын», – деп айтқан (Муслим).
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Алла әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Алла Елшісі ﷺ Хазмның отбасына жылан(шаққанға) қарсы дем салуға рұқсат етті. Сондай-ақ ол (бірде) Әсмә бинт Ғұмайстен: «Неге мен бауырымның балаларының денелері арық екенін көремін, олар ауырып жүр ме?» – деп (сұрады). Ол: «Жоқ, бірақ оларға көз тиіп жүр», – деді. (Сонда Пайғамбар ﷺ) «Оларға дем салдыр», – деді», – деп айтқан. Мұнда Пайғамбарымыздың ﷺкөкесінің ұлы Жағфар ибн Әбу Талибтің (оған Алла разы болсын) балалары туралы айтқан.
(Әсмә бинт Ғұмайс): «Мен (балаларымды Пайғамбарға (ﷺ) көрсеткен едім, ол: «Бұларға дем салдыр», – деп айтты», – деген ( Муслим).
Пайғамбардың (ﷺ) жұбайы Умму Сәләмәдан (оған Алла разы болсын). Алла Елшісі (ﷺ) әйелі Умму Сәләмәның үйінде бір қыздың бетінен теңбіл дақ көріп: «Бұған көз тиіпті, дем салдырыңдар», – деген. Яғни ол (қыздың) бетінде сарғыш реңк бар еді (Муслим).
Жындарға қарсы оқылатын сүре
Әбу Саид әл-Худри (оған Алла разы болсын) Пайғамбардың ﷺ адамдар мен жындардың кесірінен Аллаға сыйынатын. Кейіннен Аллаға сыйынып, қорғау тілейтін сүрелер түсіріледі де, ол қалған дұғаларды қалдырып, осы сүрелерді айтатын болғанын жеткізеді. (Тирмизи).
Әбу Мусадан (оған Алла разы болсын): «Сен бүгінгі түнде түскен аяттардай аяттардың болмағанын, көрмей тұрсың ба? Бұлар – “Қул ағузу бир-Робил фалақ…” және “Қул ағузу бир-Робин-нас…”(«Фалақ» және «Нас сүрелері) (Муслим).
Ер адамның өз отбасына ауырған кездерінде дем салуы
Айшадан (оған Алла разы болсын): «Алла Елшісі ﷺ біреуіміз ауырсақ, оны оң қолымен сипап: «Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс(и), уәшфи, Әнтәш-Шәфи, лә шифә’ә иллә шифә’укә, шифә’ән лә йуғадиру сақама(н) (Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа бер, Сен – шипа берушісің, Сенің шипаңнан басқа шипа жоқ. Ауруды қалдырмайтындай шипа бер)», – деп айтатын.
Аллаһ Елшісі ﷺ науқастанып, жағдайы ауырлаған кезде, өзі жасайтынды жасау үшін оның қолынан ұстадым. Сонда ол қолын менің қолымнан тартып алып: «Уа, Алла! Мені кешір және мені ең жоғарғы серікпен бірге ет», – деді. Мен оған қарай бастадым, сөйтсем, ол үзіліп кеткен екен». (Муслим). Әл-Жауһари мұның Жәннат екенін айтқан. Бұл Әбу Исхақтың: «ең жоғарғы серік – Жәннат» деген хабарымен нақтыланады (қ.: «Фатх әл-Бәри»).
Айшадан (оған Алла разы болсын). Алла Елшісі ﷺ: «Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс(и), бийәдикәш-шифә(у), лә кәшифә ләһу иллә Әнт(ә) (Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа Сенің қолыңда, Сенен өзге оны кетіруші жоқ)» (деген) сөзбен дем салатын ( Муслим).
Қонаққа барғанда не далада қонғанда жындардың әрі улы жәндіктердің кесірінен сақтау үшін мына дұғаны оқуы керек
Хаула бинт Хаким әс-Суләмия (оған Алла разы болсын): «Алла Елшісінің ﷺ: «Кімде-кім бір орынға түскенде: «Аъузу бикәлимәтилләһит-тәммәти мин шәрри мә халақ(а) (Аллаһтың жаратқандарының кесірінен Оның толық сөздерімен пана сұраймын)» десе, оған сол орнынан кеткеніне дейін ештеңе зиян тигізбейді», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим).
Құран мен сүннеттегі кеселдерді емдеуге байланысты дұғалар мен аяттардан бөлек басқа да шаралар бар
Әжуа құрмасының сиқырға емі
Сағд ибн Әбу Уаққастан (оған Алла разы болсын) : «Алла Елшісінің ﷺ: «Кімде-кім әр күн сайын таңертең кептірілген әжуа құрмасының жетеуін жесе, сол күні оған у да, сиқыр да зиян тигізе алмайды», – деп айтқанын естідім», – деген ( Муслим).
Айшадан (оған Алла разы болсын). Алла Елшісі ﷺ: «Ақиқатында, әл-Алияның ажуасында шипа бар әрі ол таңның бастапқы кезеңінде (жесе) уға қарсы ем болады», – деп айтқан (Муслим).
Азан айту
Пайғамбарымыз ﷺ: «Намазға шақырылғанда шайтан азан біткенше ішек желін шығарып қашады. Азан аяқталғанда қайта келеді, намаз оқылғанда тағы қашады, біткенде қайта келеді» деген (Бұхари).
Сырқаттанған, сиқырланған не көз тиген адамға оқылатын шипа аяттары (РУҚИИЯ):
Науқасқа Құрандағы «Фатиха» сүресін жеті рет, «Бақара» сүресінің алғашқы бес аятын, «Аятүл күрсі» аятын, «Ықылас», «Фәләқ», «Нас» сүрелерін үш реттен, және т.б руқиия, яғни дем салуда пайдаланылатын шипа аяттарын, сондай-ақ шипа дұғаларын оқып, аз ғана түкірік араластырып сүфілеу керек. Бұл рәсімді «дем салу» деп атайды. Алла Тағала Құранда: «Құраннан, мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз...» деген. («Исра» сүресі 82-аят). Сонымен қасиетті Құрандағы руқиия аяттары төмендегідей:
1. «Фатиха» сүресі;
2. «Бақара» сүресі, 1-5 аяттары;
3. «Бақара» сүресі, 163-165 аяттары;
4. «Аятул-Курсі» («Бақара» сүресі, 257-аяты);
5. «Бақара» сүресі, 284-286-аяттары;
6. «Әли Имран» сүресі, 1-5 –аяттары;
7. «Әли Имран» сүресі, 18-аяты;
8. «Әли Имран» сүресі, 26, 27-аяттары;
9. «Аъраф» сүресі, 54, 55, 56-аяттары;
10. «Аъраф» сүресі, 117, 118, 119-аяттары;
11. «Юнус» сүресі, 79, 80, 81, 82 –аяттары;
12. «Та һа» сүресі, 65, 66, 67, 68, 69-аяттары;
13. «Му’минун» сүресі, 115, 116, 117, 118-аяттары;
14. «Хашр» сүресі, 21, 22, 23, 24-аяттары;
15. «Саффат» сүресі, 1-5-аяттары;
16. «Рахман» сүресі, 31, 32, 33, 34-аяттары;
17. «Мүлк» сүресі, 3, 4-аяттары;
18. «Қалам» сүресі, 51, 52-аяттары;
19. «Жын» сүресі, 3-аят
20. «Кәфирун» сүресі;
21. «Ықылас» сүресі;
22. «Фәлақ» сүресі;
23. «Нас» сүресі .
Магжан
Алла разы болсын сиздерге!
1464546340
Арай
Насихат болар роликтер болса егер.
1465031421
нурлан
намазды калай уйренуге боламдым
1468312079
жанболат орымба
Алла разы болсын!!!
1469256387
жан дауренбеков
Алла разы болсын!!!
1469256546
Алмагул
Осындай жаксы макалалар коп болса гой
1469286017
Акнур
Сəлеметсіздерме жоғарыда айтылган сурелермен дұгаларды ем ушін балаларыма өзім телефон аркылы оқысам боладыма рахмет
1471113141
Жадыра
Ассаляму алейкум! Осы аят-дұғаларды арабшасымен бірге шығарсаңыз нұр үстіне нұр болар еді...
1471335972
Дархан Нургали
АЛЛА разы болсын мусылман бауырлар)
1471774603
Галсан Акерке
Құранкəрімді оқу үшін араб тілін қайдан үйренуге болады??? Сүрелердің Асыл арнада түңгі уақытта оқылатын бейнероликтерін соткаға көшіріп алатын жолдарын айтыңыздаршы өтініш??? Аллаһ разы болсын сіздерге!!!
1472768911
Есимова Аксауле
Аллах разы болсын! Әр бiр шипа iздеген жандар ауруынан айығып кетсін, иншАлла!
1476121532
Ильмира
Салеметсиздерме)) сұрайын дегеним катты қиналып журмин куйеум 3 айлық баламмен тастап кетти. Журегим жаным катты қиналып жур. Кандай дұға окысам болады? Алладан тилеп. .. рахмет
1480005104
Зұлхарнай Рафха
Дұғалықпен емдейді дейді сол дұрыспа сол туралы тақырып қозғасаңыздар
1482262190
Арман Кодамжаро
Акерке мен уйретемин каласаныз арабшаны Куранга тусиге ниет болса 3кунде тусип кетесиз Ин Ша Аллаһ
1485112329
АрманКожамжаров
Куран уйренемин деушилер вацапка жазыныздар
1485112857
Ерлан
Алла разы болсын! Жаксы макала
1485329182
Асанқызы Жанар
Алла разы болсын. Көп мағлұматтар алдым
1485659567
Алмаз
менің кейінгі жылдары уайымшылдығым көбейіп о дүниеге аттанып кететіндей әсерлер болып жүр өлімнен қатты қорқамын жүрегім қатты ауырады мазасыз неген жаман ауруларды ойлап жүремін үйден шығуға қорқамын әртүрлі жағымсыз әсерлер бола береді жүйкем тозған ба бұлда бір аурудың түрі ма, мешітте ясин сүресін оқып шлеясын алады дегенді естідім сол рас па? НАМАЗ ОҚЫП ТҰРҒАНДА ҚОРҚЫНЫШТАР КӨБЕЙЕДІ
1487223768
Болат Ақбота
Мың алғыс. Менде қатты жөтел қысып жүр еді. Осы дұғаларды айтқандарыңыз көп-көп рахмет!!!
1490822983
Жанар
Сəлеметсіздерме! 3,5 жастағы ұлым қатты науқастанып жатыр. 3 ай болды, еш диагноз дұрыс қоя алмай жатыр. Біреулер көз-тіл бар дейді. Осы мақаладағы аудиороликті түнде қосып оқытсам əсері болыдыма екен? Əлде өзім оқып үйренуім керекпа? Уақыттың тығыздығы болмаса, үйренер едім өзім. Кеш қалып қоямба деген үрей бар.
1491018102
Коркем
Салеметсиздерме. Мен тусимде кабырда жатыр екенмин,содан шошынып ояндым,одан жолдастарымыз кайтыс болды,сол жакка конил айтып кирип шыканнан кейн уйге келген сон катты шошындымба билмеймин денем муздап кетти,титиркенип адам калай олип кетема деп,кайтыс болып кеткен адамдар киред тусиме бираз болды уйыктай алмай жургениме. Ойымды баска нарсеге аударсамда есиме тусип денем калтырап кетед. Намазга жыгылдым Аллага шукир бес уакыт намазымды окып журмин бир аптадан асты. Бирак жанагыдай коркыныш урей келе береди. ИНШАЛЛА жолдасым бар уш сабиим бар солардын кызыгын корип жаман нарселерден арылгым келеди. Коркыныш,урей сана сезимиме кирип кеткендей бойыма. Кандай косымша дугаларды окуга болады,кайтадан позитивты оймен жургим келеди ИншАлла. Сиздерге Алла разы болсын
1493888828
турлыбек
Аллах разы болсын дертимизге Аллах шипа берсин Журегимизден иман кетпесин
1494871495
Индира
Алла разы болсын.Үйренип аламын бұйырса.
1495422644
Туркбаева Жанай
Үлкен рахмет сіздерге,Алла разы болсын.
1497177516
Айнұр
Сəлеметсіздер ме!? Мен осы дұғаларды кешке балам ұйықтағанда құланына сыбырлап оқысам болады ма?! Солай оқуға болады деп естіп едім.
1504284904
Рашит Салыкбай
Уа Алла ауыр калде журген адамдарга шипа Бератор ты Алла менее бакса ешким жок
1504969926
Нагима
Алла разы болсын! Жастарға әсіресе керек уағыздарды тыңдап, оларды жақсы тусингендери оздерин омирине өте қажет деп ойлаймын!!!
1528924576
Нурбол
Ассалаумағалейкүм менің сұраймын дегенім алматы қаласында дем салып жын шығаратын мамандар барма??
1538369892