14:10 | Өлең-сөздің патшасы
14:20 | Автопортрет
Заң 2020-01-20 (0) (3776)

2020 ЖЫЛЫ ӨСЕТІН ЖАЛАҚЫ МЕН ЖӘРДЕМАҚЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ

2020 ЖЫЛЫ ӨСЕТІН ЖАЛАҚЫ МЕН ЖӘРДЕМАҚЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ

 

Биылғы жылдан бастап, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 500 мың мұғалімнің жалақысы 25%-ға артады. Сондай-ақ, 34 мың мәдениет, өнер және мұрағат қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға, 215 мың дәрігерге 30%-ға және медбикелерге 20%-ға, 25 мың әлеуметтік қызметкерлерге орта есеппен 30%-ға көтеріледі деп күтілуде деп хабарлайды ҚР Үкіметі сайты.

Жаңа жылда 2,2 млн қазақстандықтың зейнетақысы 7%-ға, мемлекеттік жәрдемақы 5%-ға индексацияланбақ. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекке қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатын 132 мыңнан астам азаматқа әлеуметтік төлемдердің мөлшері орта есеппен 30%-ға артады деп жоспарлануда.

Бұдан өзге, келесі жылдан бастап еңбекке қабілетінен айырылу және асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушыларға қайта есептеуге қосымша ретінде әлеуметтік төлемдерді 5%-ға индекстеу қарастырылған.

«Жалпы, еліміздің бюджетіндегі әлеуметтік шығындардың үлесі жыл сайын артып келеді. Салыстыру үшін айтар болсақ, 2018 жылы бұл үлес 43% болды, 2019 жылы – 45%, 2020 жылы — 50%. Бұл біздің ел басшылығының саяси бағыты әлеуметтік сипатта екенін, яғни халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын білдіреді», — дейді ҚР Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев.

3776 рет оқылды