Отбасы 2019-05-22 (0) (2183)

ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ МАХАББАТЫН АРТТЫРУ ҮШІН ОҚЫЛАТЫН ҮШ ДҰҒА

ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ МАХАББАТЫН АРТТЫРУ ҮШІН ОҚЫЛАТЫН ҮШ ДҰҒА



Махаббат деген аяулы сезімді жүрегінде тербетіп, өмірін сүйіспеншілік пен сыйластыққа көмген ерлі-зайыптылардың өмірі кім-кімді болса да сүйсіндірмей қоймайтыны анық. Мұндай адамдар үшін өмір – нағыз бақыттың базары! Иә, ешкім ертең ажырасамын деп үйленбейді, ешқандай қыз орта жолда жалғыз қаламын деп тұрмысқа шықпайды. 

Онда неге кейде сезім суып, сыйластық әлсіреп, екі жастың жолы екіге айырылып кетеді?

Бір ысып, бір суып тұратын махаббатты қалай тұрақтандырамыз? Отбасын сақтау үшін қандай дұға оқуымыз керек?


БІРІНШІ

Ең алғаш неке қиған күннен бастап-ақ осы бір маңызды нәрсеге мән беруге үндеген Алла Елшісі  (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):  

«Егер сендерден әлдебіреуің әйелімен жақындасқысы келгенде: «Алланың атымен, иә, Алла, бізді шайтаннан аулақ ет және Сенің бізге беретініңнен де (баладан) шайтанды аулақ ет» - деп айтса, әрі сол түні ерлі-зайыптыларға балалы болу нәсіп етілсе, онда шайтан оларға ешқашан зиян тигізе алмайды”, - деген. 

ДҰҒАНЫҢ ОҚЫЛУЫ:

«Бисми Лләһи, Аллаһуммә, жәннибнаш-шайтана уә жәннибиш-шайтана ма разақтана»

*********

رَزَقْتَنَا ما الشَّيطَانَ وجَنِّبِ الشَّيْطَانَ  جَنِّبْنَا  اللَّهُمَّ

*********

Демек, отбасындағы береке мен махаббаттың тұрақты болуы үшін неке қиған ерлі-зайыптылар алғашқы күннен-ақ Алла Елшісі  үйреткен жолмен жүріп, шариғатқа сай әрекет етуі керек. 


ЕКІНШІ

Сахабалардың бірі ибн Масъудқа (р.а) Алла Елшісі  мына дұғаны үйреткен:

*********

ما الفواحشَ وجَنِّبْنا النُّورِ إلى الظُّلماتِ مِن ونجِّنا السَّلامِ سُبُلَ واهدِنا بَيْنِنا ذاتَ وأصلِحْ قلوبِنا بَيْنَ ألِّفْ اللَّهمَّ     بها مُثْنِينَ لنعمتِكَ شاكرينَ واجعَلْنا اجِن و ز أاوصارِنا أبوأسماعِنا في احفَظْنا اللَّهمَّ بطَن وما منها ظهَر   بها علينا فأتمِمْها عليكَ قابلينَ

*********

ДҰҒАНЫҢ ОҚЫЛУЫ:

Аллаһуммә әллиф бәйна қулуубина, уә аслих зәтә бәйнина, уәһдинә субуләс-саләми, уә нажжинә миназ-зулумати илән-нур, уә жаннибнәл-фәуәхиша мә заһәра минһә уә мә бәтанә, уә бәрик ләна фи әсма’ина уә абсарина уә қулуубинә уә әзуажина уә зурриәтина. Уә туб ъаләйна, иннәкә Әнтат-таууабур-рахим. Уәжъалнә шәкирина ли ниъмәтика, муснина биһә уә қабилиһә уә әтиммәһә ъаләйна


МАҒЫНАСЫ: Иә, Алла, біздің жүрегімізді біріктіріп, қарым-қатынасымызды түзей гөр. Бізді қараңғыдан жарыққа шығарып, бейбіт жолмен жүргізе гөр

Бізді жасырын және жария болған барлық ұятсыздықтан алыстата гөр. Естуімізді, көруімізді жақсартып, жүрегімізді және жұбайларымыз бен ұрпақтарымызды туралыққа бағытта. Біздің тәубемізді қабыл ет, шынында Сен – Тәубені қабыл етуші әрі Мейірімдісің. Бізді нығметтеріңе шүкір етушілерден қыл, оларды толық алушылардан етіп, сол үшін мақтау-мадақ айтатындардан ет және оны бізге толықтырып бер. 

(Әбу Дәуд 969, әл-Хаким 397, Табарани)


ҮШІНШІ

Ерлі-зайыптылардың сезім отын тұтататын үшінші дұға мынадай:

ДҰҒАНЫҢ ОҚЫЛУЫ:

Раббә-нәә һәб-ләнәә мин әзуәә-джи-нәә уә зурри-иәәти-нәә қурратә әъюниу уәдж-ғәл-нәә лил-муттәқии-нәә имәәмәә.

*********

إِمَامًا لِلْمُتَّقِينَ وَاجْعَلْنَا أَعْيُنٍ قُرَّةَ نَا وَذُرِّيَّاتِوَا  جِنَا زْ أَ مِنْ لَنَا هَبْ رَبَّنَا

*********

МАҒЫНАСЫ: Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың алды ете гөр!

Бұл дұға қасиетті Құрандағы «Фұрқан» сүресінің 74-аятында айтылған.

Міне, бұл - ерлі-зайыптылардың махаббатын арттыруға арналған үш дұға.

Пенденің жүрегі – Алланың қолында, Ол оны қалаған жағына қарай бұра алатыны хадисте айтылған. Сондықтан сүйіспеншілік пен махаббатты сақтап қалуға тырысқан ерлі-зайыптылар соған сай әрекет жасап, еңбектене жүрумен қатар, осы дұғаларды айтып, Алладан жәрдем тілей жүргені дұрыс. Денеміз жасушалардан құралғандай, кез келген мемлекет отбасылардан тұрады. Отбасылардың беріктігі – отанымыздың беріктігі!

Ендеше, қазақтың еш шаңырағы шайқалмасын, әр ордасы бақыт пен шаттыққа толы болсын деп тілейміз.

2183 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !


Пікір жазу үшін, сайтқа тіркеліңіз. Тіркелу

*