23:20 | Пайғамбарлар қисасы
23:45 | По душам
2017-09-22 (0) (4810)

ОРТА АЗИЯДАН ШЫҚҚАН АСТРОНОМ

ОРТА АЗИЯДАН ШЫҚҚАН АСТРОНОМ

Орта Азия топырағынан шыққан ұлы ғалымдардың бiрi – Мұхаммед Насыреддин әт-Туси. Қазіргі ұрпақты, әсіресе, Қазақстанның өскелең ұрпағын тәрбиелеуге, ғылым мен мәдениетті, астрономия мен математика саласын дамытуда тікелей маңызы бар Насыреддиннің тағылымды әрі танымды өмір жолы төмендегідей:

1.      Насыреддин отыздар шамасында «Насыр моралi» деген өзiнiң атақты еңбегiн жазып бiтiредi.

2.      1242 жылы ол Ибн Синаның «Ишарат» деген кiтабына түсiнiктемесiн тәмамдайды. Одан басқа, «Алмагестi баяндау», «Евклидтi баяндау» деген математикалық кiтаптар жазады.

3.      Насыреддиннiң «Евклидтi баяндау» деген еңбегi ежелгi Александрия математигi Евклидтiң «Негiздер» деп аталатын әйгiлi кiтабын толықтырып, өңдеу негiзiнде жазылған. Кейiнiрек «Евклидтi баяндаудың» басқа бiр нұсқасын келтiредi. Мәселен, «Евклидтi баяндаудың» бiрiншi кiтабында Пифагор теоремасын дәлелдеудiң 36 түрi келтiрiледi, ал екiншi нұсқасында тағы да 12 жаңа дәлелi берiледi.

4.      Ғалымның математикалық, астрономиялық және басқа да ғылыми еңбектерiнiң қазiр бiзге белгiлi жүзге тарта қолжазбалары дүние жүзiнiң түрлi кiтапханаларында сақтаулы тұр.

5.      Насыреддин сол тұстағы барлық iрi ғалымдар сияқты емшілік өнермен де шұғылданған. Рашид-әд-диннiң мәлiметiне қарағанда, ол 1270 жылы Абаға ханның жарасына операция жасауға кеңес берiп, өзi басы-қасында болған.

6.      Ол ептеп өлең жазумен де шұғылданған.

7.      Насыреддин негiзiн салған Марага обсерваториясы және онда жүргiзiлген астрономиялық зерттеулер шығыс пен батыстың көптеген обсерваторияларына үлгi болды.

8.      Насыреддиннiң өзi салдырған обсерваторияда ұзақ жылдар бойы бақылаулар жүргiзiлiп, осының нәтижесiнде «Зидж Эльхани» («Ельхан таблицалары») деп аталатын астрономиялық зерттеулер мен мағлұматтар жиынынан тұратын каталог жасалады. Бұл еңбек орта ғасырлардағы астрономиялық еңбектердегi көрнектiлердiң бiрi болып саналады. «Зидж Эльханидiң» бiрiншi кiтабы түрлi халықтардың хронологиясына арналған. Мұнда қытай, ұйғыр, еврей, араб халықтарының бiр жыл санаудан екiншi жыл санауға ауысу тәсiлдерi көрсетiледi. Ал, екiншi кiтабы ғаламшарлардың қозғалысы мен олардың эклиптикалық координаттарын табуға арналған. Кiтап он бес тараудан тұрады. Бұл кiтапта астрономиялық өте маңызды деректер келтiрiлген.

9.      Ғалым, сонымен қатар, «Астрономия ғылымы туралы естелiк», «Меркурийдiң қозғалысы», «Алмегестi баяндау», «Күнтiзбе және аспан сферасының қозғалысы жөнiнде», «Астролябия туралы» сияқты бiрсыпыра еңбектер жазған.

10.    Насыреддин – ең әуелi математик. Насыреддиннiң көрнектi математикалық еңбектерiнiң бiрi «Толық төртбұрыш туралы трактат» деп аталады. Трактат 5 кiтаптан тұрады. Бұл үшбұрыштарды шешудi яғни тригонометрияны дербес ғылым ретiнде қарастырған тұңғыш еңбек.

11.    Ол «Доғаның косинусы», «Доғаның тангенсi», «Доғаның катангенсi», «Доғаның секансы», «Доғаның косекансы» ұғымдарын енгiзген.

12.    Насыреддин ежелгi гректерден қалған кубты екi еселеу есебiнiң өзiнше жаңа шешуiн табады. Архимедтiң теоремаларын толықтырады, жаңадан теоремалар ашады.

 

Мұның үстiне, Насыреддиннiң Архимед еңбектерiн баяндаулары Архимедтiң бiзге кейде бүлiнiп жеткен текстерiн қалпына келтiруге мүмкiндiк бердi. Насыреддиннiң математикадағы көп идеялары мен жаңалықтарының Еуропа елдерiнде кеңiнен мәлiм болып, жоғары математиканы жасау жолында игiлiктi ықпал жасағаны ақиқат.

4810 рет оқылды