2017-09-13 (0) (5506)

СІЗ – ЕҢ КЕРЕМЕТ ҚАЙТАЛАНБАС ТУЫНДЫСЫЗ!

СІЗ – ЕҢ КЕРЕМЕТ ҚАЙТАЛАНБАС ТУЫНДЫСЫЗ!

 

Сіз он саусағыңыздан өнер тамған іскер болуыңыз мүмкін, ағаштан ою оятын шебер болуыңыз мүмкін. Адамдар таңдай қағатын небір керемет туындыларды жасай алуыңыз мүмкін. Алайда, адам қолымен жасалған кез-келген нәрсе (сурет, құрал-сайман, киім тігу, т.б) қаншалықты тамсандырып, мақтаныш сезiмiн тудырғанымен, адамның өз денесiнiң құрылымымен бәсекеге түсе алмайды. Ағылшынның «Ғылымдар» деп аталатын журналында: «Адамның қолы - таңғажайып және әдеттен тыс табиғи нәрселердiң iшiндегi ең бiрiншiсi. Оны қарапайымдылық, қабiлеттiлiк және бейiмделу тұрғысынан басқа ешбiр сайманмен (затпен, құралмен) салыстыру мүмкiн емес»,—делінген.

Ең алдымен, ҚҰЛАҚТЫ АЛАЙЫҚШЫ. Адамның құлағы шамамен 4000-дай күрделi және жiңiшке бөлiмдерден тұратын өте нәзiк жүйе. Бұл бөлiмдер музыкалық инструменттерге ұқсайды және жаратылуы ғажайып: яғни олар миға кез-келген дыбысты, найзағай даусынан бастап, сыбдырға дейiн жеткiзетiн құрылымға ие.

КӨЗІҢІЗГЕ ҚАРАҢЫЗШЫ. көз, жарықты аулайтын 130 млн. клеткадан тұрады. Қабақ пен кiрпiктер көздердi әрдайым қорғап тұрады, яғни шаң—тозаң, топырақтың түсуінен сақтайды, ал кiрпiктер көздiң айналасын көлеңкелендiрiп, көзге жарықтың тiкелей түспеуiн қамтамасыз етедi.

Қабақтың қозғалуы — көздi құрғап кетуден сақтайды, ал көздiң айналасындағы сұйықтық, яғни көз жасы - зарарсыздандырудың ең жақсысы.

ТІЛІҢІЗГЕ МӘН БЕРІП КӨРДІҢІЗ БЕ?

Тiл—ауыз қуысының алдыңғы жағында орналасқан. Бұл адамның өзiне зиян келтiретiн нәрселердi түкiрiп тастауына көмектеседi. Тiл арқылы адам ащы, тәттi, тұзды, қышқыл, суық, ыстық, тұзсыз дәмдердi сезе алады. Тiлде 9000 дәм сезу төмпешiктерi орналасқан, олардың әрқайсысы бiрнеше жүйке тамырлары арқылы мимен байланысады. Бұл жүйке тамырлардың санын Алла ғана бiледi, олар жеке-жеке және барлығы бiрлесiп те миға белгi жiберiп тұрады.

Әрине, бұл қызметтің барлығы адамның таңданысын туғызбай қоймайды!

Бiз кесек еттi, қырыққабатты, қуырылған балық пен нанды жеп, артынан су iшемiз. Бiрақ, тағамның қорытылып, бойға сiңу процесiне «бас ауыртпаймыз» Тағамның неше түрiн асқазан атты тоқтаусыз жұмыс істеп тұрған «химиялық фабрикаға» аттандырғанымызбен, оның денеге сiңу жолын бiле бермеймiз. Ол Алланың ғана құдiретiмен толассыз қызмет атқарып тұр. Біздің жеген асымыз қорытылғаннан кейiн денедегi жасушаларға қорек түрiнде барады, ал бiр денедегi жасушалардың саны жер бетiндегi бүкiл адамдардың санынан асып кетедi екен.

Демек, асқазан деп аталатын бұл «химиялық фабрика» адамдар ойлап тапқан ондаған, жүздеген фабрикалардан бірнеше есе артық материалдар өндiредi!

«Ақиқатында, мұнда жүрегi барға немесе естігенін қабылдайтындарға анық белгі, ескерту бар» («Қаф» сүресі, 37-аят).

 

 

5506 рет оқылды