АДАМДЫ ТАҢҒАЛДЫРАТЫН 10 ХАЙУАН

АДАМДЫ ТАҢҒАЛДЫРАТЫН 10 ХАЙУАН

1.     ТҮРЕГЕП ТҰРЫП ҰЙЫҚТАЙТЫН ЖАНУАР

 

Үй жануарларының ішінде ең әдемісі, адамға ең жақын саналатыны жылқы. Оның артықшылықтары өте көп. "Ер қанаты - ат" демекші, осыдан бірнеше ғасыр бұрын автокөліктер шықпай тұрған кезде, қазақтың басты көлігі – жылқы болған. Қазірдің өзі қолданыстан шығып қалды деуге келмес.

Осы жылқының жас ерекшелігін тісіне қарап ажыратуға  болатынын білесіз бе? Жылқылар жерден шөп жеген кезде шаң тозаңы, топырағы ілесе кірмес үшін оларда тіс бар. Және ол тістер жылқының жасына байланысты өсіп отырады. Жылқылардың тістері 2-2,5 сантиметрге дейін жетеді. Жылқының жасын ажыратуда тістің атқаратын рөлі зор. Мысалы, тайдың (1 жасар жылқының) тістері бірдей болады. Құнан кезінде үстіңгі екі тісі өзгелерінен үлкен болады. Содан кейінгі дөнен кезінде үстіңгі екі тісінің жанына тағы екі тіс қосылады, әрі астына екі тіс өседі. Осы ретпен жылқының тістері ұзарып отырады да, бесті болған кезінде барлық тісі ұзарып, азу тістер шыға бастайды. Яғни, жылқы тісінің көлеміне қарап жасын айыра алады екенбіз. Егер де жылқының тісі тай кезіндегіден өспейтін болғанда, онда ол қатты заттарды шайнауға шыдамай сынып, жылқы аштан өлген болар еді.

Алла Тағала жылқының денесін термос сияқты етіп жаратқан. Ол әрдайым 38о -ты сақтап тұрады. Қыс мезгілдерінде жылқы жалы жылудың қалыптылығын сақтауға ықпал етсе, жылы мезгілдерде ол түсіп, түлеп, сиреп салқындатуға әсер етеді.

 Сіз жылқының түрегеп тұрып ұйықтайтынын білесіз бе? Егер адам отырып ұйықтаған болса, басы босап, былқылдауынан оянып кетеді. Ал, Алла Тағала жылқыларға тұрып ұйықтай беретін қабілет берді.

Жылқылардың аяқтары ауыр жүктер көтеруге ғана емес, шапшаң жүгіруге де орайластырып жасалған. Жылқыларда өзге жануарлар сияқты емес, бұғана сүйектері жоқ. Бұл жылқыға ауыр жүк көтеруге, бәйгеде көсіле шабуға мүмкіндік береді.

Ал, енді аздап ойланайық, соншама ауыр жүк тасуға деген қабілет жылқының жеке басына қандай пайда береді? Әрине, Алла Тағала оларға бұл қасиетті адамға пайдалы болуы үшін берді. Қасиетті Құран кәрімде бұл жайлы былай деген: "Әрі ол малдарды жаратты. Оларда сендерге жылу /беретін/ және өзге пайдалар бар. Әрі олардан азықтанасыңдар" ("Нахл" сүресі 5-аят).

"Әрі олар жүктеріңді артып, сендер жандарыңды қинап, әрең жететін өлкелерге жеткізеді. Ақиқатында, сендердің Раббыларың – аса мейірбан, ерекше мейірімді. Әрі жылқыларды, қашырларды және есектерді мінулерің үшін, сонымен бірге зейнет ретінде де /жаратты/. Сондай-ақ ол сендер білмейтін нәрселерді де жаратады" ("Нахл" сүресі, 7-8 аят).

 

 

2.   МҰНАРА МОЙЫН КЕРІКТЕР

 

Біз көбіміз көзбен көрмеген, тек теледидар арқылы тамашалап жүрген керіктер жайлы не білеміз?

Керіктің дене мүшесіндегі ең ұзын бөлігі – мойын. Үлкен керіктердің мойынының ұзындығы3-4 метрге жетеді. Бұл үлкен мойын оларға ағаштың ең басына жетіп, балауса бұтақтардың ең дәмдісін жеуіне мүмкіндік туғызады.

Керіктер мойынын сауырына қысып, түрегеп тұрып ұйықтайды және зебралар секілді оларда да табын ұйықтағанда күзетуші керіктер болады.

 Жерден су ішер кезінде керіктерге қауіп төнуі мүмкін. Қандай дейсіз бе? Адамның басына қан құйылып кететіні сияқты, 5-6 метр биіктіктен жерге жылжыған басқа да қан құйылуы мүмкін ғой. Және адаммен салыстырғанда әлдеқайда қаіптірек. Тіпті бірден өліп кетуі мүмкін. Бірақ, бәрін Білуші Алла Тағала керіктерді қан құйылудан ада етіп жаратты.

Керіктердің денесі дақ-дақ болып келетіні неліктен деп ойлайсыз? Керіктерге ерекше сұлулық беретін бұл дақтар қорғаныс қызметін де атқарады. Арыстаннан қорғану үшін, бойының ұзындығына қарамастан орман ішінде байқаусыз, елеусіз болуына көмек береді.

Сонымен қатар, керіктер сағатына 55-60 км қашықтықты жүгіріп өте алады. Бір қызығы, керіктер жүгірер алдында  мойынын теңселте бастайды, бұл бейне бір автокөліктің алға-артқа жүруді реттегіші секілді. Және жүгіргенде құйрықтарын тікірейтіп алады.

Енді ойланыңызшы, айдалаға үй салатын құрылыс заттарын апарып тастадыңыз. Араға 5 жыл салып сол жерге қайта барсаңыз, желдің, жауынның әсерінен жаңағы заттардан өздігінен үй пайда болыпты. Осыған сенесіз бе? Жоқ, әрине! Сол сияқты, әлем де, ондағы жануарлар да өздігінен пайда болмады. Барлығын екшеп, өлшеп жаратқан Иесі бар. Осынша нығметтің үстінде жүріп, көріп-біле тұрып болмашы жаратылысқа табыну, маған бақыт сыйлайды деп сену ақылға қонымды ма?

"Ақиқатында, сендердің Раббың – әр-Рауф /өте Мейірбан/, әр-Рахим /ерекше Мейірімді/" ("Нахл" сүресі, 47-аят).

 

3. ЖОЛАҚТЫ ЖЫЛҚЫ

Зебралар терілерінің жолақтығы болмаса жылқыға өте ұқсас жануарлар. Ұқсастықтары сонша, оларды "жолақты жылқы" деп атағың да келеді.

Зебраның терісіндегі қара жолағы оған қауіп төндіретін жыртқыштардан қорған болатынын білесіз бе? Арыстан немесе жолбарыс секілді жыртқыштар шабуыл жасаған жағдайда зебралар табыны бірігіп қорғанса, жолақтарының арқасында алып бір зебра болып көрінеді. Осыған қарамастан бір зебраның жолағы екіншісіне ұқсамайды. Адамның саусағының ұшындағы кішкене сызықтар арқылы сіздің саусақ таңбаңыз алынады, және ол екінші адамда қайталанбайтыны секілді зебралардың да жолақтары бір-бірін қайталамайды. Сонымен қатар өте жылдам жүгіретін жүйрік зебралар бір күнде азық іздеп 50 км қашықтықты жүріп өтіп, кеш батқанда өз отарларына қайта оралады екен.

Зебралардың сүттері ақ емес қызғылт түсті болады. Жаңа туған зебра бірден анасының бауырына жүгіріп, осы сүтті емуге кіріседі. Бұл сүтте жаңа төлге күш беретін, сүйектерін қатыратын, қорек болатын элементтердің барлығы бар. Мұның барлығы кездейсоқ немесе өздігінен болмағаны, бәрін де Жаратушы бар екені айтпаса да, айқын нәрсе.

Жыртқыштардан жүгіріп не бірігіп қорғанатын зебралар ұйқы кезінде қалай қорғанады деп ойлайсыз? Зебралардың көздері қырағы, құлақтары сақ келеді. Табын ұйықтаған кезде 2 немесе 4 зебра ұйықтамай табынды күзетеді. Қауіп төне қалған жағдайда өзгелеріне хабар беріп, ояту үшін. Адамдардың тіршілігіне қалай  ұқсайды десеңізші?

Сіздіңше осының бәрін мінсіз жаратқан Алладан өзге құлшылыққа лайық Тәңір бар ма?

 

4. ҚОЙ МЕН ҚОЗЫНЫҢ МАХАББАТЫ

Жаңа туған қозы мен анасы арасында бір-бірін отар қойдың ішінен жазбай танитын ерекше байланыс бар. Бұл байланыс қозы туылған сәтте-ақ орнап үлгереді.

Қой жаңа туған қозының сыртқы қаптамасын жалап, сол арқылы оның иісін есіне сақтайды. Сондықтан да олар отардың ішінен өз қозысын ойланбай тани алады. Жайылымда жүріп қоздап қалған қой, кей жағдайда қозысын жалай алмай қалуы мүмкін. Осындай жағдайда қозыны енесі алмай, емізбей кетеді. Бұлай болмас үшін, қоздаған қой жаңа туған төлін міндетті түрде жалауы тиіс. Құдіреті шексіз Алла Тағала қойларға қозыларынан ажырап қалмас үшін осындай қасиет берді.

Сонымен қатар қойлар жаңбыр кезінде қозыларынқайда жасырады деп ойлайсыз? Әрине, қойдың ылғал өткізбейтін терісі мен қалың жүні. Сондықтан, қойлар қозыларын бауырына алып, жауыннан қорғайды. Олардың терілерінің қалың қабыршақтары мен жүндері су өткізбейтіндей етіп жаратылған.

 Қозы жеген шөптерін толыққанды қорытуға қауқарсыз. Бұл үшін Алла Тағала қойларды және басқада шөп қоректі жануарларды "күйсеу" қабілетіне ие етіп жаратты. Қойлар күндіз жеген шөптерді, кешкісін "күйіс қайыру" арқылы қорытады. Яғни, азқазанына түскен шөптерге ауыз қуысынан сөл бөлу арқылы жұмсартып, колориясын денеге таратады.

Қойлар, адамдарға көптеген пайда әкеледі. Ішсең – сүт, жесең – ет, кисең – киім болады. Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде: "Ақиқатында, сендер үшін малдарда да ғибрат бар. Сендерге олардың қарнындағы қорытылып жатқан мен қанның арасынан ішушілерге сенімді болған таза сүтті ішкіземіз" ("Нахл" сүресі, 66-аят).

"... Малдардың терілерінен көшіп-қонғанда жеңіл алып-жүретін үйлерді жасады. Әрі сендерге олардың жүнінен, түбітінен және қылынан жабдықтар мен бір уақытқа дейін пайдаланатын бұйымдарды да /пайда етті/" ("Нахл" сүресі, 80-аят).

Бізге осынша нығмет берген Алланы қалай мадақтамасқа?!.

 

5.     СӘБІЗ СҮЙГІШ ҚОЯНДАР

 

Барлығымызға сәбіз жегіш ретінде ғана таныс қоян жайлы не білеміз? Оның бізге беймәлім тұстары қандай?

Қоянның жанына жақындамақ болсаңыз, оның бірден үркіп, қашып кететініне куә боласыз. Тіпті олар жерден басын алмай қоректеніп жатқанның өзінде, сыртқы жаулардың жақындауын тез сезеді. Себебі, оның ұзын құлақтары өзіне төнген қауіпті алдын ала естірту үшін жаратылған.

Ересек қояндар бір рет секірген кезде 50-70 сантиметр қашықтыққа жете алады. Қоянның артқы табандары алдыңғысына қарағанда ұзын әрі мықтырақ. Осы артықшылығының арқасында қояндар сағатына 60-70 шақырымды жүгіріп өте алады. Тіпті қоян орташа жылдамдықпен жүріп отырған автокөліктен де озып кетуі мүмкін. Кез келген қоян бұл мүмкіндікке ие. Алла Тағала оларды жауларынан қорғана алу үшін жылдам жүгіретін етіп жаратты.

Сонымен қатар сәбізді өте жақсы көретін қоянның үздіксіз өсіп отыратын алдыңғы екі тісі де, арнайы сәбізді жақсы кеміру үшін жаратылған. Және суық өлкелерде өмір сүретін қояндардың түсі қыс кезінде ақ түске ауысады. Себебі, қардың үстінде елеусіз болып, өзіне төнетін қауіптерден қорғану үшін.

Көріп отырғанымыздай әрбір жануардың өзіне тән ерекшелігі, өмір сүруіне қолайлы етіп жаралуы кездейсоқ емес. Бәрінде жаратушы бір Алла бар. Алланың осынша нығметін көріп, мадақтамау мүмкін бе?

"... Әрі Біз шүкір етушілердің /берген игіліктерімізге алғыс білдірушілердің/ қайтарым сыйын жақында береміз" ("Имран" сүресі, 145-аят)

 

 

6.     ҚҰМЫРСҚАЛАР ҚАЙДА ӨМІР СҮРЕДІ?

 

Егер бір тіршілік иесі екіншісіне жәрдем беріп, оның қажетін өтеп, өзін қолайлы сезінуіне үлес қосып жатса, онда мұны – кездейсоқтыққа теңеу дұрыс па? Бұл тіршілік иелерінің бір-біріне пайдалы болуы осындай жүйені ойлап тапқан Жаратушының барын дәлелдейді емес пе?

Ең қарапайым мысалды құмырсқалардан алайық.  Кейбір өсімдіктерде биологиялық тілде domatia деп аталатын қуыстар болады. Бұл қуыстардың басты міндеті – құмырсқалар тобырына пана болу. Тропикалық аймақтарда құмырсқаларға таптырмас пана болатын бұл өсімдік өз ішінен құмырсқаларды тойдырарлық азық болатын зат бөледі екен. 

Құмырсқалардың Philidris деген түріне ұя болатын тағы бір өсімдікті де мысалға алуға болады. Ол өсімдік Dischidia major деп аталады. Бір қызығы бұл өсімдік ешқандай жерден өсіп шықпай, тек өзге өсімдіктердің арасында екі жағы да тесік үңгір іспетті болып өседі. Құмырсқаға пана болатын бұл өсімдік аптап ыстықтарда ешқандай тамырдан нәр алмаса да ішкі бөлігін салқын ұстайтын қасиетке ие. Өзі еш тамырсыз әрі салқындатылған орын арнайы құмырсқаларп үшін жасалғаны анық. Бұны өзінен өзі, кездейсоқ пайда болды деу ақылға сыйымсыз. Бәрінде Жаратушы бір Алла!

"Аспандардың және жердің жаратылуы әрі Оның оларда әрбір жандыны таратуы – Оның белгілерінен. Әрі Ол қалаған кезінде оларды жинап алуға Құдіреті жетуші" ("Шура" сүресі, 29-аят).

 

7.     ҚАРАҚҰЙРЫҚ ДЕНЕСІНДЕГІ САЛҚЫНДАТҚЫШ

 

Технологоияның дамуымен адам баласы салқындатқыш құралдарды ойлап тапты. Алайда, адам баласы салқындатқыш жүйені  ең алғаш пайдаланушы емес. Барлық жылықанды тіршілік иелерінің ағзаларында дене температурасын бақылаушы жүйе бар. Мысал ретінде Африкада өмір сүретін киіктің бір түрі –жүйрік қарақұйрықты алсақ болады. Қарақұйрық жауларынан қорғану үшін өте үлкен жылдамдықпен жүгіруі тиіс. Ал жүгірген кезде дене температурасын қалыпты сақтап отырмаса, ол өліп кетуі мүмкін. Өлмес үшін қарақұйрықтың миы әрдайым дене температурасын бақылап, түсіріп отыруға тиісті. Бұл үшін қарақұйрықтың басының оң жақ бөлігінде тек қана осы жануарға тән арнайы салқындатқыш орталық бар.

Қарақұйрықтарда және осы тектес жануарлардың тыныс арналарында үлкен қан айналымын жасаушы жүздеген ұсақ күретамырлар бар. Жұтылған ауа осы ұсақ күретамырлардан денеге өткенде салқындатылып, соңында жиналған қанды миға жеткізеді. Сондықтанда қарақұйрықтар үлкен жылдамдықпен жүгірген кезде дене температуралары оларға зиян беретіндей дәрежеде көтерілмейді. Бұл жүйе біртіндеп, келе-келе пайда болды деу мүмкін емес. Егер бұл жүйе болмаған болса, қарақұйрықтар жүгіру кезінде ыстықтан  өліп кеткен болар еді.

Кез келген саналы адам бұл жүйенің кездейсоқ жаратылмағанын, бәрінің де Жаратушысы барын біледі. Жоғарыда келтірген мысал, осының кішкене ғана айғағы.

"Егер ақылдарыңды істететін болсаңдар, Ол шығыс пен батыстың әрі екеуінің арасындағылардың Раббысы" ("Шуъара" сүресі, 28 аят).

 

8.     ҰШАТЫН ТИІНДЕРГЕ ТАҢҒАЛ!

 

Әрбір жан-жануардың, жәндіктің немесе өсімдіктің құрылысына көз жүгірткен сайын біз Алланың шексіз құдіретіне куә боламыз. Мысалы, сіз ұшатын тиіндер жайлы естіп пе едіңіз?

Ұшатын тиіндер Аустралияда өмір сүреді. Олардың дене пішімі 45-90 см аралығында ғана болады. Қара ағашты мекен ететін бұл тиіндер бір ағаштан келесі ағашқа еш қиындықсыз ұшып жете алады. Ұшу үшін олар табандарындағы арнайы жалпақ жарғақшаларын пайдаланады.

Ұшатын тиіндер алдыңғы аяғынан артқы аяғына қарай созылады. Осы екі арада шашақ секілді қылтанақтар бар. Парашют секілді деуге келеді. Бір ағаштан екінші ағашқа секірген кезінде тиынның осы шашақтары созылады. Тиін бір секірген кезде 30 метрге дейін ұша алады екен. Ғалымдардың айтуынша, тиіннің 6 рет секіруі 530 метр аумақты алады екен.

Біздің көзімізге қарапайым болып көрінетін тиіндердің ішінде ұшу қабілетіне ие тиіндер де бар екені, және оның бәрін еш мінсіз етіп жаратқаны сізді ойландырмай ма? Кез келген саналы адамға осының барлығы кездейсоқ пайда болмағаны анық.

 

"Ақиқатында, сендердің құдайларың – Алла, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Оның білімі барлық нәрсені қамтыған" ("Тә Һа" сүресі, 98 аят).

 

9.     ҚЫРАНҒА ҚАРА!

 

Егер құстардың дене бітіміне көз жүгіртсек, олардың ағзасы ұшуға бейімделіп жасалғанын көреміз. Мысалы, қай жағынан алып қарасаңызда барша құстан жүйрік бүркітті алып қарайық. Бір ғана бүркітте 7000 қауырсын болады екен. Алайда осынша қауырсын бірігіп 500 гр ғана салмақты құрайды. Бүркіттің салмағы жеңіл болуы үшін оның сүйектерінің іші тек қана ауамен толтырылған. Бүркіттің барлық сүйегін қосқанда 272 гр. ғана құрайды. Қысқаша айтқанда, құстар ұшу үшін дәл осылай мінсіз жаратылған.

Қанатының орналасуын өзгертудің өзі бүркіттің ұшу жылдамдығына әсер етеді. Егер бүркіт жылдам ұшуды қаласа, ауаны кескілеу үшін желдің бағытына қарама-қарсы бағытта, қанатының алдыңғы бөлігін тіктеп ұшады. Ал, асықпай ұшуды қаласа қанатын кеңге жайып қойса, жеткілікті.

Бүркіттердің көзінде никтатинді жарғақша бар. Ол олардың көздерін тазалап әрі сыртқы қауіп-қатерден қорғап тұратын қабақ іспеттес. Бүркіттер балапандарына тамақ бергенде  балалары көздерін шұқып алмас үшін көздері жабық болады.

Соншама үлкен жылдамдықпен ұшуға қабілетті бүркіттер қонар кезде жайлы қону үшін де қауырсындарын пайдаланады екен. Үлкен жылдамдықпен ұшу кезінде жерге қону үшін олар құйрықтарындағы қауырсындарын жаю арқылы қонады.

Бір ғана бүркіттің ұшып-қонуы, өмір сүруіндегі мінсіз жүйе өзінен-өзі, кездейсоқ құрылмаса керек. Келтірілген мысалдардың барлығы да Жаратушының, Әлемердің Раббысының барлығын дәлелдейді.

 

10.      БҰРАЛАҢ МҮЙІЗ БҰҒЫЛАР

 

Мүйізді жануарлар жайлы не білесіздер? Олардың мүйіздерінің қалың әрі мықты болатынын естідіңіз бе? Олар туылғанда мүйіздері жоқ бұғыларға осынша күшті мүйіз қалай шығады?

Бұғының баласы өмірге мүйізсіз келеді. Сосын біртіндеп мүйіз өсе бастайды. Жас бұғылардың мүйіздері әлі теріні жарып шықпаған төмпешікке ұқсас болса, 6 жасар бұғылардың мүйізі барынша үлкен болады. Бұғылар 6 жасқа толғаннан бастап қартая бастайды. Өмірінің белгілі бір уақыты өткеннен кейін бұғы мүйізі түсіп, орнына жаңа мүйіз өсіп шығатын болады.

Өмір бойы ауыр мүйіздерді арқалап жүру бұғыларға не үшін керек? Мүйіздің оларға қандай пайдасы бар?

Әрине, Ұлы Жаратушымыз еш нәрсені себепсіз жаратпады. Бұғыларға мүйіз қорғаныс үшін керек. Дұшпандарынан өздерінің қатты мүйіздері арқылы қорғанатын бұғылар түн кезінде отарын қорғауға күзетке тұрады. Қауіп төне қалған жағдайда алдымен бар дауысымен ырылдап жауын қашыруға тырысады, ол әсер етпесе, мүйізімен қорғанады. Отар ұйқыға кеткенде қорғаныста аталық бұғылардың ең күштілері қалады.

Бұғыларға қорғаныс үшін мүйіз жаратып, олардың отарын аталықтарын жүйелі түрде қорғайтын етіп қойған кездейсоқ жүйе емес Жаратушы екеніне ешкімнің күмәні бола қоймас.

"Айт: "Барлық нәрсенің игілігі кімнің қолында болған әрі Өзі қорғайтын және Одан ешқандай қорғаныс болмайтын /кім?/ Егер білсеңдер /айтыңдар/" деп" ("Муминун" сүресі, 88-аят).

 

ЖАНУАРЛАРДЫҢ КӨЗДЕРІ

Жер астын мекен еткен балық та да, жер үстіндегі жануарлар мен аспандағы құстардың да көруіне мүмкіндік туғызатын көздері бар. Және әрқайсысының көздері иелерінің қажеттіліктеріне орай орналасқан. Көз секілді күрделі ағза өздігінен жаратылмағаны айқын. Бұл жөнінде аз-кем ойланған жанға жануарларды көзбен қамтамасыз еткен Алла екені белгілі. Жан-жануарлардың көздері жөнінде бірнеше мысалдар келтіріп кетейік.

Құстар адамдардан бірнеше есе жақсы көреді. Олар адамдар көре алмайтынұсақ нәрселерді де көреді. Адам бірнешеге бөліп көретін аумақты құстар бір рет қана көре алады. Бұл әсіресе аңға шыққан құстарға көп көмегін береді. Тіпті кейбір құстар адамнан 6 есе ұзақ қашықтықты көре алады. Адам баласы көзін жыпылықтатқан кезде бірнеше секундқа көруін тоқтатады. Ал бұл жүздеген метр жоғарыда ұшып жүрген құстар үшін қауіпті болар еді. Сондықтан да құстар көздерін ашып-жұмған кезде де көре алуы үшін арнайы үлкен қабақтары бар. Ол қабақтар құстар көзін жыпылықтатқанда толық жұмылмауына мүмкіндік туғызады. Және бұл қабақтар су астынан тамақтанатын құстар үшін суға түскен кезде көзіне келетін зияндардан қорғаушы қабықшаның да рөлін атқарады.

 http://i449.photobucket.com/albums/qq220/kliun/kliun_1/kliun_2/kliun_3/kliun_4/grafsofttutografcom2.jpg

 

Келесі мысалға, түйенің көзін алуға болады.  Көзінің астында орналасқан сүйектері сыртқы соққылар мен күн сәулесінің тіке түсуінен қорғаса, ұзын әрі мығым кірпіктері құмды борандарда да көзіне зиян келуінен сақтайды. Сондықтан да түйенің көіне құм түйіршіктері де түспейді.

 

Ал балықтар әлемге нәзік қабықшалы көбен қарайды. Ол қабықшалар су асты көзілдіріктерін еске салады. Көздері суға толып тұрған болса да, қабықшаның арқасында балықтар суда адамға қарағанда әлдеқайда анық көреді.

 

 

 

9649 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !


Пікір жазу үшін, сайтқа тіркеліңіз. Тіркелу

*