22:30 | Емен-жарқын
2017-02-16 (0) (11724)

ҚЫЗДЫ ҚЫЛЫҚТЫ ЕТЕТІН ҚЫРЫҚ ӨСИЕТ

ҚЫЗДЫ ҚЫЛЫҚТЫ ЕТЕТІН ҚЫРЫҚ ӨСИЕТ

 

Бүгінгі қыз – ертең бір әулеттің оң жағын қызартып, отау тігетін келіні. Сол келін өмірге ұрпақ әкеліп, ақ жаулықты ана атанады. Іргетасы мықты соғылған үйдің ұзаққа шыдайтыны секілді, жақсы тәрбиенің қаймағын қалқып ішкен қыздан көргенді келін, білікті ана шығады. Біздің халқымызда қыз баланың ақылды да инабатты, өнерлі де өнегелі болып толысуына арналған қырық өсиет бар:

 

Жарыса сөйлеме;

Жалғыз өзің қыдырма;

Дарақыланып күлме;

Келеңсіз жағдайға орынсыз ұрынба;

Басқаларға қол тигізбе;

Өтірік, өсекке үйір болма;

Суық жүріс, сумаң қылыққа салынба;

Кісіге қарай керіліп есінеме;

Талтайып отырма;

Шалқайып жатпа;

Тамақты ашкөзденіп жеме;

Ұрлық-қарлыққа ұрынба;

Ұятты мүшелеріңді ашып жүрме;

Бұраңдап қылымсыма;

Қызыл іңірде жатпа;

Түске дейін ұйықтама;

Кісі алдында киім ауыстырма;

Салт-дәстүрден аттама;

Адамдарды ғайбаттама;

Үлкендердің жолын кесіп, атын атама;

Ішімдік ішпе, шылым шекпе;

Ұрыс-керіске кіріспе;

Беттен алып, бет жыртыспа;

Ешқашан ысырап етпе;

Рахымсыз,қатыгез болма;

Түнде суға жалғыз барма;

Жат жыныстылармен араласпа;

Күйеуге қашып тиме;

Әдепсіз сөйлеме;

Ебедейсіз, оқыс қимылдама;

Адам мен жануарларды теппе;

Кісіні қорлап, жәбірлеме;

Тәкаппарлық танытпа;

Айқай-сүреңге әуес болма;

Шектен тыс сыланып жасанба;

Қызғаншақтық пен күншілдікке бой берме;

Менмендік пен өзімшілдікке салынба;

Адамдарды алдап-арбама;

Көрсеқызарлыққа құштар болма;

Және нәпсі құмарлықты өзіңе дос етпе!

 

Міне, қазақ қызы осындай қырық өсиеттен тәрбие алып, болашақ жарының, отбасының ұйытқысы мен берекесі бола білді. «Қызға қырық үйден тыйым салу» деген даналық бар.  Бұл барлық нәрсеге тыйым деп шектеулік қойып қана қоймай, ана мен әкенің мейірімі мен алақаны арқылы тәрбиенің негізін қалау. Қыздарымыздың көз жасы көл болмасын десеңіз, ата-анамыз көрсеткен тура жолды қыздарымызға да нұсқап көрсеткеніңіз абзал.

11724 рет оқылды