Отбасы 2017-01-24 (0) (9910)

2016 жылы Қазақстанда 51 775 отбасы ажырасып кеткен

2016 жылы Қазақстанда 51 775 отбасы ажырасып кеткен

 

2016 жылы Қазақстанда 140 840 неке тіркелген. Дегенмен осы бір жыл ішінде 51 775 отбасы ажырасып кеткен. (140 840 некенің емес, жалпы алғанда ажырасқандар). Бұл туралы Қазақстан телеарнасының жаңалықтар шығарылымы хабарлайды.
 

Былтыр ОҚО 21 344 неке қиылып, 5067 отбасы ажырап кеткен. Ажырасу саны бойынша Алматы (5 963), Алматы облысы (5 137), ОҚО (5067), Қарағанды облысы (5 055) және ШҚО (4859) өңірлері алдыңғы орында. Сондай-ақ ақпаратта ажырасулар статистикасы бірнеше жылдан бері жақсармай тұрғаны айтылған. Бұдан бөлек жеке және мемлекеттік сот орындаушылардың өндірісінде алиментке қатысты 191 000 сот актісі бар екені айтылған. 2016 жылғы отбасын құру мен ажырасулар саны өңірлер бойынша төмендегідей.

2016 ж. Үйленгендер/ ажырасқандар

 АСТАНА Қ. 11 299/ 3 693

 АЛМАТЫ Қ. 16 645/ 5 693

 Ақмола облысы 4859/2391

 Ақтөбе облысы 6 749/ 2 450

 Алматы облысы 15 374/ 5 137

 Атырау облысы 4 891/ 1 424

 Шығыс Қазақстан облысы 10 231/ 4 869

 Жамбыл облысы 8 067/ 2 471

 Батыс Қазақстан облысы 5 030/ 1829

 Қарағанды облысы 10 737/ 5 055

 Қостанай облысы 5 627/ 3 125

 Қызылорда облысы 5656/1 822

 Маңғыстау облысы 5 590/ 1 470

 Павлодар облысы 5 173/ 2 958

 Солтүстік Қазақстан облысы 3568/ 2 051

Оңтүстік Қазақстан облысы 21 344/5067

 

Baq.kz

9910 рет оқылды