11:10 | «Маңызды мәселе» – Қайталау
2017-01-08 (0) (8608)

WHATSAPP әдептері

WHATSAPP әдептері

 

WhatsApp сенің де серігіңе айналды ма? Ендеше, кейбір әдептерді көңілге тоқып алғаның дұрыс! 

Хаттарыңа дер кезінде жауап келмесе, оған  салмақты себеп ізде. Тіпті хатыңның діттеген кісіге жеткеніне, бауырыңның желіде отырғанына толық көзің жетсе де, ол туралы жаман ойлаудан аулақ бол! Егер үзір таппасаң: «Мүмкін ол кісіде мен білмейтін бір себеп болған шығар» деген ойға орын бер! Бұл – бауырыңа деген ойыңның таза болуына септігін тигізіп, шайтанға есік ашқызбайды.

·         Пайдалы мәліметті кімнен болса да қабыл алғаның абзал. Даналық – мұсылманның  жоғалтқан дүниесі. Жіберушіге деген менсінбеушілік сезім жақсылықтан махрұм қалдыруы мүмкін.

Өзгемен пайдалы дүние бөлісуге ниетің болса, ең жақсыларын таңдап тарат. Бұл сенің хаттарыңа деген қызығушылықты арттырады. Өзіңе келген хаттардың барлығын қайта таратуды әдетке айналдырма.

·         Кейде жамандықтарды ескерту үшін жіберілген хаттар керісінше жамандықпен таныстырып, оның жарнамасына айналуы мүмкін. Сақ бол!

·         Еш мән-мағынасы жоқ, бос сілтемелерді жібермеу немесе сілтеменің дұрыстығын тексеріп алу –WhatsApp қолданушының әдебі екенін ұмытпа.

·         Шариғатқа қайшы дүниелерді жіберушілерден болма. Мәселен: дәлелсіз құр қауесет, әйел адамның (жартылай жалаңаш) суреттері, мазақ пен келекені қамтыған жазбалар мен бейнероликтер, (тұшымсыз әуендер) т.б.

·          Ғылыми, шариғи мәліметтердің сілтемесі, авторлары бірге берілген жөн.

·         Хадистердің дұрыстығына (сахихығына) нақты көз жеткізіп барып жібергенің дұрыс.

·         Жазбалар мен мәтіндердің грамматкалық және орфографиялық қателерден ада болуын барынша қадағала. Себебі, кейде Құран аяттарының аудармаларында да осындай қателіктер кетіп жатады.

·         Хабарлама немесе хаттың мүкіндігінше қысқа болғаны дұрыс. Мұндай ақпараттар көзді шаршатпайды, адамды жалықтырмайды, тез оқып, бітіруге шақырып тұрады.

·         Үнемі жіберіліп отыратын дүниелердің уақыт аралығын реттеп отыру қажет. Мысалы, аптасына бір рет немес екі-үш күн сайын. Бұл ретті маусымдарға, белгілі бір шараларға байланысты бекітуге де болады.

·         Жіберілетін уақытты дұрыс таңдай біл! Өзгені жұмыс уақытында немесе түнде мазалаудың әдепсіздік екенін жақсы білесің.

·          Келген хаттарға алғыс білдіру – көркем мінезге тән. Кім адамдарға алғыс білдірмесе – Аллаға да алғыс білдірмегені.

·         Аватарға жазылған сөз бен қойылған сурет – адам болмысының айнасы. Олай болса, салмақты сөз бен мағыналы суретке орын беріңіз.

·         Келген хаттан қате байқасаң, жұмсақтықпен әрі жанашырлығыңды байқата отырып түзетуге тырыс. Алла Тағала Құранда Пайғамбарына (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер сен өктем әрі қатты жүректі болсаң, олар сенің қасыңнан қашып кетер еді» деген. («Әли Имран» сүресі, 159- аят).

 Келтірілген әдептер жиынтығы – жалпы әдептердің аз бөлігі ғана. Біздің мақсат – барлығын топтастыру емес, аз да болса көпшілікке ой салу, жаманнан жиренуге шақыру. Әркім өзіне керегін алар, алар да амал жасар.

8608 рет оқылды