18:30 | Үшінші мегаполис
2016-11-02 (0) (5703)

ҚАЗАҚ МЕДИЦИНАСЫНЫҢ АТАСЫН БІЛЕСІЗ БЕ?!

ҚАЗАҚ МЕДИЦИНАСЫНЫҢ АТАСЫН БІЛЕСІЗ БЕ?!

 

Шипагерліктің негізін қалаған ғұлама ғалым, медицина, философия, астрономия салаларының дамуына сүбелі үлес қосқан Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының қазақ тарихында алар орны айрықша. Оның «Шипагерлік баяны» еңбегі – өз дәуірінің жемісі ғана емес, бүгінгінің де баға жетпес құндылығы. 

 

Қазақтың Ибн Синасы

Қазақтың Ибн Синасы

Қазақ халқының шипагерлік ілімін ғылыми жолмен дамытуда Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы дала зертханасы арқылы 1108 түрлі дәрі-дәрмек түрін, 858 түрлі дәрілік өсімдік пен 318 жан-жануар мүшелері және 60-тан астам металл-металоидтар қоспасынан  жасаған.

Шипагер науқас адамдарға  арнап 1050 түрлі шипаның атауын және 4577 шипалық дәрілік емдік тізбесін ұсынған. Оның 430-дан аса адамның сыртқы және ішкі денесінің анатомиялық тұлғалық атауын жазып қалдыруы, адам денсаулығын қорғау, сақтау,  дамыту мен жақсартудың жетістіктігін өз ұлтына мұра етуі, қазақтың шипагерлік өнеріне жол салғандығын білдіреді.

Ол өз өсиеттерінде: «Мен өз емімді асқан байға да, тақыр кедейге де жасадым», – деп жазды. Яғни, ол адамның байлығы мен мәртебесіне қарамастан, барлығына да шипа жасаған. Ол шипагерлік ілімін өз халқын аралап аурудың сырқатын анықтап, емдеп әрі тәжірибе жасай жүріп өзінің жеке бойындағы көп ғылымдар саласы бойынша біртұтас ілімді байытты. Көргенін, естігенін және білгенін қағазға түсіріп, халқымен ұрпағының денсаулығы болашағын қадірлей, сол замандағы қазақ ханы Әз Жәнібектің тапсырмасымен 1466-1473 жылдары аралығында ханның Ақ ордасында 78 жасында бастап 85 жасында бітірген 5000 беттік қолжазбасы "Шипагерлік баянын" бітіргенімен, ханның кездейсоқ қазасы қолжазбаны ханға көрсетіп оқып беруге жазбады.

Жәнібек хан баға берген шипагер

Жәнібек хан баға берген шипагер

«Менен ұрпақ қалмаса да, күндердің күнінде мені әлемге әйгілейтін
«Шипагерлік баяным» артымда қалмақ», – деп жазды ол кітабында. Бірақ, оның шипагерлігі сол 15 ғасырда-ақ хандардың өзін мойындатқан.  Кезінде
Жәнібек хан ғұлама шипагер онымен алғаш танысқанда шипагерді сынап, байқап, әрі іліміне баға бере келе Өтейбойдақ Тілеуқабылұлына "Қараүзген шипагер" екенсің деген атақ береді. «Қараүзген» деген сөз қазір қолданысымызда болмаған соң, жай адамдар түсіне бермеуі де мүмкін. Өз замандында бұлай айтылған атақты қазіргі академик деген сияқты атақпен салыстыра түсіну керек шығар. Бұл құрмет оның көп салалы гуманитарлық т.б. ғылымдардан да сауатты білімі барлығын, ілімді ірі тұлға екендігін білдіреді. Шипагер: «Іске аспады арманым, қараң қалды. Шың басына шыққанда арандалды» – деген зарлы арманы бес ғасыр өткенде орындала бастады. Қараүзген шипагер өзінің "Шипагерлік баянын" жазарда ғылыми шипагерлікті негізгі арқау етіп алғанымен, тіл, діни тәрбие, мәдениет, әдебиет, тарихи шежіре, этнография, эстетика, этика, философия, психология, астрономия, заң, метеорология, математика, анатомия мен физиология, фармацевтика т.б. ғылымдар саласын бір арнаға топтастырып, адам денсаулығын жақсартып дамытудың негізгі іліміне пайдалану мүмкіндігін, ұлттық этникалық стилді сақтай отырып ұсына білді.

Өтейбойдақ – шешекке қарсы шипа тапқан алғашқы адам

Бұл індет шипагердің талай отандастарының өмірін жалмады және бұған дауа таба алмағаны оның қабырғасына қатты батты. Көптеген ізденістер мен сынақтардан кейін ол қарапайым халық емін ойлап тапты. Емші шешек жарасының іріңін алып, тананың шабын тіліп, соған жақты. Бір аптадан кейін ол жерде ісік пайда болады және оның сұйықтығы шешекпен ауыратын адамның терісіне жағылады. Ал аурудың алдын алу үшін бұл дәріні адамның білегіне жағады. Медицина тарихында шешекке қарсы екпені ағылшын дәрігері Эдуард Женнер алғаш рет 1796 жылы ашты деп есептеледі. Ал Өтейбойдақ осы қауіпті індетке қарсы емді Женнерден көп уақыт бұрын ойлап тапқан.

Өтейбойдақтың өсиеті

Адамға өмір тәттілігі мен жан тәттілігін, отаны мен халқы тәттілігін, отбасы тәттілігі қымбаттығын білдіреді. Бұл мақсат орындалуына бірлік тәттілігінің маңызы зорлығы ашық оймен айтылады. Шипагер еңбегінің ең құнылығының бір жағы адам баласын имандылыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа, әдептілікке, отан сүйгіштікке жету жолдарына дұрыс бағыт беруі. Ол  адам қалыпты өмір сүру үшін мына нәрселерден айырылмау керек екендігін айтады:

S Ақылыңнан айырылма.

S Ел бастаушы көсеміңнен айырылма

S Шешеніңнен айырылма

S Көппен көресің, еліңнен айырылма 

S Жаныңды алса да, сырыңнан айырылма.

S Жаман деп қатыныңнан, көшем деп отыныңнан айырылма.

S Ризғысыз пенде болмас, даяр асың – малдан айырылма.

S Ағайын, туыс, дос-жарансыз кім бар? Болмашқа өкпелеп, досыңнан айырылма.

S Қырық найза қарғы деп, қарқудай баспанаң қосыңнан айырылма.

S Пенде қару санаты бес қаруды тастама. Шыбын жаның шыққанша намысыңнан айырылма.

Қай-қашан да қонаққа тиіспеу. Қонақ дидар-ғайып дегендей, қай мезгілде үйге қонақ келсе қарсы алып, күтіп алу мағынасында айтылған.

Қай-қашан да көршіге тиіспеу. Қазақ көршісін ренжітпеген, көршілермен тату-тәтті болуды дәріптеген.

Қай-қашан да елшіге тиіспеу. Cонау жаугершілік заманнан бері екі жақ елшіге тиіспеу туралы келісім жасасқан. Қай-қай елшіге де тиісуге болмайды.

Өзіңді зор, басқаны қор деме. Көппен көрерсің, еліңнен айырылма, өзіңді мықтымын деп өзгені қор санауға болмайды.

Кебенек іші мың арып, мың семірмек. Жаныңды алса да, сырыңнан айырылма. Адамдар өмірде бірде азап шексе, бірде рахат көреді, құпияны сақтай білу, өзіне опасыздық жасамау керек.

Жаман деп қатыныңнан, көшемін деп алып қойған отыныңнан айырылма. Өз туыс, ағайындарыңнан безбе, өзіңе-өзің мықты бол.

Пенде қадір санаты бес қаруды тастама. Шыбын жаның шыққанша намысыңнан айырылма, жаман жолдасың болса, жаныңда қанжарың болсын, өлімнен ұят күшті, кезі келгенде намысты қорғай білу керек.

Оның бұл философиялық ой толғамы адалдыққа, батылдыққа, парасаттылыққа, отаны мен халқын қорғауға  ақыл-кеңесі екенін айқындайды.

Бүкіл әлем Ибн Сина мен Әбу Насыр әл-Фарабидің ұлы туындыларын білетінін ескерсек, маңыздылығы жағынан олардан қалыспайтын еңбек жазған Өтейбойдақтың есімі де қазақ халқы үшін ұмытылмайды...

 

 

5703 рет оқылды