Намаз – кәлимадан кейін парыз болған ұлы ғибадат. Сондықтан да, Алласын танып, иман келтірген әрбір пенденің жүрегінде намазға деген құлшыныс бар. Құлшыныспен бірге күдікті ойлар қатар жүреді. Бұл сөзсіз – діннің емес, жынның ісі. Сіздің санаңызды жаулаған көптеген күдіктерді сейілту мақсатында намаз бастауды жеңілдететін аз-кем кеңестерімізді ұсынбақпыз.
1. «Бес намаздың сөздері мен әрекеттерін жаттау қиын»
Көпшілік адам «Бес уақыт намаз әр түрлі оқылады, оны бастау үшін бес уақыт намазды жаттауың керек» деп ойлайды. Бұл ойдың нәтижесінде намаз бастау өте қиын деген тұжырым шыға келеді. Жоқ, тіпті олай емес. Негізі 2 бас яғни 2 ракат намазды оқуды үйренгенің – бес уақыт намазды үйрендім деген сөз. Себебі, бес уақыт намазда да сол 2 ракат үшін жаттаған сүрелер мен дұғалар қайталанады. Қалған намаздардың тек аты мен ракат санында ғана айырмашылық бар.
2. «Намазды уақытында оқымаудан қорқамын»
Намаз бастағалы жүрген әрбір адамның ойында намазды уақытында оқи алмауға деген қорқыныш бар. Біз мұны жауапкершіліктен деп сезінеміз. Алайда, біліңіз, бәрі де сіз ойлағаннан басқаша. Мәселен намаз уақыттарына көз жүгіртіңізші:
1.Таң намазы: таң ағарып атқан уақыттан бастап,күн шыққанға дейін (шамамен бір жарым сағат уақытыңыз бар);
2.Бесін намазы:күн төбеден ауған уақыттан бастап әр заттың көлеңкесі екі есе ұзарғанға дейін (шамамен үш сағаттан аса уақытыңыз бар)
3.Екінті намаз: әр заттың көлеңкесі екі есе болғаннан бастап күн батқанға дейін (шамамен бір сағаттан астам уақытыңыз бар);
4. Ақшам намазы: күн батқаннан бастап (күнбатыстағы) қызыл шапақ кеткенге дейін (жарты сағат ішінде оқып үлгеру ләзім);
5.Құптан намазы: қызыл шапақ кеткеннен бастап таң атқанға дейін.
Намазды алғашқы кірген уақытында оқу – Алла Тағалаға ең ұнамды абзал іс. Ал дәл уақытында ыңғайы келмесе, уақыты шықпай тұрып үлгерсе болғаны. Алайда мұны әдетке айналдырмаған жөн.
3. «Намаз оқуға дайын емеспін, өзі уақыты келеді»
Намазды ешкім ешуақытта толық дайын болып барып бастамаған. Бұл лағынеті шайтанның адамды өзіне пайдалы іске жақындатпау үшін салатын арамза ойы. Әйтпесе, адамға намаз бастап кету үшін оның парыз екендігі жайлы аз ғана ақпараты болуы жеткілікті. Адам өзіне нақты ақшалай табыс әкелетін істі көріп-біле тұра, ешуақытта «уақыты келеді» деп айтпайды. Ұмтылады, жарысады, өзгеден бұрын жасап қалуға тырысады. Ал намаз – екі дүниенің жақсылығының барлығын бойына қамтыған, қысқа ғана жеңіл амал.
4. «Намазды бастасам, тастап кетемін бе деп қорқамын».
«Намаз бастасам ба деп жүрмін» деген ойыңыз пайда болғаннан-ақ: «Әй қаза етіп қойсаң қайтесің? Намазды өйтіп қорлағанша оқымай -ақ қойғаның дұрыс, тастап кетсең күнәсі ауыр. Бей намаздан кей намаз жаман деген» деп жынның шайтандары азғырса, екінші шетінен жанашыр-мыс болып жүрген достар дүрліктіреді. Біреу тек бестікпен оқитын бастауыштағы баласына: «Кейін жоғарғы сыныпқа барғанда бәрібір нашар оқисың, «үштік», «екілік» аласың, қазірден бастап оқымай-ақ қой» деп айта ала ма?! Болашақты ешкім білмейді. Намазды тастамаймын деп ынтамен оқыған адам ешуақытта тастамайды, тастап кете алмайды. Оның мысалы – шешініп алып, суға түсуге жүрексініп, бата алмай тұрған адам секілді. Өзін жеңіп, күмп етіп ішіне түскеннен кейін біраздан соң бой үйреткені соншалықты сыртқа шыққысы келмейтіні бар емес пе?! Жан дүниесі сергіп, рахатқа бөленбей ме?! Намаз мұндай сезімді жүз есе артығымен сыйлайды. Күмәнің болмасын. Сізге айтар өсиетіміз:
«Соқырға бал ұсынаң итереді
Дәмін татып көрген жоқ қайтер енді
Келген балдан бір қасық жеген болса,
Төрт аяқтап өзі іздеп кетер еді».
5. «Намазды қаза қылудан қорқамын».
Анда-санда бір намазын қаза етіп алған адаммен, мүлде оқымай, мыңдаған намазын қаза етіп жүрген адам Алла алдында тең болуы мүмкін емес. Оның үстіне Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларымен сапарда жүргенде намазға азан айтып оятатын Біләл (оған Алла разы болсын) ұйықтап қалып, кейін таң намазының қазасын қалай өтегендігі жайлы оқиға хадистен жеткен. Сондықтан бұл жағдайдың да шешімі бар. Намаз деген Жәннаттың ұлы кілтін қолына ұстаған адам өзі мәңгілікке Жәннаттан қуылған шайтанның қызғанышын туғызбай қоймайды. Енді біреу сізге осылай айта қалса, мұны тек шайтанның салған шатпағы деп түсініңіз. Сол себептен кеше дәрет алуға дайын краннан ағып тұрған жылы суы, не түзге шығатын қолайлы дәретханасы жоқ уақытта да «Бес уақытта бес намаз, біреуі қаза қалмасқа» деп бір намазын қаза етпеуге тырысқан Бұхар бабамыздың бүгінгі ұрпақтары бар жағдайы жасалған қоғамда өмір сүріп, ең болмаса жұмаға басын сұқса екен деп жүргеніміз ұят- ақ.
6. «Намаздың сөздерін жаттау қиын, әріптерді дұрыс айта алмаймын ба деп қорқамын».
Алғашқы уақытта қағазға қарауға, үлкен әріптерді плакатқа жазып, қабырғаға іліп қойып оқуға болады. Намаз сөздері жазылған кітапты мешіт алдындағы дүкендерден 100-200 теңгеге алуға болады. Керек десеңіз, құлаққап киіп оқуға мүмкіндік беретін электронды жайнамаздарды қолжетімді бағада сатып ала аласыз. Немесе намазхан танысыңызға ұйып оқып үйреніңіз. Сондай-ақ, мешіттегі жамағат намазына қатысып үйреніп кетуге болады. Себебі мешіт пен жамағаттан шайтан барынша алыс болады.
7. «Намазды бастайын десем жұмыста оқуға мүмкіндік жоқ, жұмыс орным таза емес»
Шариғат бұйырған бұл амалды орындау өте жеңіл. Адамды жаратқан Алла құлының жай-күйін, хал-ахуалын оның өзінен артық жақсы біледі. Соған сәйкес құлшылықтарды да жеңілдетіп, ақылға сыйымды ретпен оңайластырған. Мысалы дәрет алуға мүмкіндік жоқ кезде (ауру, сапар, күннің суықтығы т.б) «тәяммум» (топырақпен немесе шаңмен білегіңізді, бетіңізді сипайсыз) алуға рұқсат етіледі. Намазды тұрып оқи алмаған адамға отырып оқу, орнынан қозғала алмайтын адам үшін жатып оқу рұқсат етілген. Намаз – ұлы амал, сондықтан, тазалықты талап ететіні хақ. Дейтұрғанмен, жердің не киімнің кір, шаң-топырақ болуы намазға кедергі болмайды. Киім мен орында нәжіс болмауы керек. Әрі Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тек қабір мен моншадан басқа барлық жерде құлшылық жасауға рұқсат берген.
8. «Намаз оқуға ерінемін, әсіресе, таң намазына тұру қиын».
Ең бастысы ынта және оқимын деген шынайы ниет болу керек. Керісінше адам бойындағы еріншектік пен жалқаулықты жеңетін бірден-бір амал – намаз.
Таң намазына уақытылы тұру үшін күнделікті жататын уақыттан аздап ертерек ұйықтау қажет. Жатар алдын тамаққа тойып алмаған жөн. Дәретпен жатқаныңыз тән, жан саулығына пайдалы. Төсекке жатарда Аллаға дұға жасаңыз. Сабаққа немесе жұмысқа оятып жүрген оятарды (будильник) пайдаланыңыз. Тіптен болмаса, намаз оқитын жолдасыңызға оят деп өтінсеңіз, қуана-қуана көмекке келер еді.
9. «Намаз оқу уақытымды алатын секілді...»
Намаз уақытты еш ысырап етпейді. Керісінше намаз күнделікті қым–қуыт тіршілік, алыс–беріс, барыс–келіс, оқу, жұмыс секілді мазасыздықтан адамды азат етеді. Сөйтіп, жанын тыныштыққа кенелтіп, жүрегіне сабыр тапқызады. Бүткіл дене мүшелерін демалдырып, қан айналымын қалыпқа түсіреді. Әрі әрбір күніңіз бес уақытқа бөлінгендіктен керісінше уақытыңызды үнемді пайдаланасыз. Белгілі бір жағдаймен намаз оқымай қалған адамдар «бұрын намазсыз қалай өмір сүргенімді түсінбеймін» деп жататындығы да осыдан болар... Әрбір екі ракат намаз үшін адамның бес минут қана уақыты кетеді. Бұл бес минутты қарапайым күндері әлеуметтік желілерге, бос әңгімеге жұмсап жүрміз ғой?!
10. «Дәрет алуды қиынсынамын».
Дәрет алуға мүмкіндік жоқ кезде (ауру, сапар, күннің суықтығы т.б) «тәяммум» (топырақпен немесе шаңмен білегіңізді, бетіңізді сипайсыз) алуға рұқсат етіледі Ұйқыдан тұрып, дәрет қыспаса немесе дәретті жел шығарып, бұзып қойған жағдайда дәретханаға бару шарт емес. Бірден сумен қол-аяғын жуып дәрет ала береді. Дәретханада (үлкен не кіші дәрет сындырғанда) суық тиіп ауырып қалудан қорықса, су орнына қағаз не топырақ пайдалануға болады.
11. «Намазды дұрыс оқымасам не істеймін? Қате оқып қойсам күнә болады ма?»
Қазақта «көш жүре түзеледі» деген әдемі бір сөз бар. Үйрену кезінде жіберген қателіктер, шатасулар Алла тарапынан кешіріледі. Мейірімді ана баласының кез-келген қателігіне кең жүрекпен, түсіністікпен қарамай ма?! Ал анамыздан мейірімі миллион есе артық Жаратушымыз Өзінің бұйрығын орындау жолындағы қателігімізді кешіретіндігіне күмәніміз жоқ болуы керек. Сахих хадистердің бірінде Құранды қиналып оқыған адамның екі есе сауапқа кенелетіндігі сүйіншіленген.
12. «Намаз оқиын десем ата-анам қарсы»
Асыл дініміз ата-ананың хақысына аса жоғары құрметпен қарайды. Тіпті, Алла Тағала олардың хақысын Өзінің хақысынан кейінгі орынға шығарған. Олардың қабақтарына кірбің ұялатып, жүректеріне қаяу салатын «туһ» деген сөзді айтуға да тыйым салынады. Алайда Жаратушы Алла Тағалаға хақысына байланысты намаз құлшылығына келсек, бұл – әрбір адамның міндеті. Әке-шешеге бойсұнып, намазды тастауға болмайды. Бұл жерде Алланың хақысы жоғары тұрады. Бірақ әке-шешеге өте жұмсақтықпен сый-құрмет көрсете отыра намазды тастай алмайтындығын білдіруі қажет. Олар қанша ұрысып, зекіріп, ұрып-соқса да қарсы келуге тиым етіледі. Істеріне сабыр етіп, барынша көркем мінезбен мәміле жасау бұйырылған. Перзент ата-анасына Алладан тура жол, имандылық сұрап дұға етсін. Алла осылай жасаған пендесін жауапсыз қалдырмайды.
13. «Ниетім таза, жүрегім ақ»
Сылтау ма, күмән ба, әйтеуір «Ниетім түзу, жүрегім ақ, біреудің ала жібін аттаған емеспін» дейтін көпшілік қатары көп.
Біліңіз, ниет – адамның әр амалының басында тұратын ішкі ойы. Егер ниетіміз дұрыс, әрі жүрегіміз ақ болса, онда ыдыстағы сүт қайнағанда сыртына таситыны сияқты, ол ниетіміз тілімізден, қол аяғымыздан салихалы амалдар ретінде көрініс табады. Сол себептен де адамзаттың ең абзал тұлғасы, ниеті ең түзу адам Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) түнімен, тіпті аяғы ісіп кеткенше намаз оқитын еді. Ал алашты аузына қаратып, «адамды сүй Алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде онан басқа" деген Абай, бір өлеңінде жүрегі туралы: «жүрегіме қарасам ине дейін таза емес, алып аршып тастайтын апандағы саз емес» деп жырлады. Егер ақыл ойдың алыбы Абай бүй деген болса, бізге не жоқ десеңізші!? Ал Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Тараздың бір шетіне бүкіл мұсылмандардың иманын, ал екінші шетіне Әбу Бәкірдің иманын қойсаңыздар, Әбубәкірдің иманы басым түседі» деген Әбу Бәкір (оған Алла разы болсын) біреу оны мақтаған кезде: «Егер менің ішімде не болып жатқанын білсеңдер жанымнан қашып кетер едіңдер» деп айтқан екен. Ал ақын Серік Қали бір шумағында: «Намазың түгел ғибадат бүтін болмаса, жүрегім таза ниетім түзу деу далбаса» депті. Сондықтан «біреудің ала жібін аттаған емеспін» деп жүріп, Алланың намазын аяқасты етіп жүргенімізді ұмытпайық.
14. «Зейнетке шыққан соң бастасам не болады?»
Намаз адамға балиғат жасына толысымен парыз болатынына қарамастан, көбіміз «балиғат жасына зейнеттен шыққанан кейін толуды» әдетке айналдырдық. Кейбіреулер тіпті зейнеттен кейін де, «балиғатқа тола қойған жоқ». Шайтан ешкімді «Намаз оқыма» деп азғырмайды. Олай болған жағдайда оның беті ашылып қалады. Сондықтан шайтан жастарды: «Сен әлі жассың, әлі қайда, өмірдің қызығын көру керек. Кейін отау құрып баларды аяққа тұрғыз, ұлыңды ұяға, қызыңды қияға қондыр. Сосын зейнетке аман есен шыққан соң оқисың» деп азғырса, кәріні: «Әй, денсаулығың анау, әзер жүрсің, Алланың ашуынан Мейірімі басым деген Алла кешіреді. Аяттарды миың қабылдамайды, тілің болса күрмеліп, белің бүгілмей сыр бергелі қашан» деп айналшақтайды. «Екі піл соғысса ортада шыбын өледі» дегендей, ортада оқылмай намаз қалады. Бұл сіздің емес, шайтанның мақсатына жеткені. Бүгін қолдан келетін игілікті кейінге қалдыруына болмайды. Себебі ешкімнің қолында қанша өмір сүретіндігіне кепілдеме қағазы жоқ.
Ал адам дүниеден озғанда ең алдымен намаздан сұралады. Және оның ары қарайғы жағдайы да намазына қарап өлшенеді. Әбу Һурайрадан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Адамның амалдарынан ең алғаш сұралатыны - намаз. Егер де намазы толық болса, онда ол жетістікке жеткен болып саналады. Ал егер де толық болмаса, онда ол анық шығынға ұшыраушы болады» деген. (Тирмизи).
Бұл кеңестер немесе жанашырыңыздың көркем уағызы – сәждеден бақыт табуыңыздың себепкері ғана. Асылында, тура жол – жүректердің Иесі болған Алладан. Раббымыз сізге де, бізге де намаздағы жан рақатын, Жәннаттағы мәңгілік бақытты өмірді нәсіп етсін!
Дана Аманова
Ма Шаа Аллаh.Осыны әрбір мұсылман адам окыса кқазіргі қоғамдағы келеңсіз сұмдық оқиғалар болмас еді .Сіздерге Алла ТағалаМ нұрын жаусын.
1451931841
Ажмаганбетов Ну
Әссаламу'алейкум уа рахметулахи уа баракатух уйде Намаз окыган кезде, азан шакырмай оку кате ма?
1452006870
Сабырова. А
Кейбреулер тек тан намазын окып кояды екен жалпы солай етуге болама?
1452010466
РАХЫМЖАН
АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН
1452101070
Гульнур
намаз окуды уйрену ушин мешитке барсам маган уйрете ма? кайдан калай уйренуге болады, менин окыгып келеди.
1452108758
Ауезова Маржан
Ма ша Аллах. Сыздерге мейырымы шексыз,куллы алемнын иесы болган жаратушы ием Аллахтын нуры жаусын. Нагыз озыме керек сурактарга жауап алдым. Ин ша Аллах енды корыкпай бастай алатын болдын.
1452150864
Марат Зауре
Өте керемет рухани азық алдым деуге , ағартушылық жумыстарынызга Алланың нұры жаусын!
1452187780
Ахметова Бакыт
Жақсы әсер алдым, сұрақтарыма жауап таптым. Алла разы болсын сіздерге.
1452398308
Үмбетов Еділ
Сіздердің игі істеріңізге Алла разы болсын.,
1452916391
Асылбек Жукенов
Ойымда журген сауалдарга жауап алдым, сиздерге улкен рахмет!
1453218177
Жанар Есенова
Ойым сан жакта болатын, оқып коп малимет алдым, тагы Рахмет, АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН, тағы сурақтарым бар еди
1453542351
ГУЛЬМИРА
Менин де намазга жыгылгым келеди,бирак калай
1455302456
Бауыржан Бурхан
Әс сәлъәмуәлъйкум раһматулаһу уа баракатуһ Асыл арна телевидиниядагы журген ағаларымызга Алла разы болсын Алланын нуры жаусын сіздерге ин ша алла барлык мусылман бауырларымызга намаз окуды нәсіп етсін
1459665228
Сезим
Алла разы болсын!
1460090919
Мекке Аида
Сіздерге алғысымды білдіремін.Көкейдегі сұрақтары ма жауап таптым.Сіздерге Алланың нұры жаусын құрметті "Асыл арна"♥
1460296452
Молдир
Тамаша создер
1460535630
Бота А
Маш Аллаһ барлық сұрағыма жауап таптым рахмет )))Аллаһ разы болсын☺
1461261667
Жәннәт
Алла разы болсын! Намаз туралы роликтеріңізді жіберіңізші
1462350391
Роза
Машаллаһ! АЛЛАҺ сіздерге разы болсын!
1463999650
Абды Наурыз
Әссаламу'алейкум уа рахметулахи уа баракатух Сыздерге Рахмет Агалар Алла разы болсын сыздерден 1 отнш маган Намаз Калай окылады сонын видео сын жберыныздершы Алдын ала Рахмет Алла разы босын и Жума Мубарак босын
1464909690
Іңкәр Сүйерқұл
Өте керемет! Жазған адамға рахмет. Алланың нұры жаусын. Жақсы әсер алдым. Менің сұрайын дегенім тек таң намазына ғана жығылуға боладыма? Өйткені оқу университет сосын жұмыс демекші... Бірақ 5 уақыт намазды жинап оқуға боладыма? Мүмкіндіктері қалай болады екен? Мен 5 уақыт намазды оқуға жүрегімде үрей бар... Намазды тастап кетемінба деп уайымдаймын. Сұрағымды нақтырақ айтқанда тек таң намазына ғана жығылса Алла оны қабыл көредіме? Тек таң намазына ғана жығылса боладыма?
1466738011
Гулнар
Осындай керемет акпарат айткандарынызга рахмет. Алла разы болсын! Мен оте катты намаз окыгым келеди бирак Мектеп окушысымын. 7 сыныпка оттим. Мектепте жургенде намазды калай окимын. Егер сол уакытын откизип алсам уйге келип окуга болады ма?
1466808480
Балжан Ниеткан
Намаз окып бастаганыма 2,3 ай болып калды. Казир жумыстан кедергилер болып жатыр. Озим еки кун жумыс жасап еки кун демеламын. Жумыста бес минуткада жибермейди. Кассир болып жумыс жасаймын. Клиенттер коп болгандыктан жумыс орнымнан козгала алмаймын. Онын устине басшыларда руксат бермеиди. Тым катал жумыс. 2 кун жумыстагы намазым каза болады 12 сагат жумыста козгалмай бир орында турамыз. Окымай калганыма коркамын. Мундай жагдайда не истеуге болады?Алла разы болсын сиздерге!
1467873589
Ілесбек Нургали
Барлык сурагыма жауап таптым ракмет сиздерге
1469317039
Қаракөз
Мен таң намазынан кейін ұйықтай алмаймын.Күндізде ұйықтай алмаймын,көмектесіңіздерші не істеугеболады. Күніне 4 сағат ұйықтаймын.Әбден шаршадым.Тастауға қорқамын.Таң намазынан кейінгі намаздарды күшпен әзер оқимын.Көмектесіңіздерші
1470045601
Тауекелова Сали
Алла разы болсын
1470408457
Төлеубек
Ассалаумағалейкум жамағат. Сынбайтын темір жоқ, Сөнбейтін өмір жоқ. Бəріміз Алланың қалауымен бұл фəни өмірден өтеміз ақірет күніне дайындалуымыз керек.
1473937018
Арынова Лаура
Үлкен рахмет ! Намазды оқуыма тура жол көрсеттіңіздер !
1476368102
Темыр Нурхан
Ойымда,журген сурахтардын,барын блып алдым! Енды корыхпай Намаз бастай берсемде болат! Рахмет!!!!
1476695759
Мөлдір
Өте керемет жазылған. Адамның санасына түсінікті, нақты. Алла рухтарыңызға қуат берсін!
1478006835
Гулнара
Саламатсизба. Куйеуим маган талак айтып еди. Соны билгим келгени. Намаз окымайтын еди ол кезде ажырасам деп 3 рет талак айтты. Одан кейн 2 бала омирге акелдим. Сонда 2 балам некесиз болып саналама. Енди казир намаз окимыз. Бирак екеуимиздин карым катынасымыз ауыр.
1479319099
Исхахов Ғалымжа
Керемет
1479813286
Акерке
Оте жаксы
1480245943
Аяужан Рақымбек
Мен намаз оқығым келеді. Бірақ шайтанның азғыруы өте көп нестесем болады?мешітке барсам үйретеді ме?
1480453770
Балабекова марз
Мен оте катты намазга жыгылгым келеди. Осы телефонга карап оки берсем болама жане менин тилим уиренгенше казакша магынасымен окысам боламекен.
1480968730
Ердаулет
Алла Разы Болсын
1481050672
Еркенова Айша
йнш алла,адамдар бари оз парызын блер болса,бул дуние кандай тамаша ед.жогарыдагы акпарат ушин мында бир шукир.
1482643991
Қандəулет Берек
Мен намаз жаттайын десем ұмытып қала берем қалай жаттауға болады
1483641165
Қапбар Салтанат
Алла бұйртса Намаз оқып бастағалы жатырмын.Біраз нəрсе оқып біліп алдым.Көп рахмет.
1483973970
Иембердиева Мәд
Өте керемет жазылған. Намазды бастағаныма көп болмады. Тек таң намазын оқып жүрмін. Мына жазылған дүниеден соң Алла қаласа ертең бес уақыт намазды бастасам ба деп отырмын. Көп сұрақтарыма бірден жауап таптым. Рахмет көп көп сіздерге! Алла істеріңізге сәттілік берсін! Алланың нұры жаусын сіздерге!
1484217346
Тұрғанбай Сағад
Керемет.
1484227119
Аружан
Алла разы болсын!!!
1484739642
Аружан
Алла разы болсын!!!
1484739644
Жанар Абилханов
Саламатсыз ба. Бизде даретхана мен ванна бир жерде оргаласкан. Ондаи жерде бисмиллахты аитып дарет алып гусыл алуша бола ма
1485422444
Ади Нүсіпбайұлы
Алла разы болсын сіздерге, радио толқынында да Асыл арна болса нұр үстіне нұр болар еді.
1485635953
Нұрсұлтан
Бейнамаз адамдардың айтатын сылтауларына нақты әрі түсінікті түрде өте керемет айтылған жауаптар екен Алла разы болсын сіздерге!!
1485752790
Венера
намаз бастауға қиналып жүр едім.рахмет сіздере.Алланың нұры жаусын.
1486189133
Серык таннур
Салем!! Мен тан намазн гана окыим бырак бес укыт окыин десем кандаи сурелер окылатынын былмеим ж/е калаи окыу керегн тусне алмаи журмын егер кыин болмаса тусндыре отындершы
1487015942
Сариева Жансая
Сіздерге АЛЛА разы болсын!
1487093159
Молдир
Салематсыздарма?! Мен ауылдын кызымын, калада квартира жалдап турамын(оку окимын). Мен сапарда болып есептелемин. Мен Тан намаз бен, Куптан намаз окуга болама?! Ауылга баргасын 5 уакыт окимын.
1487270259
Амангелді Айдан
Мен де намаз оқығым келеді бірақ сабағым бар не істесем болады түстен екінші намазға оқи алмаймын ба деп
1487350660
Jansaya Mederov
Гусыл дарет алганда шашты жуу миндетти турде ма?
1487574865
Нургуль Абдикен
Аллага шукир! Ниет еттим, намаз окуга. Басында кагаз га карап окып бастап журмин, енем намазхан. Сол кисимен бирге. Алда , Алла каласа, барин жаттап алуымды кабыл етсин. Амин. Сиздердин де комектериниз тиип жатыр. Рахмет, Алла сауаптан жазсын. Кабыл болсын ! Намаздарыныз.
1487789677
Даулбай Жайна
Алла Тағала сіздерге өзі жар болсын! Көкейдегі сұрақтарға жауап алдым, көп рахмет! Өте керемет сөздер!
1487961505
Айтолқын Шаһада
Намаз оқып жүрген адамға не нәрсеге тиым салынған? Музыка тыңдауағалайкумассалам болмайды деген рас па?
1488026861
Erkebulan shalb
Allanin nuri jausin barligina rahmet alla sauabtan jassi
1489256319
Арсен
Намазды оқуды қайдан үйретеді намаз оқитын адамдар бар болса үйіме келіңдер
1490701124
Киекбай Косайул
Менде ойымда журген сауалдарга жауап алдым, сиздерге улкен рахмет! Ақпарат көзі: http://www.asylarna.kz/maqala/maqalainfo/49 © «Асыл арна» рухани-ағартушылық телеарнасы
1490941931
алия кыдырбаева
Намаз окыгым келіп жур сондыктан электронды жайнамазга заказ бердім электронды жайнамазбен окыган каншалыкты дурыс
1490986654
Гүлжан
Менде осындай намаз оқуды бастай алмай жүрген адаммын
1492164278
Жақсылықова Ақм
Тек таң намазын оқуға болама,себебі мен бес уақытты ұстай алмайтын едім ?
1492802580
Айнур
Алла разы болсын. Намазханмын. Сонда да артықтық етпеді. Көкейде жүрген біраз сұрақтарға толыққанды жауап алдым. Фейсбукте достарыммен бөлісуге мүмкіндік алдым.
1492909367
Узакбаева Алмаг
Тек таң намазын окуга бола ма
1493457633
Алиева
Ауыз бекитерде Намаз окымаса дарет алу кажет пе? Ауызды танга дейин жабу керек пе или кунге дейн ба?
1493672347
Салту Салту
Әмин
1493731571
Айдана Əскербек
Мен Намаз оқығым келеді. Бірақ қалай оқитынымды, қалай бастарымды білмеймін. Өтініш маған жол сілтеп оқылатын Дұғаны айтсаңыздар дебедім . Алла жолымен жүргім келеді Ин Ша Аллаһ
1493836529
Улболсын
Алла разы болсын
1494875565
Əбілһаироф Əбді
Намаз оқып үирену керек қалаи үиренсек болады
1494876329
Мереке Мамырқұл
Осы кеңестерді оқып, өзімнің ойымды мазалап жүрген сұрақтарға толық жауап алдым. Кеңестеріңізге көп рахмет. Алла разы болсын!
1495406823
Акбота
Қайырлы кеш!Мен бір ақыл кеңес сұрайын сіздерден.Əке-шешем кішкентайымнан ажырырасып кеткен,кеңес заманының адамдары.Сол себепті болар ешкім маған дін жайлы уағыздаған жок,жасым болса 28 де.Осы соңғы кезде өзім бет бұрып ниеттеніп аяттар мен сүрелерді оқи бастадым.Үш балам бар,кішкентайым 4 айлық.Намаз оқуға шешем қарсы,бір жағынан ол науқас адам.Дəрет алып оқып үйренуге уақытым тимейді көбіне.Енді қатты бастағым келеді бірақ кішкентайымда мазан.Сүрелерді оқи бастағанан кейін де өмірден түніліп кеттім қатты, өмір сүргім келмей кетті.Қазір намаз оқи алмағаным,балам сəл қатайғанша күткенім күнə ма бұл айтып жібересіздер ме??Өтініп сұраймын жауабын жазыңыздаршы
1495470694
Нуржан Адай
Алла разы болсын!
1495662940
Тұрғанбаева Ж
Сəлеметсіздер ме. Сіздерге өте үлкен рахмет. Мені мазалайтын сұрағым: егер де намаз оқу барысында балаларым жылап, құлап немесе бір нəрсе сұрап оқып жатқан намазымды бөліп жіберсе ол намазды қайтадан басынан бастау керек пе?
1495706303
Шамшы Қанат
Намазды бастығым келеді, бірақ осы жазда жұмыс істейін деп едім. Сол жұмысым намазға кедергі болады ғой. Тагы дәрет алатын жер болмайды. Не істесем болады?
1495804336
Кенже ешимов
Намаз окыгым келеди калай коширем
1495898827
Бексейтов Уайсб
Рахмет .. Талай сұрағыма әдемі жауаптар алдым.
1496312363
Ахмет Жазира
менің намаз оқығым келед бирак фатиха сүресин ғана билемин
1496351363
Ғанибек Əбілбае
Үлкен рахмет. Алланың нұры жаусын!
1496523830
Кызылорда
Алланын нуры жаусын. Оте керемет кенес коптеген суракка жауап. Бауырларымызга тарату керек
1496617241
еркебулан
Размет сизге оте жаксы жаздыныз. Алла разыболсын
1496918523
Зада
Өте керемет қаншама мұсылмандардың намаз оқу алдындағы қорқынышын жеңуге көмектескендеріңіз үшін АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН
1497174823
Сарсенбай Жанса
Джазакаллаху хайрон.АЛЛА разы болсын.
1497224560
Самат Қайыр
Менің жұмысым көлік жүргізумен байланысты. Сұрағым: көлікте отырып намаз оқуға бола ма?q
1497250552
ТаНаталья Жалга
Сизге Алланын нуры жасмин.
1497386453
Жетписбаев Нурб
Керемет оз озине сеним уялататын создер жазылган кез келген адамнын сурагына жауап бар екен Алла разы болсын
1497729427
Асель
оте жаксы жазылган...Алла разы болсын!
1497818442
Сәуле Шымқалада
Мен Намазды Тан Намаздан бастап үйренгелі жүрмін кәзір Бесін Намазды оқуыма бастадым кейде оқылмай қалып кетеді ол күнәмә қайтейін?Тек Тан Намазды оқып жғрсем болама? Қаза болып қалатыныма қорқамын жауап берінізші өтініш
1497876398
Сәуле Шымқалада
Кешірініз тағы бір сұрағым бар:Тан Намазды оқып болған сон жайнамаз жинап жатқанымда аяқ қолыма ыстық давлние секілдіме қалай түсіндірсем екен тамырларға ма внезапно ыстық болып кетеді аяқ қолдарым қызып кеткен секілді.Неліктен білесізбе?
1497876920
Айгул
Оте керемет айтылған адам ойындағы сұрақтарға накты жауап екен. Алла разы болсын!
1497983204
Айгул
Оте керемет айтылған адам ойындағы сұрақтарға накты жауап екен. Алла разы болсын!
1497983278
Салтанат
Мақаланы оқып разы болдым.Ұжымдарыңызға Алланың нұры жаусын!!!
1498000727
лала қайыпназар
Мен намаз окуды ниет еттим сол ушын уакыт тауып уйрениуге тырсып атрм
1498490099
Анаргул Сдихова
Ассалаумағалейкум, намаз деген Алланың бізге берген бір ең үлкен сыйлығы. Пайғамбарымыз(оған Алланың игілігімен сəлемі болсын)егер кімде кім Алла жолына түсіп 5 уақыт намазын оқыса күнəлардан өзін тиар болса онда ол адам міндетті түрде жəннатка кіреді деген екен.
1498585310
Темірбай Самал
Намаз оқуға ниеттеніп жүрмін. Мазалап жүрген сұрақтарыма түгелдей жауап таптым. Үлкен рахмет. Алла разы болсын.
1498889156
Жанар
Сәлеметсіздер ме?! әйел адамға намаз оқу үлгісін тиянақты етіп түсіндіріп берсеңіз екен. Яғни таң намазы барлық жерде бар екінті бесін намаздарын қалай оқытылу керектігін түсіндіре кетсеңіз?? Жұмыста намаз оқитын орын болмаса қалай қылсам болады?
1499007428
Индира
Алла разы болсын.менде намаз окыгым келеди калай бастасам болады.
1499142606
Нургул торежан
Мен тан намазын уйренип журмин,осыдан кейн жане жайлап баскаларын да коса беруге болама
1499539170
Абекенов Галым
Аллам разы болсын сиздерге . КОП КОП РАХМЕТ
1501222895
Меруерт Талгатк
Салеметсиздерме. Менынын сурагым бар еді. Жумысымда намаз окуга мумкындык жок. Ягный кешке оқылатын намазға. Оны танертен окысам болама?
1501241189
Меруерт Талгатк
Салеметсиздерме. Менынын сурагым бар еді. Жумысымда намаз окуга мумкындык жок. Ягный кешке оқылатын намазға. Оны танертен окысам болама?
1501241209
Алмагуль
Рахмет. Пайдалы кеңестер. Өзіме кажетті нəрселердің жауабын таптым. Алла разы болсын.
1501287811
Жанаргул
Мен намаз уйренгм келе ди
1502002740
Искакова Сандуг
Салеметсиздерме, менин агайын синилдерим осы 2ракат намазын окиды,менде ниеттенип журмин Алла буйыртып бастап жатсам осы 2ракат намазын каншалыкты оки беруйме болады жане бесин намазга кошу миндетти турдема, жане бир сауал айел Адам каншвлыкты коп нараеден тиылуы кажет калай кийнгени абзал, мен синилдерим окиды намаз таза журеди бирак кунднликти жумыс орнында тизеден юбка немесе джинсы шалбар кас жулып орамалсыз журе береди сол каншалыкты дурысс немесе бурыс.алде журек таза болса жеткиликтима,оранып хиджап деймизго сол кигенимиз дурыспа Жане мен кунднликти кандай кийм киюм кадет, .! Рахмет алдын ала сиденье, !
1502058483
Азиза Сейтканов
Машшалла оте керемет жазылган
1502081002
Жапар Нурбек
Меним намаз окуды бастасамба деген ойдамын калай уйренсем Болады? Мешитке барсам уйренуге боладыма?
1502400293
Uljan.Dilanova
. .
1503854148
Боткоз
Құрметті оқырман намаз оқып уйренгим келеди. Көмектесіп жиберинизши. Номеримди ватцап бар. Алла разы боласын. Кутемин.
1504440844
Ақтоты Озатқызы
Я раббым! Меніңде намаз оқуға деген күдігім сеілді. Менде жоғарыда айтылған ойлар секілді урей болды, енди нак сениммен кадам жасасам болатын сиякты. Алла разы болсын блогер сізге.
1505073465
Асқар Усабаев
Ассалаумағалейкүм сіздерден сұрайндегенім жұма намазында қандай сүрелерді оқуға болады жəне қалай оқиды алдын ала рахмет
1505467235
Еркін Амандық
Менің сұрағым бар .мен мектепте оқитын едім .мен де таң намазың уақыт сайы келмейді .мен таң намазың уақытнан он бес немесе жиырма минут бұрын оқысам болама
1506687602
Айнагуль
Ассалямуалейкум бауырлар!Менын сурайн дегеним мен 5 уакыт намаз окимын жалпы,ендыгы маселе жумыста журген сон намаз уакыттында жумыс истеп журем мемлекеттык жумыс болгандыктан 1 кун день 1кун тунде жумыс жасаймын кундыз укаыттнда. Намазымды калай окысам болады .алде тек тан намазын окуга болама
1506796217
Кайсар Санкайба
Асалаумаликом жамага Намазга жыгылаиын деп едим акыл кенес и уйретип жиберетин жан барма
1507037942
Айбек
Асыл-арна ,сиздерге Алланын нуры жаусын.
1508278886
Жансая
Мен де риза болдым, Алланын нуры жаусын
1509307301
Ақерке Əлім
Ассаламу'ағалейкум осы жалпы мұсылман адамға құлаққаппен музыка тыңдау күнə ма,осы сөз қаншалықты рас?Естігендеріңіз барма?Анығырақ мəлімет берсеңіздер. Алдын ала Алла разы болсын!
1510081587
Жасырын
Иншалах намаз окыймын. Тұрмыста болғам сокпениздер мени. Жалғызбын 4 жыл болды тұрмысқа шық деген адам болмады. 2 жыл бир жигитпен журдим намаз бастагасын арамыз узилди енді қайта некемизди кыйдыртамыз дейді. Сөздің ашыгы қосылып журмиз напсиме ерік беріп журмин. Намазды тастаймын десем тастама дейді мешітке барайық деп бирнешерет айттым ертең деп әли жур. Жаным сол кисини іздеп турад ақыл айтыңыздаршы.
1510305124
Самат Хожа
Мазалап журген сурактарга жауап алдым. Алла разы болсын!!!
1510332399
ибрайымова гулн1
Намаз ды толык уйренгенше тек тан намазын окып уйренуге болама тек тан намазын озин окысам болама уйренгенше.
1510897801
Нуржанова Багдагул
Асыл -арна ужымына комектеринизге рахмет.менде намаз бастагым келип бастай алмай журмин .енди тан намазыннанбастаймын
1538909811
Райсханов Берикбол Орынбекович
Ассалаумағалейкум мен намаз бастайын десем кай дуға кай сүре иштей кайсысы сыртай окылады соны түсінбей жүрмін соны айтып жиберсениздер рахмет.
1540150974
Райсханов Берикбол Орынбекович
Ассалаумағалейкум мен намаз бастайын десем кай дуға кай сүре иштей кайсысы сыртай окылады соны түсінбей жүрмін соны айтып жиберсениздер рахмет.
1540151031
Мурат
Ассалямуалейкум мен тан намазын уйден окимын калган намаздарымды тунги 3 ке дейн жумыста оки алмаймын жумыста орындыкта отырып окысам болады ма,тунге каза кылып калдыргым келмиди.
1546036858
гүлназ
Рахмет.Жеңіл қабылдауға септігі мол екен.Кейбір ойларыма жауап алдым.Алланың нұры жаусын!
1547699856
Айша
Керемет маган намаз оку уиретиниздниш
1549297857
КАМАЛ
РАХМЕТ ӨТЕ КЕРЕМЕТ АЙТЫЛГАН ОКЫП ОТЫРЫП КӨЗИМЕ ЖАС АЛДЫМ. НАМАЗ ОҚЫЙЫК.
1550544760
Спатаева Зульфия
Мен тек қана таң намазын оқимын ол 5-25. Ал 6-45 те күн намазы деп жазылған содан есептесе намаз бес уақыт емес алтау болып тұр . Ал енді сұрақ таң намазы дегеніміз қандай намаз
1555190465
Айткул
Ия,осы сурактардын бари кокейимде журген суракьар еди.АУАП Дурыс жауап алганыма куаныштымын.Осы кенестер наиазга жыгылуыма себепкер болса,Аллага мында бир шукиршилик айтар едим.
1556538026
Мен де намаз оқығым келеді.
1556809464
Кана из Жезказгана
Мен де намаз оқығым келеді.Қүранның "Фатиха" жəне "Ихлас" сүрелерін жатқа білемін.Намаз оқиын десем "тастап кетем бе?" деп қорқам.
1556809724
Акмарал
Алланның нұры жаусын.өте керемет түсінікті айтылған.
1559142944
Акмарал
Алланның нұры жаусын.өте керемет түсінікті айтылған.
1559142944