2017-03-30 (0) (567174)

СІЗ ҮШІН ЕҢ КЕРЕКТІ ДҰҒАЛАР ТОПТАМАСЫ

СІЗ ҮШІН ЕҢ КЕРЕКТІ ДҰҒАЛАР ТОПТАМАСЫ

 

   Күнделікті өмірімізде дұғаларды жиі оқып, Алланы зікір етіп жүрген адамның тілегі қабыл болады. Бүгінде көптеген адамдар өз білгендерімен дұға – тілек жасайды дегенмен, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сияқты әрқилы жағдайда айтылатын дұғаларды айтып жүрсек, Алланың алдында қабыл әрі сауабы мол екені айдан анық. Ал Алланы үнемі еске алып, зікір етудің төте жолы, күнделікті өмірімізде жиі қолданатын дұғаларды айтып жүру. Олай болса, тілге жеңіл, айтуға оңай әрі тез есте сақталатын дұғалар топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.

 

Таңертең ұйқыдан оянған кездегі айтылатын дұғаны оқысаңыз, күніңіз берекеге толы болады.

Ø Таңертең  ұйқыдан оянған кезде айтылатын дұға

  Бізді жан тапсырған соң қайта тірілткен Аллаға шүкір! Әрі біз Оған қайтушымыз.

«Әлхәмду лилләһил-ләзи ахйәәнә бәъдә мә әмәәтәнә уә иләйһин -  нушур».   

 

   Неліктен әжетханаға кірер кезде дұға оқимыз? Себебі, әжетханада

жын-шайтандар болады. Сондықтан да Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әжетханаға кірер кезде осы дұғаны айтқан:  

Ей, Алла! Шын мәнінде, мен ер және әйел жын-шайтандардан Өзіңе сыйынамын.

«Аллаһуммә инни әъузу бикә минәл -хубси  уәл-хабәис»

 

Ø Әжетханадан шыққан кезде айтылатын дұға

 

( Ей, Алла! ) кешіріміңді сұраймын.

«Ғуфранәк»

 Бірде сахабалардың бірі: «Я, Алла Елшісі, расында біз тамақ жеп, оған тойына алмаймыз!» - деді. Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендер бөлек тамақ ішетін шығарсыңдар?» - деп сұрайды. Олар: “Иә”, - дейді. Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Онда тамаққа жиналып, Алланың есімін айтып жеңдер, сонда сендерге тамақтың берекесі болады», - деген (Әбу Дәуд) 

 

Ø Тамақтанар алдында оқылатын дұға

Ей, Алла! Бізге бұл тамаққа береке бер және бізге одан жақсысын нәсіп ет.

«Аллаһуммә бәрик ләнә фиһи уә атъимнә хайрам-минһ».

Немесе, «Бисмилләһ»  (Алланың атымен ) деп айтуларыңызға болады.

Ø Киім кигенде оқылатын дұға

Маған бұл (киімді) кигізген, әрі оны маған өз тарапымнан ешбір күш-қуат жұмсамай тұрып нәсіп еткен Аллаға мақтау – мадақтар болсын!

«Әлхәмду лилләһил-ләзи кәсәни һәзә ( әс сәубә) уә разәқаниһи мин ғайри хаулин минни уә лә қууәһ».

 

Алла Тағала Құранда: «Әй, Адам ұрпақтары! Сендерге ұятты жерлеріңді жабатын киім түсірдік...» - деген. («Аъраф» сүресі, 26-аят). Ал өмірі бүкіл адамзатқа үлгі болған Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жаңа киім кигенде осы дұғаны айтып, Алладан пана тілейтін. Себебі, жаңа киімді берген де, оны киюді нәсіп еткен де – Алла Тағала. Егер соны есіңізден шығармай, Аллаға мақтау, шүкірлік айта алсаңыз, киген киіміңіз берік, берекелі болмақ. Ендеше, «Жаңа киім ки, сыйлы өмір сүр!..»

 

Ø Киім шешкенде айтылатын дұға

Алланың атымен (бастаймын).

«Бисмилләһ

 

Ø Үйден шыққан кезінде оқылатын дұға

 Алланың атымен, Аллаға тәуекел еттім. Алла (Тағаланың) күш–қуатынан асатын ешқандай күш – қуат жоқ.

«Бисмилләһ, тәуәккәлту ъаләллаһ, уә лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһ».

 

Ø Үйге кірер кезде оқылатын дұға

Алланың атымен кірдік, Алланың атымен шықтық. Раббымызға тәуекел еттік. ( Кейін үй ішіндегілерге сәлем берсін делінген).

«Бисмилләһи уәләжнә, уә бисмилләһи харажнә, уә ъалә раббинә тәуәккәлнә».  

    Егер адам үйіне кірерде және ас ішер алдында Алла Тағаланың есімін тіліне тиек етпесе, онда шайтан өзінің нөкерлеріне: “Бізге бұл үйде орын да бар, тамақ та бар”, - деп қуанады. Ал егер ол үйіне кірерде және ас ішер алдында «Бисмилләһ» (Алланың атымен) деп Алла Тағаланың есімін атаса, шайтан: “Бұл жерде бізге орын да, тамақ та жоқ!”, - деп қашады. (Муслим) 
Періште бар жерде шайтан болмайды. Ал шайтан жоқ үйде бақыт пен береке, татулық салтанат құрады!

 

 

Ø Көлікке мінген кезде айтатын дұға

Алланың атымен, Аллаға шүкір!

«Бисмилләһ(и), әлхамду лилләһ”.

 

  Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ұйқыны “өлiмнiң сыңары”, “кiшi өлiм” деп атаған. Хадистегі «жан тапсырып (ұйықтап), тірілемін (оянамын)» деген сөздер соны меңзейдi. "Алла түнде сендердің жандарыңды алады және күндіз не істегендеріңді біледі" ("Әнғам" сүресі, 60-аят)

 

Ø Ұйықтар алдында оқылатын дұғалар

Екі алақанын біріктіре жайып, көкірек тұсына әкеледі де, кейін: «Ықылас», «Фәлақ», «Нәс» сүрелерін оқып, алақанына үрлеп дем салады. Кейін Әятул – Курсиді оқиды.

«Ықылас» сүресінің оқылуы

 

Бисмилләһир-рахмәнир-рахим. “Қул һууәл-лаһу әхәд. Аллаһус-самәд. Ләм ялид уә ләм юләд. Уә ләм якул-ләһу куфу-уән әхәд”.

    

Аса қамқор, ерекше Мейірімді  Алланың атымен Ол Алла біреу-ақ, Алла Мұңсыз ( әр нәрсе Оған мұқтаж ). Ол тумады да туылмады, әрі Оған ешкім тең емес.

 

«Фәлақ» сүресінің оқылуы

 

Бисмилләһир-Рахмәнир-Рахим. “Қул әъузу бираббил-фәләқ. Мин шәрри мә халәқ. Уә мин шәрри ғасиқин изә уәқаб. Уә мин шәррин нәффәсәти фил ъуқад. Уә мин шәрри хәсидин изә хәсәд”.     

 

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын. Таңның Раббысына сиынамын, жаратқан нәрселерінің кесірінен, қараңғылық басқан сәтте, түннің кесірінен, түйіншектерге дем салушылардың кесірінен, күншілдердің кесірінен, ол күндеген сәтте (сиынамын).

 

«Нәс» сүресінің оқылуы

Бисмилләһир-Рахманир-Рахиим. “Қул әъузу бираббин-нәс, Мәликин-нәсИләһин-нәс. Мин шәррил уәс-уәсил ханнәс. Әлләзи юуасуису фи  судуриннәс. Минәл- жиннәти уән-нәс”.

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын. Адамдардың Раббысына, адамдардың Иесіне, адамдардың Тәңіріне сыбырлап азғырушының кесірінен, сондай-ақ, адамдардың көкейлеріне салатын, мейлі жыннан, мейлі адамдардан болсын, (бүкіл азғырушылардың кесірінен Аллаға) сиынамын».

«Әятул – Курсидің» оқылуы:

 

Бисмилләәһир-Рахмаанир-Рахиим. «Аллаһу лә иләһә иллә һууәл хайюл қайюм.  Лә тә’хузуһу синәту уә лә нәум. Ләһу мә фис-сәмәуәти уә мә фил-ард.  Мән зәлләзи  яшфаъу ъиндаһу иллә би-изниһи. Яъламу мә бәйнә әйдиһим уә мә халфәһум, уә лә юхитуна бишәй-йммин ъилмиһи иллә бимә шә-ә. Уәсиъа курсиюһус-сәмәуәти уәл-ард, уә лә я-удуһу хифзуһумә уә һуәл-ъалиюл-ъазыйм».

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын. «Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы. Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көкіректегі және жердегі нәрселер Оған тән. Оның құзырында Өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді. Олардың алдындағыны да, арттарындағыны да біледі. Олар, Оның қалауынан басқа ешнәрсе білмейді. Оның Күрсісі көктер мен жерді сыйдырады. Оған Ол екеуін қорғау ауыр келмейді. Және Ол – өте  Биік, аса Зор».

 

Бұл дұғалар кәдеңізге жарарына сенімдіміз. Алла Тағала әрбіріңізге көп сауаптан жазғай!

567174 рет оқылды