ӨЛГЕН КІМ?

ӨЛГЕН КІМ?

Қала ортасында үлкен «фирма» орналасқан еді. Таңертең фирма қызметкерлері әдетінше жұмыс орнына келеді. Барлығы орталық қақпаның маңдайшасына ілінген үлкен плакаттағы жазуды көреді. Онда: «Кеше фирмамыздың дамуы мен өркендеуіне қатты кедергі жасап жүрген арамыздағы бір жұмысшы қайтыс болды. Онымен қоштасу жиынынан ешкімнің қалмауын өтінеміз!» деген сөздер жазылған екен. Алғашында бұл хабарға қайғырған жұрт біраздан соң: «Ол кім болды екен?» деп бір-бірінен сұрастыра бастады. Күзетшілер табыттың жанынан мәйіттің денесі жатқан залға жиналған елді  біртіндеп, кезекпен өткізе бастады. Табыт ішіне қараған әрбір жұмысшы күтпеген жайтқа жолығып, төбесінен жай түскендей күйге түседі.

     Сөйтсе, табыттың ішінде ешкім жоқ екен! Керісінше, адам орнына үлкен айна қойылыпты. Қараған адамның бәрі мәйіт орнына айнадағы өз бейнесін көреді екен. Сосын қасына мынадай жазу жазылыпты: «Әлемде мақсат-мұраттарыңның орындалуы мен үздіксіз алға жылжуыңа ықпал ететін бір-ақ адам бар. Ол – өзің!».

     Өміріңдегі игіліктің көбі өз қолыңмен жасалатынын ұмытпа. Өзгеге иек артпа.

Өмірің өзің өзгермейінше өзгермейді.

     Құран аятында: «Алла бір қауымды олар өз пиғылдарын өзгертпейінше, өзгертпейді» делінген.(«Рағыд» сүресі, 11-аят).

 

5300 рет оқылды