1. ҚАУЕСЕТ: Алкоголь да ас қой, ол да тағамның бір түрі.
ШЫНДЫҚ: «Алкоголь – халықтың денсаулығын бұзатын есірткі» Бұл Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының 1975 жылғы шешімінен үзінді. Бұл ереже көрнекті орыс және әлемдік ғалымдардың еңбектерінде алкогольге берілген ғылыми анықтамаға толық сәйкес келеді.
2. ҚАУЕСЕТ: аз ғана ішуде тұрған ештеңе жоқ, ол зиянсыз.
ШЫНДЫҚ: алкогольдің залалсыз мөлшері болмайды, аз мөлшерден де есірткілік тәуелділік пайда болып, адам нашақор болады.
3. ҚАУЕСЕТ: Арақ – тұмаудың ең жақсы емі. Тұмауды қолмен сылып тастағандай емдейді.
ШЫНДЫҚ: Француз Ғылым академиясы былай дейді: «Алкоголь тұмаудың вирустарына және өзге де вирустарға ешқандай әсер етпейді және емдік құрал бола алмайды. Керісінше, организмді әлсірете отырып, кез келген жұқпалы аурулардың ауыр өтуіне себепші болады»
4. ҚАУЕСЕТ: шаршағанда, тәбетті ашу үшін, асқазан жарасы кезінде арақ ішу пайдалы...
ШЫНДЫҚ: спиртті ішімдікті ішкен кезде ең алдымен асқазан зардап шегеді. Алкогольдің күштілігі артқан сайын зақымдану да күшейе береді. Асқазан сөлін шығаратын бездер тітіркеніп, сөл бөлмей қояды. Соның кесірінен гастрит пайда болады. Ал ол емделмесе, ракқа айналуы да ғажап емес.
5. ҚАУЕСЕТ: коньяк пен арақ - тамырларды кеңейтеді, жүрек ауруына таптырмайтын ем.
ШЫНДЫҚ: адам миы 15 миллиард жүйке жасушасынан (нейрондардан) тұрады. Әр жүйке жасушасын өз микрокапиллярлары нәрлендіреді. Ал олардың түбіне алкогольдің желімі таянғанда ол оны тығындап тастайды. Эритроциттердің желімделуі бастапқыда айтарлықтай қауіп төндірмеуі мүмкін. Бірақ уақыт өте келе ол тамырларды бітеп тастайды да, тамыр ісінеді. Сондықтан да ішкілікке салынған көп адамның мұрны көкшіл-күлгін тартып қызарып тұрады. Себебі, ол жердегі тамыр енді жұмыс істемейді деген сөз.
6. ҚАУЕСЕТ: шарап шаршағанды басады...
ШЫНДЫҚ: алкоголь ешқашан шаршауды кетірмейді, ол ағзаны әлсіретіп, еңбекке деген ынтаны жояды, еңбектенуге деген қалыпты бұзады. Спирт, ең алдымен, қанға сіңіп, эритроциттерді бүлдіреді, желімдейді. Соның салдарынан ми жасушаларына оттегі жетпей, ол өле бастайды. Осыдан кейін адам «есіреді», ес-ақылынан айырылады
7. ҚАУЕСЕТ: шараптан адам өлмейді. Ресейде мың жылдан бері ішеді, құрып кеткен ешкім жоқ, барлығы өсіп, өніп жатыр...
ШЫНДЫҚ: медицина ғылымдарының докторы И.А.Гундарев пен бірқатар ғалымдар Ресей халқының азаюын зерделей келе мынаны анықтады: Ресей обаның жылдамдығын еске түсіретіндей кері кетуді бастан кешіп отыр. Халықтың жалпы саны әр жыл сайын 800-900 мың миллион адамға азайып келеді.
(Владимир Ждановтың «Ақылдың жауы - арақ» еңбегінен, 85-90 беттер)