06:05 | Тәлім TREND
06:35 | Үшінші мегаполис
2017-03-03 (0) (7753)

КЕМШІЛІК ПЕН КЕҢШІЛІК

КЕМШІЛІК  ПЕН КЕҢШІЛІК

(өмірде болған оқиға)

 

 

     Кішкентай кезім. Жұмыстан шаршап келген анам әкемнің алдына ыстық тамақ пен жартылай күйіп кеткен тоқаш қойды. (тоқашты үйде өзі пісіретін). Әкем анамның жүзіне бір жымиып қарап қойып, күйген тоқашты біртіндеп аузына салып отырды. Менен сабағымның жайын сұрады. Ас ішіп, дастархан басынан тұра бергенімде анам әкемнен тоқашты күйдіріп алғаны үшін кешірім сұрады. Әкем болса: "Керісінше, маған күйген тоқаштар ұнайды", - деді күлімсіреп. Жатар алдында әкемнің қасына барып бетінен сүйдім де: "Әке! Сіз шынымен де күйген тоқаштарды жақсы көресіз бе?" - деп сұрадым. Сол кезде әкемнің мені құшағына алып айтқан мына бір сөздері әлі есімде: "Сенің анаң күнде жұмысқа барады. Үйге шаршап келеді. Оның үстіне аз ғана күйген тоқаштың ешқандай зияны жоқ. Сосын мен де барлық жұмысты бірден кемшіліксіз атқара алмаймын ғой. Кейде мен де қателесемін. Сондықтан бір-бірімізге әрдайым кешіріммен қарап, кеңшілік танытсақ қана өміріміз мағыналы болмақ!" - деді. 

7753 рет оқылды