07:50 | Жұма мүбәрак
2018-11-21 (0) (11619)

Жəннатты сатып алған адам

Жəннатты сатып алған адам

(ғибратты оқиға)

 

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде бір кедей жігіт өмір сүрді. Оның қыз-қарындастары бөлек үйде тұрады екен. Әлгі жігіт қарындастары қиналмасын деп, өткен-кеткен адамдар себепсіз мазаламасын деп ауласын қабырғамен қоршап қоюды ұйғарыпты. Жұмысқа кіріскелі сол екен, қабырға жасайтын жерде көршінің құрма ағашы өсіп тұр екен, әлбетте ол оған кедергі болып қалды. Айналып өтуге мұрша болмағандықтан Құрманың егесінен ол ағашты басқа жаққа кері отырғызуды өтініпті. Жетім болған соң, оның сөзі аса бір күшке ие болмай, құрма иесіне жете қоймады. Байғұс жігіт Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көмек сұрап, әлгіндей сұраумен келеді. Бар жайды түсініп болған соң, Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) құрма иесіне барып өтініш білдіреді. Сол сәтте қастарына адам жиналып қалды. Мәмілеге келе алмағандықтан Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Егер сен маған осы құрманды берсең,мен саған пайғамбарлығыммен ант етем, Жәннатта саған осындай құрма нәсіп болады, мен Алладан дұға етем» деп уәде берді. Кедей адам біраз ойланып, «Жоқ, Жәннатқа әлі алыс екен, маған құрма қазір керек» депті. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сәл уайымдап қалады. Жанында тұрған сахабалар таңырқағанын жасыра алмады. Сол екен, сахаба Әбу Дахдах көз ілестірмес жылдамдықпен Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жанына жүгіріп келіп, «Я, Рассулалла, өтініш бар еді, мен келісейінші, егер мен оны көндірсем, Жәннаттағы Құрма ағашын маған бересіз бе?!» деп жалынып сұрады. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) күлімсіреді, сахабасының иманының күшітілігіне балаша қуанды.


 

Әбу Дахдах құрманың иесіне:


 

– Менің алты жүз түп құрмасы бар бақшамды білесің бе? – деп сұрақ қояды.


 

– Уа, Әбу Дахдах, әлбетте, оны кім білмеуші еді? Жақын жерде одан үлкен бақтын барын әлі естімеппін.

 

– Олай болса, бердім алты жүз түп құрма бағымды. Сен маған өз құрманды бер – деп сұрайды.


 

Құрманың иесі өз құлағына өзі сенбей тұрды. Сахаба болса Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) куәлік етуін сұрап, саудасын жасасты. Алтыз жүз түп құрма бағын бір тал құрмаға ауыстырды. Жәннатқа деген иман осыншалықты күшті болады екен.

 


Әбу Дахдах қуанды, қуанғаны сонша, құстай ұшып үйіне қарай жүгіріп кетті. Есігін қағып тұрғанда, әйелі «Бұл кім екен?» деп сұрайды.


 

– Мен ғой Әбу Дахдах, күйеуің.


 

– Уа, отағасы, өз үйіңнің есігін қаққаның не, кірмейсің бе, не қылып тұрсың?


 

– Бұл біздің үй емес, мен оны саудаға салдым – дейді. Сонда өмірлік жары таңырқап:


 

– Қандай сауда? Біздің үйді сатып алуға кімнің ақшасы жетеді? Не бүлдірдің, Әбу Дахдах? Не қылдың?


 

– Мен оны жұмақтағы бір тал құрма ағашына алмастырдым, – деген еді.

 


Сонда әйелі:


 

– Субханаллаһ, не деген керемет сауда! Не деген керемет сауда! – деп қатты қуанды.


 

Қандай керемет иман еді, неткен салиқалы әйел еді. Әбу Дахдахтың әйелі зыр жүгіріп, балаларының қалтасындағы құрмаларды алып тастап, тіпті жөргектегі баласына жалатып қойған құрманы суырып алып, «бұл енді біздің құрма емес» деген екен...


11619 рет оқылды