10:15 | Құран уақыты
10:35 | Ем болсын
10:45 | Жұма уағызы
2017-02-17 (0) (6852)

БАЛАНЫ ДҰРЫС ТӘРБИЕЛЕУДІҢ 9 ТӘСІЛІ

БАЛАНЫ ДҰРЫС ТӘРБИЕЛЕУДІҢ 9 ТӘСІЛІ

 

Бала тәрбиесітаудан сырғанаған шана секілді. Бағыттап отырсаң болды. Жас баланың жүрегі таза болған соң, жақсы тәрбие берсең, соған қарай ұйып түседі. Балаңыз жақсы болса, онда сіздің өмірлік мақсатыңыздың орындалғаны. Ол үшін бала тәрбиесіне қажетті мына тоғыз тәсіліне назар салыңыз:

 

1. Балаңыз өзіңіздің көшірмеңіз болады деп күтпеңіз. Оған қоса, сіздің қалауыңыздағыдый болады деп ойламаңыз. Себебі, сіз өскен орта, кезең басқаша болатын. Сондықтан, тәрбие бала үшін сізден артық болуға баулитын болуы тиіс.

 

2. Барлық жасаған іс-әрекеттер үшін балаңыздан құн сұрамаңыз: сіз оған өмір сыйладыңыз, ол қалайша сізге алғысын жеткізе алады? Ол басқа адамға өмір сыйлайды, бұл алғыстың қайтымсыз заңы.

 

3. Тәрбиелеу процессінде бар өшіңізді балаңыздан алмаңыз, өйткені не ексеңіз, соны орасыз. Сіздің жақсы деп санағаныңыз – балаңызға жақсы. Алдымен, өзіңіз жақсылықтың жаршысы болуға асығыңыз.

 

4. Балаңыздың проблемаларын түкке тұрмайтын деп бей-жай қарамаңыз: өмір ауыртпалығы әр адамға күшіне байланысты беріледі, сондықтан да, баланың жүгі сіздікімен бірдей болады. Мүмкін сіздікінен ауырлау да шығар. Өйткені, баланың әлі дағдысы қалыптаспаған. Батыс елдерінде «қылмыскерлердің қатігез болып қалыптасуының негізгі себебін оның жастық шағынан іздеңіздер» деген қағида бар.

 

5. Тәрбие беруде балаңызды мұқатып кемсітпеңіз. Ол өзін сізден кем сезінуіне жол бермеңіз.

 

6. Өз балаңызға бір нәрсені жасай алмасаңыз, ол үшін өзіңізді қорламаңыз. Бірақ жасау қолыңыздан келіп, жасамасаңыз – қорламаңыз.

 

7. Бала үшін шамаңыздың шеңберіне қарай барлық жағдай жасауға тырысыңыз. Бұл – тәрбие берудің ең маңызды заңдылығы. Осыны ұмытпаңыз!

 

8. Біреудің баласын сүйе біліңіз. Бірақ, басқа біреудің баласына өз балаңызға жасамайтыныңызды жасамаңыз.

 

9. Балаңыз дарынсыз, қырсық, ересек болса да, оны сүйе біліңіз; балаңызбен қарым-қатынаста қуануды ұмытпаңыз, өйткені балаңыздың жанынызда болу – бұл сізбен өмір бойы бола бермейтін мереке уақыты.

Мына кесте бойынша бала тәрбиесінде ата-ана басты рөл атқаратынын және ата-ана ретінде бала тәрбиесінде өз жауапкершілігіңізді сезініңіз.

 

 ата-ананың міндеті:                                           баланың міндеті:

       Ата-ана мәдениетіне;

       Ата-ананың жан-жақтылығына;

       психологиялық көңіл-күйіне;

       дүниетанымына;

       өзін тәрбиелей білуіне;

 

 

ата-анадан өнеге алуға

 

 

 

P/S: Балалар бұл өмірге үлкендердің тәрбиесін алу үшін ғана емес, балалар бізді де тәрбиелеу үшін дүниеге келеді. Ата-аналар өз балаларын жақсылыққа тәрбиелеу барысында өздері де жақсы бола бастайды. Бұл балаңызды дұрыс тәрбиелеудің негізгі мақсаты.

6852 рет оқылды