23:20 | Жас қари
23:45 | Сырласайық
2017-01-17 (0) (8924)

АКЫЛДЫ ӘЙЕЛДІҢ АҚЫРҒЫ СӨЗІ (керемет оқиға)

АКЫЛДЫ ӘЙЕЛДІҢ АҚЫРҒЫ СӨЗІ (керемет оқиға)

 

Некелескен ғашықтар бақытты да ұзақ ғұмыр кешті. Олар бір-бірімен барлық құпияларын, уайым-қайғыларын бөлісіп отырды. Алайда әйелі күйеуінен шкафтың үстінде тұрған қорапқа тиіспеуді өтінген екен. Ер адам аяқ киім қорабының ішінде не бар екенін сұраған да емес. Ол оның ішінде тек әйел адамдар ғана білуі тиіс зат бар деп ойлап жүрген.

Күндердің бір күнінде әлгі әйел қатты сырқаттанып қалады. Жағдайы әбден нашарлаған соң күйеуінен әлгі қорапты ауруханаға алып келуін сұрайды. Көптен бері жасырған құпиясын ашпақ болады. Еркек үйіне келіп әлгі қорапты ашады. Ішінде 2 тоқыма қуыршақ пен 95 мың доллар болады. Ол өзіне «неге?», «қалайша?» сынды сұрақтар қойып, ақшаның көптігіне қайран қалады.

«Екеуіміз отасардың алдында әжем бақытты отбасының құпиясын ашқан болатын. Бұл құпия менің күйеуіммен еш уақытта сөз таластырмауымнан құралған-ды. Ол саған ашуланған кезде үнсіз отырып бір қуыршақ тоқуымды айтқан», – дейді әйелі.

 

Күйеуі қорапта небәрі екі қуыршақ бар екенін көріп қатты қайран қалады. Некелескен 50 жыл ішінде ол өзіне екі рет қана ренжіген екен деп ойлайды. Қуанышы қойнына сыймаған күйеуі әйелін құшақтап, маңдайынан сүйіп тұрып: «Мына ақшалар қайдан пайда болған?» деп сұрайды. Сонды әйелі: «Оны қалған қуыршақтарды сату арқылы таптым» деген екен...

8924 рет оқылды