2016-12-26 (0) (6640)

Пайғамбарымыздың (ﷺ) Омар (р.а) туралы айтқандары

Пайғамбарымыздың  (ﷺ) Омар (р.а) туралы айтқандары

4-бөлім:

Пайғамбарымыздың  () Омар (р.а) туралы айтқандары

v «Кеңесте екеуің (Әбу Бәкір және Омар) бір іске келіскен болсаңдар, мен ешқашан қарсы болмаймын»;

v «Бұл екеуі (Әбу Бәкір мен Омар) Жәннат тұрғындарының  пайғамбарлар мен елшілерден басқа ең алғашқылары мен ең ақырғыларының ересек мырзалары...»;

v «Бұл екеуі (Әбу Бәкір мен Омар) құлақ пен көз»;

v «...Ей, Хаттабұлы! Жаным қолында болғанмен ант етемін, егер шайтан сені бір жолда жолықтырса, сенің жолыңнан басқаға түседі»;

v «Шындығында, шайтан Омардан аулақ жүреді»;

v «Шындығында, мен Омардан қашқан адамдардан болған және жындардан болған шайтандарды анық көремін»;

v «Үмметтерде илһәм берілген адамдар болған, егер менің үмметімде сондай бір адам болса, ол – Омар ибн әл-Хаттаб»;

v «Шындығында, Алла ақиқатты Омардың тілі мен жүрегінің арасына қойды»;

v «Егер менен кейін Пайғамбар болса, расында, ол Омар болар еді»;

v «Шындығында Алла Арафатта тұрғандармен жалпы мақтанса, Омармен жеке мақтанады»;

v «Үмметімнің ең мейірімдісі – Әбу Бәкір, ал Алланың дініндегі күштісі – Омар»;

v «Менен кейін Әбу Бәкірге және Омарға еріңдер»;

v «Шындығында, жоғары дәреже иелері, сендер, аспаннан жарқыраған жұлдыздарды қалай көрсеңдер, олар өздерінің үстеріндегісін солай көреді. Расында, Әбу Бәкір және Омар солардан...»;

v «...Омар – Жәннатта...».

v Пайғамбар (): «Бірде түсімде маған тырнақтарымның астынан дымқылы білінгенге дейін ішкен бір құмыра сүт әкеліп берілгенін көрдім, содан кейін мен оны Омар ибн әл-Хаттабқа бердім» деген. Адамдар: «Сен бұл түсті қалай жорыдың?» дегенде: «Бұл білім» деп жауап берді (Бұхари).

 

 

Сахабалардың Омар (р.а)  туралы айтқандары

*    Айша анамыз (р.а): Мен Алла Елшісі  () мен әкем жерленген бұрынғы үйіме оқта-текте келіп тұратынмын, Алламен ант етейін, онда Омарды жерлегеннен кейін одан ұялғанымнан қымтанып кіретін болдым» деген. Анамыз тағы бір сөзінде: «Омар еске алынған жиналыстар берекелі болады» деп айтқан.

*    Ъикрима (р.а): «Омар Ислам қабылдағанға дейін Ислам жасырын болды» деп айтқан.

*    Абдулла ибн Масғұд (р.а) былай дейді: «Хазіреті Омардың Ислам дінін қабылдауы – күш-қуат, Мәдинаға қоныс аударуы – көмек, ал әмірші болып сайлануы – мұсылмандар үшін Алланың бір сыйы мен рақымы болды. Омар мұсылман болғанға дейін біз Қағбаға барып намаз оқи алмайтын едік. Ол мұсылман болғаннан кейін Қағбада алаңсыз намаз оқуға қол жеткіздік». Сондай-ақ, ол: «...шындығында Омар біздің арамызда Алланың кітабын ең жақсы білетін және Алланың дінін ең жақсы білетін адам», «Омардың білімін таразының бір жағына, жер бетіндегі тірілердің ілімі таразының екінші жағына қойылса, Омардың ілімі басып кетер еді» деген болатын.

*    Әли ибн Әбу Талиб (р.а): «Бұл үмметтің пайғамбардан кейінгі қайырлысы –  Әбу Бәкір, Әбу Бәкірден кейінгі қайырлысы – Омар...» деген.

*    Әбу Бәкір (р.а): «Жер бетінде Омардан артық жақсы көретінім жоқ» деп айтқан.

*    Әбу Усама (р.а): «Әбу Бәкір мен Омардың кім екенін білесіңдер ме? Ол екеуі Исламның ата-анасы» деген.

*    Саъид ибн Зейд (р.а)  Омар (р.а)  қайтыс болғанда қатты жылады. Одан мұның себебі сұралғанда: «Мен исламды жоқтап жылаймын, өйткені, Омардың өлімі оны енді бұрынғы дәрежесіне қайта көтеріле алмайтындай етіп  түсірді» деп жауап берген.

*    Әбу Талха әл-Ансар (р.а) : «Алламен ант етейін, Омардың өлімінен кейін дін мен тіршіліктегі жетіспеушілік әрбір мұсылманның үйіне кірді».

*    Хузайфа ибн әл-Яман (р.а): «Ислам Омардың өліміне дейін жылжыған, ал, оның өлімінен кейін шегіне бастады және әлі күнге дейін шегініп келеді.

*    Омармен (р.а) көрші тұрған әл-Аббас Омардың (р.а) түндерде намазда тұрып, күндіз ораза тұтқанын және адамдардың ісімен айналысқанын, олардың арыздарын қарап, өтініштерін орындап, қажеттіліктерін өтегенін айтады.

 

*    Хасан әл-Басри (р.а): «Жиналыстарыңның берекелі болуын қаласаңдар, Омарды еске алыңдар»

6640 рет оқылды