06:05 | Қазақстан мешіттері
06:35 | Syrym Story

Желінген саусақ

Желінген саусақ

Мен өз түріме қарап, жағдайы менен нашар адам жоқ шығар деп ойлайтынмын. (Себебі ол басынан өзге ешбір жері қозғалмайтын мүгедек болатын). Бір жанашыр ағам маған: «Мен сені сенен де қиын жағдайда жатқан бір адамға алып барайын» – деді. Сөйтсем ол да денесін қозғалта алмайтын, жарымжан жан болып шықты. Оның үстіне есту мен сөйлеуден қалған екен.
Бір күні әлгі кісінің басынан кісі жылатарлық оқиға өтіпті. Бірде туыстары халін білуге кірсе киіміне жағылған қан байқайды. Жүзіне қараса жасы бұрқырап, егіліп жылап жатыр екен. Не болған деп тексеріп қараса, бір қолының қос саусағы ортан белден жоқ! Әлдекім пышақпен шорт кесіп алғандай! Сөйтсе ешкім жоқта тамақ іздеген тышқан екі саусақты кеміріп, бөліп алып кетіпті. Қимылсыз жатқан денені мәйіт секілді көріп, тірі адамды әбден басынған көрінеді. Мүгедек қатты ауырсынып, жаны қиналса да түк істей алмайды. Көмекке шақыруға да қауқарсыз. Қолынан бар келгені көз жасын үнсіз төгу ғана болған екен.
Осы оқиғаны естігеннен кейін көзімді жұмып, кеудемді кере терең дем алдым да: «Аллаға мыңда бір шүкір! Мыңда бір шүкір!» – дедім күбірлеп.
Біз сау денемізбен, балғадай аяқ-қолымызбен не атқарып жүрміз? Құлақпен еркін естіп, дауыстап сөйлей алудың қадірін білдік пе? Бір сәт ойланып көріп, шүкірлік етер нығмет емес пе?!

8043 рет оқылды