Бизнес 2016-10-13 (0) (17349)

БАЙЛЫҚ СҰРАЙТЫН ДҰҒАЛАР ТОПТАМАСЫ

БАЙЛЫҚ СҰРАЙТЫН ДҰҒАЛАР ТОПТАМАСЫ

 

 

 

1.     «Я, Алла! Сенің рахымыңнан үміт етемін. Мені бір мезетке болса да өз нәпсіме тастама, әрі менің барлық жұмыстарымды оңда, Сенен басқа құлшылыққа лайықты Құдай жоқ!»

«Аллаһуммә, рахмәтәкә әржу, фә лә тәкилни илә нәфси тарфәтә ‘айнин, уә аслих ли шә’ни кулләһу, лә иләһа иллә Әнта!» (Әбу Дәуд).

 

 

2.     «Сенен басқа құлшылыққа лайықты Құдай жоқ. Сен (кемшілік атаулыдан) Пәксің. Расында, мен (өзіме) зұлымдық жасаушылардан болдым»

«Лә иләһа иллә Әнта, субхәнәкә, инни қунту минә-з-золимин!» 

Бұл дұғаны Юнус пайғамбар (а.с) киттің ішінде отырғанда оқыған. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Осы дұғаны қай мүмін оқыса да, Алла Тағала оны қабыл етеді», - деген. (Тирмизи).

 

 

3.      «Я, Алла, мен үшін менің барлық ісімде маған қорған болатын дінімді реттеп бер (яғни дінді дұрыстап ұстағанға жердем бер), сондай-ақ мен өмір сүріп отырған осы дүниені реттеп бер (яғни осы дүниеде керектің бәрін маған халал етіп бер), сондай-ақ мен оған оралатын мәңгілік өмірді реттеп бер, сондай-ақ маған өмірімді тек игілік әкелетін еткіз, сондай-ақ мен үшін өлімімді барлық зұлымдықтан  құтылдырушы еткіз!»

«Аллаһумма, аслих ли дини алләзи һуа 'исмату амри, уә аслих ли дунйайа алләти фи-һа ма'аши, уә аслих ли ахырати алляти фи-һа ма'ади, уа-дж'али-ль-хайата зийадатан ли фи кулли хайрин, уа-дж'али-ль-маута рахатан ли мин кулли шаррин!» (Муслим)

 

 

4.     Әбу Умама (оған Алла разы болсын) былай дейді: «Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаға көптеген дұғалар жасайтын да, оларды біз есімізде сақтай алмайтынбыз, сосын бірде біз оған: «Я, Алланың елшісі, сен Аллаға көптеген дұға жасап, оларды біз есімізде сақтай алмадық!», - дедік. Бұнымызға Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Сендерге осының бәрін біріктіретінді үйретейін бе? Былай деңдер: «Я, Алла, мен Өзіңнен Сенің Пайғамбарың Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сұраған игілікті сұраймын және Өзіңнен Сенің Пайғамбарың Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), сыйынған барлық зұлымдығынан сыйынамын! Көмекті Өзіңнен ғана сұрау қажет, ал дұғаны қабыл етуді Өзің ғана шешесің және Алладан басқа ешкімде күш-қуат жоқ!»

«Аллаһумма, инни ас'алю-кә мин хайри ма са'аля-кә мин-һу набийу-кә Мухаммадун, салля-Ллаху 'аляй-һи уа салләма, уа а'узу би-кә мин шарри маста'аза мин-һу набийу-кә Мухаммадун, салля-Ллаху 'аляй-һи уа салләма! Уа Анта-ль-муста'ану, уа 'аляй-кә-ль-бәлағу уа ля хаулә уа лә қууәта иллә би-Лләһи!» (Тирмизи).

 

 

5.   «Я, Алла! Бізге бұл дүниенің де жақсылығын бере гөр, ақыреттің де жақсылығын бере гөр және бізді тозақ азабынан сақта»

"Аллаһума әтина фи-д-дуниә хәсәнә, уа фи-ль-әхирати хәсәнә, уа қина ғәзааб-ан-нәр" (Бұхари, Муслим)

 

 

6.      Бір кісі Хазіреті Әлиге (р.а) келіп қарызға батып, құтылуға шамасы келмей жатқанын айтып, мұңын шағады да, көмек сұрайды. Сонда ол кісі: «Мен саған бізге Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үйреткен сөздерді айтайын. Егер оларды айтсаң, қарызың Сир тауындай болса да, Алла оларды өтейді», - деп келесі сөздерді үйретеді:

 «Я, Алла! Мені халал еткен нәрселерің арқылы харам еткен нәрселеріңе жүгінуден сақтай гөр, әрі Өз кеңшілігіңмен мені Өзіңнен басқаларға  мұқтаж етпе!»

«Аллаһуммәкфини би хәләликә ъән хәромикә уә әғнини бифадликә ъәммән сиуәк». (Тирмизи)

 

7.     Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер әлдекімді уайым мен мазасыздық басатын болса, осы дұғаны айтсын. Сонда Алла оның уайымын кетіріп, орнын қуаныш пен шаттыққа ауыстырады», - деген:

 «Я, Алла, шын мәнінде, мен Сенің құлыңмын. Сенің құлың мен күңіңнің ұлымын. Менің тағдырым Сенің қолында. Сенің шешімің маған міндет әрі маған шығарған үкімің әділ. Саған тән болған барлық есімдеріңмен, Өзіңді атаған немесе Кітабыңда түсірген, немесе жаратылғандарыңның біріне үйреткен, немесе Өзіңнен басқаға құпия еткен барлық есімдеріңмен Өзіңе жалбарынамын: Құранды жүрегімнің көктемі, кеудемнің нұры, әрі мазасыздығым мен уайымымды әкетуші ете гөр!»

«Аллаһуммә, инни ‘абдукә, ибну ‘абдикә, ибну әмәтикә, нәсыйяти би-йәдикә, мәдын фийә хукмукә, ‘адлун фи-йә қадоукә, әс-әлукә би-кулли исмин һууә ләкә, сәммәйтә биһи нәфсәкә, әу әнзәлтәһу фи китәбикә, әу ‘алләмтәһу әхәдән мин халқикә, әу истә'сәртә биһи фи ‘илми-л-ғайби ‘индәкә, ән тәж’алә-л-Қур'әнә раби’а қалби, уә нура садри, уә жәлә-ә хузнии уә  зәһәбә һәмми!» (Ахмад).

 

 

Я, Раббымыз! Бізге байлық берсең, қайырлы қылып бергейсің!

17349 рет оқылды