13:40 | Құран уақыты
2016-08-19 (0) (7385)

ӘКЕСІН ТӘУБЕСІНЕ ТҮСІРГЕН МҮГЕДЕК БАЛА

ӘКЕСІН ТӘУБЕСІНЕ ТҮСІРГЕН МҮГЕДЕК БАЛА

 

Ол үнемі ішетін. Үйіне де, туған туыстарына да опасыз еді. Күнә жасамаса, көңілі көншімейтін. Алайда, оның әйелі Алладан ғана қорқатын салиқалы жан еді. Балаларын да Ислам нәрімен сусындатып, оларға дұрыс тәрбие беретін.

Бір күні әлгі адам кезекті күнәларын жасамаққа бекініп, тысқа шығуға ыңғайланып жатқанда мүгедек баласы қолынан тартып, әлденені ишарат еткендей болады. Баласының қарны ашып, жейтін бірдеңе сұрап тұрған болар деп ойлаған жігіт оның артынан ереді. Мылқау бала әкесіне суды көрсетіп, оған дәрет ал дегендей ым көрсетеді. Кейін қол-аяғы икемге келм

ей қисалаңдап жүрген қалпы оған намаз оқудың үлгісін көрсетіп, қайтала дегендей қолынан тартады. Баласының мұндай әрекетіне күле қараған әкесі іштей «Қайтсін енді, ақыл-есі кем мүгедек қой» дейді де, «Балам, намазды тек таза адамдар оқуы керек. Ал мен көп күнә жасаймын. Сен өзің оқи бер», - деп алдап-сулап үйден сытылып шығып кетуге ыңғайланады. Кенет бала сөредегі Құранды әкеліп, бір бетін ашады да, саусағымен әкесіне «Оқы» деп ишарат жасайды. Мына кереметті қараңыз! Бұл Ибраһим пайғамбардың (а.с) «Әй, әкешім, әкетайым менің!» деп өз әкесіне қатты жаны ашығандықтан, оны тура жолға, Аллаға ғана сенуге шақыратын «Мәриям» сүресінің 43,44,45- аяттары еді...

Көзі дәл сол аяттарға түскен әке буын-буыны дірілдеп, егіліп жылап жібереді. Бұл қалай? Мүгедек баламның қолдары неге дәл осы аяттарға түсті? Сөзсіз, бұл – тәубеге келген құлдарын кешіруден жалықпайтын мейірімді Алла Тағаланың балам арқылы жасаған ескертуі ғой!

Осыны түсінген әке мен бала қол ұстасып мешітке барады...

P/S: Жер бетінде мүгедек, кемтар болып туылған қаншама адам бар. Бірақ бұл олардың ақыл-есі жоқ, санасыз деген сөз емес. Керісінше олардың қайсарлығы мен табандылығынан көп адам өзіне үлгі алады, өмірін дүрыс бағытқа қарай бұрады.

«Сендер бір нәрсені үнатпағанмен, ол сендер үшін қайырлы болуы мүмкін. Ал сендер бір нәрсені жақсы көргенмен, ол сендер үшін жамандық болуы мүмкін. Алла біледі, сендер білмейсіңдер». («Бақара» сүресі, 216-аят)

 

 

7385 рет оқылды