20:50 | Бабалар сөзі-өсиет
20:50 | Бабалар сөзі-өсиет
2018-05-15 (0) (5360)

КҮЙЗЕЛІСТЕН ҚҰТЫЛУДЫҢ 10 ЖОЛЫ

КҮЙЗЕЛІСТЕН ҚҰТЫЛУДЫҢ 10 ЖОЛЫ

 

1.     Алланы есіңе ал. Басыңды жастыққа тигізгенде, оянғанда, жұмысқа шыққанда, үйге кіргенде – қандай жағдайда да Алланың есімін тіліңе тиек етуді ұмытпа.

Сен жүрегіңнің тыныштықта, жаныңның жайлылықта болғанын қалайсың. Алайда, бұл бақытқа жетудің өз жолдары бар. Шын мәнінде, жүрек өз Иесін тапқан кезде, Оны еске алған кезде ғана тыныштық тауып, орнығады. Бұл туралы Құранның «Рағыд» сүресінде: «...Біліңдер! Жүректер Алланың Еске салуымен (Құранмен) ғана тыныштық тауып, орнығады», - делінген.

2.     Егер жалғыздықтан жаның жабырқаса, серуенге шық. Қыдыр, таза ауа жұт. Саябақты арала.

3.     Достарыңмен кездес. «Іштегі кірді қашырса, адамның хикмет кеудесі» деп Абай айтқандай, оларға сырыңды айтып, іштегіні ақтаруға тырыс. Орайы келсе, кеңес сұра. 

4.     Маңызды іспен шұғылдан. Ойыңды бөліп, көңіліңді көтеретін сүйікті істеріңмен (хобби) айналыс.

5.     Басында сенікі секілді проблемасы бар адамдардың сыртынан оларға білдірмей дұға жаса. Себебі, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Мұсылманның мұсылманға жасаған дұғасы қабыл болады. Егер мұсылман өз бауыры үшін тілек тілесе, періштелер: «Әумин, Алла саған да соны нәсіп етсін» дейді», - деген. Ал періштелердің тілегі, сөз жоқ, міндетті түрде қабыл болады!

6.     Ауырған, қиналған адамдардың көңілін сұра. Себебі, бұл өз проблемаңның шешілу жолын жеңілдетеді. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Науқас бауырының көңілін таңертең сұрап барған кез-келген мұсылман үшін жетпіс мың періште кешке дейін Алладан оның күнәларының кешірілуін сұрап, ол үшін дұға жасайды, ал егер ол науқас бауырының көңілін кешке сұрап барса, онда жетпіс мың періште таң атқанша  Алладан оның күнәларының кешірілуін сұрайды және Жәннатта оған жемістер дайындалады», - деген. (Тирмизи) 

7.     Бала-шағаңды құшақта, иіске. Оларды ойнат. 

8.     Өзіңнен жағдайы әлдеқайда төмен адамдарды есіңе ал. Солар туралы роликтер мен бейнежазбаларды көр. Егер бір көзің жарақаттанып қалса, екі көзі бірдей зағип болған адамдарға қара. 

9.     Аллаға жалбарын. Одан ғана жәрдем сұра. Оған тәуекел ет! Қиындыққа ұшыраған адамның тілектерін Алла Тағала міндетті түрде қабыл ететінін ұмытпа. Ілгергі ғұламалар басына қайғы келсе, екі себеппен қуанатын болған екен. Бірі – «Алланың назарынан тыс емеспін» деп, екіншісі – «дұғасы қабыл болатын адамның жағдайындамын» деп. Ендеше, сенің тілегің мен Алланың арасында перде болмайтынын есіңнен шығармағайсың.

10.                       Соңғы әрі маңызды кеңес мынадай: қандай жағдай болмасын, жер бетінде Алла шеше алмайтын проблема жоқ! Ибраһим пайғамбарды (а.с) оттың ішінен, Мұсаны (а.с) теңізді жарып жіберіп, әлемдегі ең қанішер адам перғауыннан құтқарған, Жүніс пайғамбарды (а.с) киттің ішінен алып шыққан Алла Тағалаға сенің болмашы проблемаңды шешіп беру қиын деп ойлайсың ба? Әрине, жоқ! Ендеше, қайғырма! Барлығының уақытша екенін есіңнен шығарма. 

 

 

5360 рет оқылды