17:45 | Құран уақыты
Отбасы 2019-07-10 (0) (16772)

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТЫ ПАЙДАЛЫ ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТЫ  ПАЙДАЛЫ ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН  КЕҢЕСТЕР


(АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА)

 

Қас қағым сәттешілде айы да келіп жетті.  Жаз мезгілі – балалардыңасыға күтетін мерейлі маусымы. Жаз маусымы басталысымен оқушы қауымның арманына арқау болатын демалыс орындары да есіктерін айқара ашады. Осы уақытта «Баламның демалысын қалай ұйымдастырғаным дұрыс? Қайтсем балам үшін тиімді болмақ? Балам үш ай бойы теледидар мен компьютердің алдына жіпсіз байланып отырмауы үшін не істеуім керек?» деген секілді сұрақтардың туындайтыны анық. Осы сұрақтардың жауабы ретінде, психологтардың кеңесін назарларыңызға ұсынамыз.

 

БАЛАҢЫЗДЫҢ ЖАЗҒЫ  ДЕМАЛЫСЫН ТИІМДІ ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР

 

Күнделікті сабақтар артта қалып, осы уақытты балғындар барынша қызықты әрі көңілді өткізуді армандайды. Егер, сізде түрлі демалыс орындарына немесе лагерге жіберу мүмкіндігі болса тіпті керемет. Баланы сыртқа шығарудың реті келмеген жағдайда, жазғы демалысты үйде өткізуге тура келеді. Сырт көзге көңілсіз көрінгенмен, артықшылықтарыда баршылық.

1) Уақытты тиімді әрі үнемді пайдалану үшін ең алдымен бәрін ретімен жоспарлап алыңыз.

2) Мейілінше баланы теледидар мен компьютерді шексіз пайдалануына жол бермеу қажет. Арнайы зерттеулерге сүйенер болсақ, 7-12 жас аралығындағы балаларға компьютерді күніне 20 минут қолдануға болады. 12 жастан жоғары болған балалар жарты сағат көлемінде ғана қолдануына рұқсат етіледі.

3) Кітаптар оқуға баулып көріңіз. Қызығына бір түссе,  күзге дейін талай кітаптарды оқып шығуы және әрімен қарай кітап оқуды тұрақты түрде жақсы әдетке айналтырары ғажап емес.

4)Ескеретін тағы бір жайт, қазіргі уақытта қалалық, аудандық, ауылдық мешіттерде жасөспірім балаларға діни сауат ашу курстары жүргізіледі. Ол кәдімгі жазғы лагерь есебінде ұйымдастырылады. Алдын-ала жазылып сол курстарға берсеңіз, балаңыз ата-ананы сыйлауды, әдепті болуды, өтірік айтпауды, адал болуды үйренеді. Құран оқуды, қарапайым ислам, иман шарттарын білетін болады.

5) Аптасына бір-екі рет баратын тілдік курстарға беру де артықтық етпейді.

6) Сонымен қатар, өзіне ұнайтын хоббиімен айналысуына мүмкіндік беріңіз.

7) Спорттық секцияларға, клубтарға жазылуына жағдай жасаңыз.

8)Сенбі-жексенбі күндері отбасымен бірге саябақтарға, табиғат аясына барып тұруға тырысу керек. Бұл отбасындағы бірлік-берекесінің артуына, балалар мен ересектер арасында түсіністік орнауына септігін тигізеді.

9) Бала күн санап өседі, сондықтан, күн сайын пайдалы білім беруге тырысыңыз. Баланы бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттап, үйретіңіз.                              

10) Егер, бала күн сайын ересектердің қадағалауынсыз үйде жалғыз қалатын болса, онымен ертеңгі күннің жоспарын жасап, немен айналысатынын талқылаңыздар.

11) Дене және ақыл-ой қызметін тынықтыратын, қарым - қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалғаны абзал. Балалардың шынығу – шыңдалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.

12) Балаңыз таңғы ас, түскі ас, кешкі асты өз уақытымен ішуін, уақтылы ұйықтап, оянуына мән беріңіз. Сабақ оқып жүрген күндердегі сияқты, бәрі де бір қалыпты болғаны жөн.

13) Оқу жылында игере алмай қалған сабақтарын қайталап оқып, меңгеріп алуына көмектесіңіз.

14) Келесі жылғы оқу жылына қамданып қойсаңыздар да артықтық етпейді. Алдын ала келесі сыныбының кітаптарын алып, көз жүгіртіп алса, алдағы уақытта сабақты тез игеруіне көмектеседі.

15) Балаңызбен бір мәселені талқылап, үлкендер сияқты ақылдасып, көңіл бөліңіз. Бұл, олардың ой-өрісінің дұрыс жетіліуіне, болашақта өз бетімен шешім қабылдауына, өзіне сенімді азамат болып жетілуіне зор ықпал етеді.

 

Кейбір бала жазғы демалысын түрлі ізденулермен болашағына пайдалы болатындай нәрселерді меңгеріп, үйреніп мәнді өткізсе,өкінішке орай, кейбірі текке өткізіп алады. Ал, бұлардың бәріне мән беріп, қадағалап отырар болсаңыз, оң нәтижесін берері белгілі.Балаңыз жазғы демалысты тек демалу, ойнау, қыдыру үшін асыға күтеді деп ойламаңыз, сонымен қатар, ата-анасы мен әңгіме айтып, қасында көбірек болуды қалайды.  Мейілінше балаға көңіл бөліп, уақыттарыңызды бірге өткізуге тырысыңыз.

 

 

16772 рет оқылды