10:35 | Ем болсын
10:45 | Жұма уағызы
2017-01-26 (0) (9126)

БАҚЫТТЫ ӘЙЕЛГЕ АРНАЛҒАН ҚАРАПАЙЫМ ҚАҒИДАЛАР

БАҚЫТТЫ ӘЙЕЛГЕ АРНАЛҒАН ҚАРАПАЙЫМ ҚАҒИДАЛАР

 

Мінездің құбылмалылығы әр адамда болады. Сондықтан екі жақтың бірі ай сайын бір ашуланып, әр нәрсеге көңілі толмаса, оны сөгудің орынан не мазалайтыны жайлы сөйлесіп, түсінуге тырысыңыз. 

 

Ер адам үшін теледидардан спорттық бағдарламалар көру спортпен шұғылданумен бірдей. Ол спорттық бағдарлама көріп жатқан кезде кедергі жасап, мазаламауға тырысыңыз.

 

Бау-бақша отырғызу, оның күтімі, үйдің тазалығы, ыдыс жуу – мұның барлығы фитнес емес. Бұл отбасының әр мүшесінің міндеті екенін естен шығармаңыз. 

 

Ер адамдарға ішіңіздегіні тұспалдамай, тура жеткізген дұрыс.

 

Егер жұбайлардың бірі апта ішінде айтқан сөзін ұмытып кетсе, кінәлаудың қажеті жоқ. Оның әдейі ұмытпағаны анық.

 

Егер еріңіздің ұсақ-түйек кемшіліктері бола қалса, ол жайлы күнде айтып, есіне сала берудің қажеті жоқ. Ол сіз айтпасаңыз да біледі.

 

Мынаған назар аударыңыз, ең бірінші кезекте, күйеуіңіздің өзіңізге ұнамайтын қасиеттерін, барлық нәрсесін кешіріңіз. 

 

Күйеуіңіздің тапқан табысына қанағат етіңіз. Осы кезге дейін ақша үшін айырылысып кеткен отбасы қаншама?!

 

Күйеуге мынандай сөздер сөйлеу тиімсіз: «Сен аз  табыс табасың, сондықтан мен бұл шешімді өзім шешуім керек, ердің рөлін өзім атқаратын болдым» деп айтуды қойыңыз.

 

Егер жұбайыңыздың айтқан сөзі екіұшты болса, бірден жаман ойға берілмеңіз. Жақсы жағын қабылдаңыз. Жұбайыңыз – дұшпан емес, өмірлік досыңыз.

 

Бір-біріңіздің әр іс-әрекетіңізге есерту жасап, қалай дұрыс істеу керек екенін үйретуге тырыспаңыз. Балалық жастан өткендеріңізді ұмытпаңыз.

 

Кейде жалғыз қалып, ойға шому керек. Бұл ретте сүйіктіңізге бөгет болмаңыз.

 

Егер «Не болды?» деген сұрағыңызға «Ештеңе» деп жауап берсе, демек бәрінің бірқалыпты болғаны. Сұрағыңызға басқа жауап алу мақсатында одан сайын сауал жаудыра түсіп, жүйкесіне тимегеніңіз абзал.

 

Өзгелер үшін емес, ұдайы сүйіктіңіз үшін әдемі болып жүруге күш салыңыз.

 

Бір-біріңізге жиі сыйлық жасап тұрыңыздар. Сыйлық адамдарды жақындатады.

 

Үйде болған әңгімені, оқиғаны сыртқа тасудың қажеті жоқ. Сіздің отбасыңызда болған жай –сіздің ғана құпияңыз.

 

Жұбайыңыздың өзіңізге деген қарым-қатынасы қандай болғанын қаласаңыз, өзіңіз де сол талаптарға жауап беруге тырысып бағыңыз.

 

Бір-біріңізге адал болыңыздар. Әрине, айналада келбеті көз тартар сұлу әйелдер мен еркектер көп. Бірақ өзіңіз қарсы жынысқа сүзіліп қарағанда, жұбайыңыздың дәл осындай әрекеті сізді ренжітер ме еді? Мұны да ойлап қою қажет. Жұбайыңыздан көргіңіз, күткіңіз келмейтін әрекеттен өзіңіз де аулақ болыңыз.

 

►Сонымен өзіңіз туралы және өз өміріңіз туралы  ойланып, өзіңізге былай сұрақ қойыңыз: «Ал мен қандай әйелмін?«Қандай әйел болғым келеді? Күйеуімді қандай қылып көргім келеді және оның маған қатынасы қандай болғанын қалаймын?» Осы сұрақтарға іштей жауап беріп, іске асыру арқылы сіз әлемдегі бақытты әйелге айналасыз!!!

9126 рет оқылды