Ғибратты насихат!!!

Ғибратты насихат!!!

Ибраһим (а.с) пайғамбар ретінде жіберілген кезде ел ішінде пұтқа табынушылық кең етек алған болатын. Адамдар әр нәрсенің құдайы бар деп есептейтін. Мәселен соғыстың құдайы, береке әкелетін құдай, махаббат құдайы, егіннің құдайы, отбасының құдайы т.б. Хз. Ибраһим пайғамбар оларға пұттардың ес-түссіз, жай ғана мелшиген меңіреу тастар екендігін, Жаратушы бола алмайтындығын шырылдап қанша айтса да оларды көндіре қою аса қиын шаруа еді. Өйткені олар ылғи да қарсы дау айтудан жалықпайтын. Сондықтан да болар Хз. Ибраһим (а.с.) олардың саналарына сәуле бітіріп, шел басқан көңілдерін ояту мақсатында ғибратты бір іс істеуді ұйғарды. Бір күні қала халқы түгелімен мереке қарсаңында қаланың тысына шыққан болатын. Қағбаға кірген Хз. Ибраһим (а.с.) пұт атаулының бәрін балтамен қиратып, балтаны іштеріндегі ең үлкен соғыс құдайының мойнына іліп қойды. Мерекеден қайтып келген халық әлгіндегідей ойран-асыр жағдайды көріп жағаларын ұстасты. "Қап құдайларды қараусыз тастап кеткен өзімізде оңбаймыз"- десті біреулер. Кейбірі: «Біздің Құдайларымызға бұндай сұмдықты кім істеді? Сірә, бізге зұлымдық ойлаған біреу болар»,- дей бастады. Кенет бір кісі: «Ибраһим деген бір жігіт осы жайында кейінгі кезде сөз етіп жүрген»,- деді." Олай болса, оны дереу алдымызға әкеліңдер. Куәлік етсін!"-деді халық жамыраса. Ел: "Әй, Ибраһим! Біздің құдайларымызға бұны істеген сен бе?"-деп сұрады. Ибраһим (а.с.) ой салмақ ниетпен: "Мүмкін ол істі иығына балта асынған анабір ең үлкені жасаған болар?.. Сөйлей алса, өзінен сұрап көрсеңдер?"- деп жауап берді. Олар Хазіреті Ибраһимге қарап: "Сен бұлардың сөйлей алмайтындығын білесің ғой",- деді. Ибраһим (а.с.): "Олай болса, тіл қатуға да шамасы келмейтін, ешкімге не пайдасы не зияны жоқ бұндай меңіреу тастарға, ағаштарға,сүйектерге қалай табынасыңдар? Аллаһты тастап, сезімсіз тасқа табынып кеткен сендер оңбассыңдар! Кішкене ақылмен ойласаңдар қайтеді?"- деп шыр-пыры шықты. (Әнбия сүресі 63 аят, Соффат сүресі 89-99 аяттардың тәпсірі)
Ия, біздің қоғамда да кей адамдар құдай деп атамаса да, тек Алладан ғана үміт етуге тиіс нәрселерді адамнан төмен ағаштан, сүйектер мен тастардан үміт етіп жатуы Алланың ашуын туғызатын ең ауыр күнә екенін ұмытпаған жөн!!!

9110 рет оқылды