Бизнес 2015-08-19 (0) (172627)

Байлық, береке, ризық несібе сұрайтын дұғалар топтамасы

Байлық, береке, ризық несібе сұрайтын дұғалар топтамасы

 

Алла Тағала «Бақара» сүресінің 186-аятында: «Егер де сенен (Мұхаммед) құлдарым Мен туралы сұраса, Мен оларға жақынмын. Менен сұраушының сұрағанын беремін. Ендеше Менің әмірімді орындасын және Маған сенсін. Мүмкін олар дұрыс жолға түсер» деген.

Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла Тағала Ұялшақ

әрі Жомарт. Ол құлының созған қолдарын құр қай таруға ұялады», – деп айтқан (Әбу Дауд, Тирмизи). Келесі бір хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Бір мұсылман Алладан

күнәсіз күйде және ағайынмен араздаспастан дұға тілесе, Аллаһ оған үш нәрсенің бірін береді: сұрағанын береді немесе оны Қиямет күніне қалдырып қояды немесе сұрағанына тең келетін жамандықтан сақтайды», – деген.

Сонда сахабалар: «Олай болса дұғаны көбейтейік», – депті. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла одан да көп береді», – деп жауап берген (Тирмизи, Ахмад).

Олай болса, әр-Роззақ (Ризықты мол етіп беруші), әр-Роозиқ (Ризық беруші) болған Бір Алла Тағаладан ғана байлық, береке, ризық-несібе сұрайық. Ал төменде қабыл болу мүмкіндігі жоғары сүннетте келген дұғаларды топтастырдық. 

 

 1.     «Я, Алла! Мені кешіре гөр, маған рақым ете гөр, мені тура жолға бастай гөр, мені Өзің оңдап, маған есендік бер. Маған ризық-несібе бер, әрі мені жоғары (дәрежеге) көтер».

«Аллаһуммә-ғфир ли, уәрхамни, уәһдини, уәжбурни, уа’афини, уәрзуқни, уәрфә-’ни».

 

 2. Ибн Масғұд (оған Алла разы болсын ) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп жиі айтатынын естіген:

«Я, Алла, расында, мен Сенен Сенің басшылығыңды, тақуалықты, (күнәдан жаман қылықтардан) пәктікті және байлықты сұраймын». (Муслим)

(Аллаһумма, инни асәалюкаль-Һуда, уа туқа, уаль-ъафафа уальғина)

 

3.     «Я, Алла! Расында, мен Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе әрі (өз құзырында) қабыл болатын амал сұраймын!»

«Аллаһуммә, инни әс-әлукә ‘илмән нәфи’ан, уә ризқан тай-ибән, уә ‘амәлән мутәқаббәлән!»

 

4.     Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір адам ислам дінін қабылдаса, әрқашан дұрыстап намаз оқуды үйрететін және мына дұғаны айтуды талап ететін болған.  «Иә Алла, кешір мені, маған рахым ет, сондай-ақ мені тура жолға шығар, сондай-ақ маған ризық бер!»

/Аллаһумма, ғфир ли, уа-рхам-ни, уа-хди-ни, уа 'афи-ни уа-рзуқ-ни!» (Муслим).

 

 5. Бірде Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір бәдәуи келіп: «Маған мен қайталап отыратын сөздер үйретші», - деп сұрады, сонда ол оған: «Былай де: «Алладан басқа Құдай жоқ, Оның серігі жоқ, Алла Ұлы, Бүкіл Әлемнің Раббы Аллаға көп мақтаулар, Алла пәк! Құдіретті, Дана Алланың күш-қутына жететін ешкім жоқ!» 

/Лә иләһә слла-Ллаһу уахдаһу лә шәрикә ләһу, Аллаһу Акбар кабиран, Уәл-хамда ли-Ллаһи кәсирән уә сухана-Ллаһи, Роббиль ъаламина! Уә лә хәулә уә лә қуата иллә би-Лләһил-ъАзизиль-Хкими!/, - деді. 

Бәдәуи: «Бұл – менің Раббым үшін, ал мен үшін ше?», - деді. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Былай де: «Я, Алла, кешір мені, маған рақымшылық ет және мені дұрыс жолға алып шық, сондай-ақ маған өмір сүретін ризық бер!» /Аллаһумма, - ғфирли, уархамни, уахдини, уарзуқни!/, - де» деген(Муслим).

 

6.     Я, Алла! Сенен мен (осы) дүние және ақыретте жарылқау мен есен-амандықты тілеймін. Я, Алла! Сенен мен дінімде, тұрмыс-тіршілігімде, отбасым мен мал-мүлкімде жарылқау мен есен-амандық тілеймін.Я, Алла! Менің әбүйірімді Өзің бүркеп қойғайсың, мені қорықыныштан аман еткейсің. Уа, Алла! Мені алды-артымнан, оң жақ-сол жағымнан және төбемнен де Өзің сақтағайсың! Сондай-ақ кенеттен қиянатқа ұшырап, өліп кетуден Өз ұлылығыңнан пана сұраймын.

 

«Аллаһумма инни әс-әлукәл-ьафуа уәл-ьафиәтә фид-дунйа уәл-әхираһ. Аллаһумма инни әс-әлукәл-ъафуа уәл-ъафиәтә: фи дини уә дунйа-йа уә әһли, уә мәли. Аллаһуммас-тур ъаурати уә әмин рауъати Аллаһуммах-фазни мин бәйни йәдәййа уә мин халфи, уә ъан йәмини уә ъан шимәли, уә мин фәуқи, уә әъузу биъазамәтикә ән уғтәлә мин тәхти».

 

7.     Я, Алла! Тәніме саулық бер! Я, Алла! Естуіме саулық бер! Я, Алла! Жанарыма саулық бер! Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Я, Алла! Мен күпірлік пен жоқшылықтан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сондай-ақ қабір азабынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сенен басқа ешбір құдай жоқ.

 

«Аллаһумма ъафини фи бәдәни, Аллаһум-мә ъафини фи сәмъи, Аллаһумма ъафини фи бәсари, лә иләһә иллә әнт. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-куфри уәл-фәқри, уә әъузу бикә мин ъазәбил-қабри, лә иләһә иллә әнт».

 

8.     Я, Алла! Расында мен уайым-қайғыдан,әлсіздіктен, жалқаулықтан, сараңдықтан, қорқақтықтан, қарызға батудан әрі адамдардың басымшылығынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын.

«Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-һәмми уәл-хәзәни, уәл-ъажзи уәл-кәсәли, уәл-бухли уәл-жубни, уә даләъид-дәйни уә ғаләбәтир-рижәл».

 

9.     Я, Алла! Мен Сенен мінез-құлықтың, амалдардың, нәпсі-қалауларының және дерттердің жаманынан пана сұраймын. Я, Алла! Мен Сенен қарызға батудан, адамдардың өктемдігі және дұшпандардың табалауынан пана сұраймын.

 

«Аллаһумма инни әъузу бикә мин мункәратил-әхләқи уәл-аъмәли уәл-әһуә-и уәл-әдуә. Уә әъузу бикә мин ғаләбәтид-дәйни уә қаһрир-рижәли, уә шәмәтәтил-әъдә».

 

10.  Я, Алла! Шынайы иман, иманды көркем мінез, артынан бақыт ілескен табыс, Сенен келетін мейірім және жарылқау, кешірім және разылығыңды сұраймын.

 

«Аллаһумма инни әс-әлукә сиххатән фи имәни, уә имәнән фи хусни хулуқин, уә нәжәхән йәтбәъуһу фәләхун, рахмәтән минкә уә ъафиәтән минкә, уә мәғфиратән уә ридуәнә».

 

11. Я, Алла! Көбейте гөр, кемітпе, сыйлы қыл да, бейшара қылма, бере гөр де, тыя көрме, бізді таңда да, құр қалдырма. Уа, Алла! Барлық істерімнің соңын жақсарт. Дүние қорлығынан және ақырет азабынан құтқар.

 

«Аллаһумма зиднә уә лә тәнқуснә, уә әкримнә уә лә туһиннә, уә аътыйнә уә лә тәхримнә, уә әсирнә уә лә ту-әссир ъаләйнә. Аллаһумма әхсин ъақибәтәнә фил-умури куллиһә, уә әжирнә мин хизид-дуния уә ъазәбил-әхира».

 

12.  Я, Алла! Менің дінімді дұрыс, үйімді кең, ризығымды берекелі қылғайсың. Уа, Алла! Қатыгездіктен, бейқамдықтан, қорлықтан және кедейліктен Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Уа, Алла! Кәпірліктен, пасықтықтан, мақтаншақ- тықтан, сұмғадан және риядан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Уа, Алла! Керең, сақау, алапес болуымнан және жаман аурулардан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын.

 

«Аллаһумма әслих ли дини уә уәссиъ ли дәри, уә бәрик ли фи ризқи. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-қасуати уәл-ғафләти уәз-зулләти уәл-мәскәнәти, уә әъузу бикә минәл-куфри, уәл-фусуқи уәш шиқақи уәс-сумъати уәр-рия-и уә әъузу бикә минәс-сумми уәл-букми уәл-жузәми уә сәи-йил-әсқам».

 

13. Я, Алла! Бізге Өзің кешірмеген бірде-бір күнәні, жасырмаған бірде-бір айыпты,айықтырмаған бірде-бір уайымды, өтемеген бірде-бір қарызды, Өзің разы болып, бізге дүние-ақыретте пайда болатын қажеттіліктердің бірде-бір қажетін қалдырмағайсың. Уа, мейірімділердің Мейірімдісі!

 «Аллаһумма лә тәдәъ ләнә зәнбән иллә ғафартәһ. Уә лә ъайбән иллә сәтәртәһ. Уә лә һәммән иллә фәрражтәһ. Уә лә дәйнән иллә қадайтәһ. Уә лә хәжәтән мин хәуә-ижид-дуния уәл-әхира һиә ләкә ридан уә ләнә фиһә саләхун иллә қадайтәһә йә әрхамәр-рахимин».

 

 14. Қонақтың тамақ иесіне айтатын дұғасы

«Я, Алла! Оларға берген ризық-несібеңді берекелі ет, оларды Өзің жарылқа, әрі Өзің рақым ете гөр!»

«Аллаһуммә, бәрик ләһум фи-мә разәқтә-һум, уәғфир ләһум, уәрхам-һум!"

 

Дұға көбірек қабыл болатын уақыттар:

1. Түн ортасы.

2. Парыз намаздан кейін.

3. Азан мен қаматтың арасында.

4. Түннің соңғы үштен бірінде.

5. Азан айтылған кезде.

6. Жаңбыр жауған мезгілде.

7. Жұма күнінің соңғы сағатында.

8. Зәмзәм суын ішкенде.

9. Сәждеде.

10. Мұсылманның мұсылманға тілеген дұғасы.

11. Арафа күні оқылған дұға.

12. Алланы еске алуға жиналған мұсылман-

дардың жиынында оқылған дұға.

13. Әкенің ұл және ұлдың әкесі үшін жасаған

дұғасы.

14. Жолаушының дұғасы.

15. Ізгі баланың ата-анасы үшін жасаған дұғасы.

16. Дәрет алғаннан кейінгі айтылатын Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен дұғалардың бірі.

17. Минадағы кіші және ортаңғы жамараттарға тас лақтырудан кейін.

18. Қағбаның ішінде оқылған дұға, Хижр Қағбаның бір шеті болғандықтан Оның іші де Қағбаның іші болып есептеледі. Сондықтан Хижрдің ішінде дұға жасаған адам Қағбаның ішінде дұға жасаған болып саналады.

19. Сафа мен Мәруада оқылған дұға.

20. Муздалифада (Машғар әл-харамда) оқылған дұға.

172627 рет оқылды