2016-08-05 (38) (1100)
post

МӘСКЕУДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРАН КОНКУРСЫ ӨТЕДІ

Мәскеудің Crocus city hall концерт залында 25 қыркүйекте халықаралық Құран оқу конкурсы өтеді.


Биылғы конкурста әлемнің 40-тан аса елінен Құранды үздік оқушылар он жетінші рет бас қосады. Конкурсқа қатысушылар Тилауат (Құранды көркем, дұрыс оқу) номинациясы бойынша жарысқа түседі.

Айта кетер жайт, аталмыш конкурсқа Меккеден арнайы әл-Харам мешітінің имамы қонаққа шақырылып отыр. Шараның құрметті қонақтарына фойеде арнайы бағдарлама ұйымдастырылып, Шығыс базары көрмесі көрсетіледі, сондай-ақ, Ислам өнері бойынша шеберлік сабақтары да өтеді.

Сонымен қатар, конкурсқа билет алған адамдардың лотереяға қатысып, Ұмра қажылығына жолдама ұтып алу мүмкіндігі бар. 

 

www.e-islam.kz

1101 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !


*