14:10 | Өлең-сөздің патшасы
14:20 | Автопортрет
2020-04-01 (0) (8648)
post

«Коронавирусқа қарсы арақ-шарап ішудің түк пайдасы жоқ» – Жақсылық Досқалиев

Жақсылық Досқалиев коронавирустан қалай қорғануға болатынын айтты.

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жақсылық Досқалиевтің айтуынша, ішімдік пен зімбір, қара зере майының коронавируспен күресте еш пайдасы жоқ.

«Бұл – алыпқашпа әңгіме. Қазір адамдар сенгіш, аңқау келеді. Кейбіреу жалған ақпарат таратып, саудасын жүргізуді көздейді. Зімбір бағасының 10 мың теңгеге дейін көтеру ешкімнің ойына келмейтін дүние. Ең дұрысы, адам карантинде болғаны жөн. Өзін оқшаулап отырса, одан артық сақтық жоқ», – дейді Досқалиев.

КТК арнасына берген сұхбатында профессор Досқалиевтың айтуынша, иммунитетті көтерудің жалғыз жолы –  уақытында дұрыс тамақтану.

 

«Жалпы зімбір мен қара зере майының адам иммунитетін кішкене көтеретін қасиеті бар. Алайда ол күнде уақытылы ішкен тамақтан артық емес. Көкөніс, бал, еттен артық иммунитет көтеретін ештеңе жоқ. Ет жегеннен иммунитет артады. Адамның табиғатына жаратылған тағамдарды жеу керек. Адамның ағзасы сыртқы микробтарға қарсы тұру үшін қалыптасқан», – дейді профессор.

Досқалиев иммунитетті арақ-шараппен көтеру дегенді бос әңгіме екенін айтты. Ішімдіктің инфекциямен күресте еш пайдасы жоқ. Ол керісінше иммунитетті әлсіретеді, шектен тыс ішімдік ішу бауырдың зақымдануына алып келеді.

Айта кетейік, бұған дейін кардиолог-дәрігер Дәуренбек Нысанов Қойдың етін жеп, сорпасын ішсе, коронавирусқа шалдыққан науқас аман қалатынын айтқан болатын.

 

https://aikyn.kz

8649 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !