12:20 | Хадис уақыты
12:30 | Ем болсын
12:35 | Сүбелі сөз (на русском языке)
0000-00-00 (0) (4950)
post

ПРЕЗИДЕНТ РАМАЗАН АЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рамазан айының басталуымен құттықтады.

«Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы үшін рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі. Рамазан айында әрдайым ырыс пен ынтымақ, ізгілік пен мейірім салтанат құрады. Отыз күн Оразада мұқтаж жандарды қолдап, қайырымдылық көрсету игі дәстүрге айналды.

Өкінішке қарай, биылғы Рамазан айы төтенше жағдай кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан жамағатты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын орындауға, індетке қарсы күресте бірлік пен жауапкершілік танытуға шақырамын. 

Біз, Қазақстан халқы, қанымызға сіңген қадір-қасиеттің арқасында кез-келген сынақтан абыроймен өтеміз деп сенемін. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

akorda.kz

4951 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !