12:20 | Хадис уақыты
12:35 | Қазақ білсін
2016-05-25 (38) (1406)
post

Қағбаға 7 млн қажы келеді

Рамазан айында Мекке мен Мәдина қалаларына 7 млн қажы келеді. Ұмра қажыларының алғашқы легі қазіргі уақытта Джидда мен Мәдина әуежайларына келіп жетті.

Сауд Арабиясы Қажы және ұмра министрлігі өкілі Мохаммад Беджави биыл ең көп қажы Египет елінен – 1,2 млн адам, Пәкістан екінші орында – 918 063 адам, Индонезия – үшінші орында, 655 163 адам келетінін мәлімдеді.

Мұнан кейін Үндістан – 436 000, Түркия – 439 000, Иордания – 343 000, Алжир – 313 000, Малайзия – 211 000, Ирак – 183 000, Ұлыбритания – 77 000 және өзге елдерден – 695 000 виза берілген. 

Қажылар көлемінің көбеюіне байланысты Сауд Арабиясы бақылау басқармасы қызметіне қосымша 5 000 адам жұмылдырмақ. Басқарма әл-Харам мешіті мен Пайғамбар мешітіне зәмзам суы бөтелкелерін жеткізуді қамтамасыз етеді. 

 

e-islam.kz

1407 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !


*