2016-03-25 (0) (4079)
post

ЖИЫРМА МЫҢ ХАФИЗ ЖИЫЛДЫ

Малайзия премьер-министрі Наджиб Тун Разақ жиырма мыңнан аса хафиз студентті жиып, мәжілісте тұңғыш рет ауқымды басқосу өткізді.

Шара Куала-Лумпурлегі орталық мешітте өтіп, үкімет басшысы студенттермен бірге кешкі намазды оқыды.

Аталмыш жиынға доктор Зулкифли Мохамад әл-Бакри мен Құран хафиздері Ассоциациясының төрағасы Захид Махмұд қатысты.

Құрамында жиырма мың шамасында Құран жаттаған студенті бар Малайзия хафиздер Ассоциациясы осыған дейінгі өткен шара барысында үкімет басшысының жарлығымен тіркелген болатын.

Ал осындай ауқымды мәжіліске шақырылған танымал меймандар қатарында Кейптауннан Салим Габи қари, Дурал Улум Закария атты есімі көпке белгілі хафиздер бар. 

4080 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !