10:35 | Ем болсын
10:45 | Пайғамбарлар қисасы
2020-11-07 (0) (222)
post

"Асыл арнаның" болашағы және жаңадан ашылатын "Talim TV" телеарнасы жайлы

Бүгін елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйытқы болуымен өткен брифингте "Асыл арна" телеарнасының Бас директоры, белгілі қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабек "Асыл арнаның" болашағы және жаңадан ашылатын "Talim TV" телеарнасы жайлы журналистер сауалдарына жауап берді.

"Діни ақпараттардың бір бұлақтан ғана таралғаны маңызды. Сондықтан ҚМДБ-на қарасты «Халық арна» телеарнасы ашылып жатқандықтан, бұл саланы өз мамандарына беремін. "Халық арна" телеарнасына, оның директоры Нұржан Дарқұловқа сәттілік тілеп, "Асыл арнаның" діни контентін және ата дінімізді заман талабына сай, телевизиялық нұсқада насихаттау дейтін ауыр аманатты табыстаймын.
Осы уақытқа дейін біздің өте үлкен аудиториямыз қалыптасты, миллиондаған тұрақты көрермендеріміз бар. Олардың алаңдауына еш себеп жоқ. Себебі, алда отбасылық құндылықтарды, адамгершілік, моральдық этиканы, елбасы мұрасын насихаттайтын рухани-танымдық бағыттағы "Тalim TV" арнасы көрерменге жол тартады", - деді ол өз сөзінде.

Жиында сөз алған наиб мүфти Ершат Оңғаров "Talim TV" арнасын құру туралы бұл шешімді ҚМДБ мен Ғұламалар кеңесі атынан кемеңгерлік деп бағалады. Мүфтият жұмысын насихаттаудағы "Асыл арна" еңбегіне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыс етті.

Естеріңізге сала кетейік, жаңадан ашылатын "Тalim TV” телеарнасы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз жұмысын бастамақ.


 

223 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !


*