06:35 | Үшінші мегаполис
2016-03-18 (0) (3987)
post

Түркиядағы ең үлкен мешіт ашылады (ФОТО)

Түркияның Стамбул қаласында елдегі ең үлкен мешіттің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Жоспар бойынша түрік елінің ең үлкен құлшылық ордасы биылғы жылы 1 шілдеге сәйкес келетін Қадір түнінде ашылуы тиіс.

Чамлыджа деген атау берілген бұл мешітті Стамбул қаласының кез келген жерінен көруге болады. Аумағы 15 000 шаршы метрді құрайтын мешіт мұнаралары алыстан көз тартады. Биіктігі – 107 метр. Ал, ғимараттың төбесінде 70 күмбез орналасатын болады.
Түркиядағы ең ірі ислам орталығы бес намаз залынан, кітапхана мен конференц залдардан, ислам тарихы мен мәдениетіне арналған өнер галереясынан тұратын болады. Алып мешіттің тағы бір артықшылығы Стамбул қаласынан ана басынан бұл жерге арнайы аспалы жол арқылы тез келуге мүмкіндік қарастырылған.

3988 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !