07:10 | Иман шуағы
07:50 | Жұма мүбәрак
2016-03-18 (0) (3178)
post

МҰҚТАЖДАРҒА ТЕГІН ТАУАР ТАРАТАДЫ

Махачқала супермаркеттерінің бірінде ерекше сауда қызметі іске қосылды.

«Эхнатон» дүкені әр күн сайын әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға қажетті азық-түлік, тауарларды тегін ұсынады.  Ал ізгі іске үн қосамын деушілер арнайы әзірленген сөрелердегі азық өнімдерінің көбеюіне атсалыса алады.

Аталмыш акция супермаркет басшылығы мен «Инсан» қайырымдылық қорының бастамасымен қолға алынған екен. Азық сөрелерінде «Мына сөрелерден қажетті затыңызды алуыңызға болады. Сондай-ақ, өзгеге қол созып, үлес қоссаңыз да болады. Пайдалы іске үн қосқаныңызға рахмет» деп жазылған.

e-islam.kz

3179 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !