17:15 | Хадис уақыты
17:35 | Ем болсын
17:45 | Құран уақыты
2019-06-20 (0) (5528)
post

"ЖАС ҚАРИ" ТЕЛЕСАЙЫСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ (ФОТО)

Екі күнге созылған "Жас қари" Құран телесайысының ақтық кезеңі өз мәресіне жетті. 
3-орынды 3 бала еншілеп, әрқайсысына 50 мың теңге көлемінде сый берілді. 2-орын алған 2 шәкіртке 100 мың теңгеден, 1 орын алған жеңімпазға 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді. Қалған 18 шәкірттің әрқайсысы сыйлықтан құр қалған жоқ. Барлығына жүйрік велосипедтер сыйға тартылды.
Жеңімпаздарға "Bio Hayat" компаниясының арнайы өкілі Ринат Әділұлы, Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек Шоқай, наиб мүфти Алау Әділбаев жүлделерді табыстады. "Жас қари" сайысы осымен бітпейді. Алдағы уақытта жаңа шәкірттермен өз жалғасын табады. Сондықтан балаларыңызға Алланың сөзі болған Құранды үйретіңіздер, қалғанын Құран өзі үйретеді!
Ал бұл жобаның толық нұсқасын алдағы уақытта телеарнамыздан көре аласыздар!

 

 

 

 

 

 

5529 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !