2016-02-10 (0) (4877)
post

Мешіт – жамағатымен көрікті (ФОТО)

Мешіт – Алланың жердегі үйі, әлемдегі халықтың ең көп құлшылық жасайтын орны. Қасиетті Құранда: «Алланың мешіттерін шынымен Аллаға және ақырет күніне сенген, намазды толық өтеген, зекет берген, тек қана Алладан қорыққан адамдар ғана ұстайды. Міне, солардың тура жол табушылардан болуы үміт етіледі», - дейді («Тәубе» сүресі, 18-аят).

Алматы қаласы, Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітінің Бас имамы Дәуренбеков Орынбасар қажының бастамасымен мешіт жанынан жамағатының саны артуына орай  арнайы 500 адамдық шатыр (бастырма) салынды.  

Шатыр 2015 жылдың жаз айында басталып, 2016 жылдың қаңтар айында жамағат игілігіне берілді. Мешіт жанашырларымен және мешіт жамағатының демеушілігімен салынған шатыр жылы едімен жамағаттың қолайлы намаз оқуына жағдай жасалды. Жаны жайсаң жандардың көмегімен ішіне жайнамаз төселінді.

Сонымен қатар, мешіт жанындағы медресеге де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Көктем мауысымында медресеге шәкірттер қабылдау жоспарланып отыр.

Жамағат ғибадат үйінің кеңейтілгеніне қуанып, мешітке ағылуда.

Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітінің баспасөз қызметі

muftyat.kz

4878 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !