2016-02-04 (0) (3864)
post

ҮНЕМДІ ҰМРАҒА ЖОЛ АШЫЛДЫ

Қырым мұсылмандарына 19-28 ақпан аралығында кіші қажылық парызын «Эконом» бағдарламасы бойынша өтеуге жол ашылды. Бұл туралы Қырым мен Севастополь Мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш бағдарлама бойынша қажылық құны 1 200 долларды құрайды. Мұның ішіне виза рәсімдеу, ұшу құны, Мекке мен Мәдинада тұру, Сауд Арабиясында орыс тілді топ жетекшілерінің қызметі, 5 литр Зәм-зам суы кіреді.

«Ұшу Мәскеу әуежайы арқылы орындалады. Қажылық мерзімі – 10 күн. Қажылар Мекке мен Мәдинадағы қасиетті жерлерді аралайды. Тиісті құжаттар Қырым мен Севастополь Мұсылмандары діни басқармасына өткізіледі» делінген мүфтият хабарламасында. 

3865 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !