2016-02-04 (38) (1733)
post

АСТАНА ИМАМДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы ел руханиятына үлес қосып жүрген Астана имамдарын алғыс хатпен марапаттады.

Шараға ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай Тағанұлы, Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев және бөлім меңгерушілері қатысты.

Діни басқарманың республикалық және халықаралық деңгейдегі жұмыстарына тоқталып өткен бас мүфти елорда имамдарын ынтымақ-бірлікке шақырды.

«Ең әуелі өз араларыңызда бауырмалдықты күшейтіңіздер. Жамағат сіздерден үлгі алатын болады. Ұйымшыл болыңыздар. Сонда жұмыс нәтижелі болады. Астана имамдары өзге өңірдегі дін қызметкерлеріне үлгі болуы тиіс. Өйткені, Елорда – еліміздің бас қаласы. Аллаға шүкір, біз өткен жылы жақсы жұмыс нәтижесін көрсеттік. Діни басқарманың әрбір жетістігінде сіздердің үлестеріңіз көп. Сіздерге шынайы алғысымды білдерімін» деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Бас мүфти кездесу соңында 2015 жылы діни қызмет барысында белсенділігімен көпішілікке үлгі болған имамдарға алғыс хат табыстады. 

e-islam.kz

1734 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !


*