2017-03-13 (0) (4429)
post

«Сергелдең» фильмі көрерменімен қауышты (ФОТО, ВИДЕО)

 

Алматы қаласы «Cinema Towers 3D» кинотеатрында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің арнайы тапсырысы бойынша «Асыл арна» телеарнасы түсірген толық метражды «Сергелдең» фильмнің арнайы көрсетілімі өтті.Терорризм мен экстремизмнің алдын алуға, ұлттық болмысымызға қайшы рухани дерттердің бет-пердесін ашуға бағытталған көркем фильмге көрермен көптеп жиналды. Фильмнің кейбір эпизодтарына бірге күлді, кейбір тұстарында бірге мұңайды.

Екі сағатқа жуық көрермен көз алмай көрген фильмнен соң жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабеков, «Жас өркен» ЖШС бас директоры, қаламгер Жүсіпбек Қорғасбек, «Қазығұрт» баспасының директоры, ақын Темірғали Көпбаев, «Ақиқат» журналының бас редакторы, ақын Аманхан Әлім және мемлекет қайраткерлері Асылы Осман, Амалбек Тшанов, тарихғылымдарының докторы Талас Омарбеков, профессор Айгүл Ісмәқова сынды белгілі азаматтар картина жайлы ой-пікірлерін айтты.Фильмде басты рөлдерді ойнаған: Алмат Сақатов, Мақсат Сәбитов, Сафуан Шаймерденов, Әйгерім Сәбитова, Әлия Даниярова, Әсет Есжан сынды актерлер де алғашқы көрсетілімнің құрметті қонағы болды. Жиналған қауым фильмнен соң өткір юморға құрылған салмақты тақырыптың фильм барысында сәтті берілген тұстарын тілге тиек етіп, шеберлігімен тәнті еткен фильм актерлеріне алғыстарын айтты. 

– Бұл фильм дәл уақытында түсірілген. Бізге қазір осындай туындылар көбірек кажет. «Асыл арнаның» осындай тың туындылар жасауға деген ұмтылысы қуантады. «Сергелдең» – қазақ кино тарихындағы осы бағыттағы алғашқы туынды, – десті жиналған зиялы қауым.

Алдағы уақытта «Сергелдең» фильмі «Асыл арна» телеарнасының эфиріненкөрсетіледі.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4430 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !