Алкогольді ішімдіктерді қоғамдық орындар мен қала көшелерінде ішуге болмайды. «Сондай-ақ спиртті ішімдіктерді стадионда және оның айналасында сатуға, таратуға тыйым салынады. Чемпионат кезінде Катар өзінің сан ғасырлық дәстүрі мен заңдарын аяқасты ете алмайды» деп атап өтті Катардағы Футбол чемпионаты-2022 ұйымдастыру комитеті бас хатшысы Хасан әл-Тавади.
Алдын ала хабар бойынша, алкогольге тыйым толықтай салынбайды. Жекелеген кейбір қонақүйлерде қолдануға рұқсат етілген.
e-islam.kz