19:20 | Парламент тынысы
19:40 | Өлең-сөздің патшасы
19:50 | Хадис уақыты
19:40 | Шам түбіндегі ертегі
19:50 | Хадис уақыты
2016-10-27 (0) (7557)
post

Шымкент қаласында 8000 орындық жаңа мешіттің құрылысы жүріп жатыр. (ФОТО)

 

Шымкент қаласында 8000 орындық жаңа мешіттің құрылысы жүріп жатыр. Жаңа ғибадат орны қаланың Нұрсат шағын ауданында орналасқан. Құрылыстың жалпы көлемі 12,0058 Га-ны құрайды. Ғимараттың көлемі – 25626,0 м2, жабық аймақтың көлемі – 25626,0м2, бос аймақтың көлемі – 47369,6м2, ал, паркингтың жалпы жер көлемі 218,8х58,8м-ды құрайды. Мешіттің биіктігі 4,8 метрды құрайды. Сондай-ақ, жаңа мешіт қаланың орталық, әкімшілік аймағында орналасқан.

Құрылысшылардың айтуынша осы қаланың орталығы құбыла бағытына сәйкес келгендіктен жаңа мешіт Шымкент қаласының орталығынан бой көтерген. Сондай-ақ, бұл ғимаратта конгресс-холл, неке қию сарайы, медресе, кітапхана мен асхана, фитнес орталық орналасады деп жоспарланған. 

Мешіттің ортасында  михраб орналасқан. Және жаздық алаң орналасқан, онда мешітке сыймай қалған 2200 жамағат намаз оқу мүмкіндігіне ие болады.

Мешіттің құрылысы мәрмәр таспен тұрғызылған. Жалпы сапасы жоғары деңдейде деп бағаланған Алланың үйі жақын күндері қала тұрғындарына қолданысқа беріледі деп күтілуде. 

 

 

 

 

 


7558 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !