2016-09-26 (38) (1327)
post

БАС МҮФТИ «АСЫЛ АРНА» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖУРНАЛИСТЕРІН МАРАПАТТАДЫ!

Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қажылық миссиясының мүшелерін қабылдады. Жылдағы дәстүр бойынша Миссия құрамында үйлестіру, қадағалау, уағыз-насихат, дәрігерлер және БАҚ  өкілдерінен тұратын барлығы 55 адам қызмет көрсетті. Жиын барысында ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан Малғажыұлы бірнеше тікелей эфирлер мен сюжеттер, бейнероликтер дайындаған «Асыл арна» телеарнасының ұжымына өз ризашылығын білдірді. Кездесу барысында өзге де БАҚ өкілдерімен бірге «Асыл арна» телеарнасының журналисі Нұрболат Қуанышбекұлы мен оператор Манат Ешбай арнайы алғыс хатпен марапатталды. «Қажылық маусымында белсенді қызметіңіз бен жемісті жұмыстарыңыз үшін сізге айрықша алғысымды білдіремін. Сауапты һәм салауатты істеріңізге Алла Тағала береке бергей! Болашақта да күш-қуатыңызды дін жолындағы ізгі жұмыстарға жұмсай беретініңізге сенімдімін», - делінген алғыс хатта. 


 

 

 

 

 

 

 

1328 рет оқылды

Пікіріңізбен бөлісіңіз !


*